529
отырған сөзі де осы ойға меңзейді. Әрине бұл қолжазбаның ең
алғаш қандай жазумен жазылғандығына байланысты. Ал енді,
«Хат білгеннің бәрі бірдей түсінбес» деген мәселенің екінші бір
жағы бар болуы да мүмкін: шынына келгенде, бұл кітап (дастан)
анау-мынау сауаты бар кез келген кісінің ә дегеннен түйсініп,
игеріп алып кете қоятындай дүниесі емес. Ондай оқушы поэманың
мәнерлі сөз кестесі мен ішкі (астарлы) мазмұн тереңдігіне, ой
ырғағының үйлесе келіп түзілетін жарасымды үдебарасына жету
үшін барынша соған назар аударып, аса бір ыждаһатты байыппен
оқыса керек-ті. Жеңіл-желпі шығармаларды оқып үйренген кісіге
бұл еңбектің ірілік ететіні де рас! Білікті парасат пен үлкен талап
керек. Сонымен бірге бұл туынды – ақыл-білім деңгейін талап
ететін тек көркем әдебиет шығармасы ғана емес, жоғары дәрежелі
ғылыми еңбек. Автордың бұл кітапты
«Әке улына мирас еткен
асырып, Өзі оқыған жұрттан надан жасырып» деген сөзінде
үлкен философиялық-танымдық мән бар (14-бәйіт).
18. «Құтадғұ біліктің» мұнда келтіріліп отырған басқа түрлі
аттары қара сөзбен жазылған алдыңғы мәтінде дәлірек беріледі.
Бұл төменде аталатын бес түрлі атаулар бір ғана кітаптың аты
болмаса керек, олар әртүрлі шығармаларының
аттары болған
сияқты. А.Н.Кононовтың айтуы бойынша, олар жанрлық жағынан
өзара ұқсас болған, оның үстіне олар ел ішіне көп тарап, аты
шығып кеткен шығармалардың қатарына жатады. «Құтадғу білік»
солардың бірі болғанға ұқсайды. Бұдан басқа тарихта «Шаһнама»
ғана белгілі, басқалары туралы тұжырымды мәліметтер жоқ.
Ретіне қарай олардың түрікше аттары мынадай: «Адабул мүлүк»
(Шыңда), «Анийсул мамалик» (Машында), «Зийнатул умара»
(Шығыс елінде), «Шаһнама» (Иранда).
19.
«Мұның жері құт орнаған ел еді» дегенде автордың туған
жері туралы айтылып отыр (57–бәйіт). «Құтадғу біліктің» басқа
көшірмелерінде «
Мұның жері құз орда...» деп көрсетілген.
Құз
орда – Баласағұн қаласының екінші аты (ол қала туралы жоғарыда
айтылды). М.Қашқари
орду «Баласағұн жанындағы бір шаһар.
Соған
байланысты Баласағұнды Құз Орду деп те атайды» деп
көрсетеді (М.Қошғарий. Туркий сузлар девони, I том, Ташкент,
1960, 145-б. С.М.Мутталибов
аударып, баспаға дайындаған).
Қырғызстандағы Тоқмақ қаласының батыс өңірінде орналасқан
болса керек.