Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Тарау. Кітап иесі Жүсіп Ұлық Хажиб өзіне кеңес береді



Pdf көрінісі
бет113/136
Дата23.03.2024
өлшемі1.36 Mb.
#496319
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   136
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

Тарау. Кітап иесі Жүсіп Ұлық Хажиб өзіне кеңес береді
Шығатын білім үйрен өзің төрге,
Жарасар берік болған білімді ерге!*
Білімсіз жүрек пен тіл нені атқарар,
Білім бұл су сияқты әркез жарар.
Біле бер қанша білсең, тағы тіле,
Жетерсің мақсатына біле-біле*.
«Білем!» – деп мақтанғандар осыларды,
Тобына білімсіздер қосылады.
Тұңғиық білім – теңіз, жоқ қой шегі,
Тауысып оны болмас, сірә, тегі.
Білімің өз басыңды қорғап, ақтар,
Білмеген өз-өзіңен қорғалақтар.


523
6375. Кісі бол, білім біліп – биік боп өт,
Бөлініп, я мал боп – күйік боп өт.
Көп ойлап, білімді жүр ұрып шарқ,
Білімсіз бос кұледі қарқ-қарқ.
Тұсалдың ой-тұсаумен, дана міскін,
Надандар кісенделсе – бұрай түскін!
Мына мен создым қолды білім тілеп,
Тізбектеп сөзді сөзге тіміскілеп.
Тағыдай тауда ойнаған түрікше сөз*
Ұсталып, қолға үйреніп кетті бұл кез.
6380. Үйреттім, сылап-сипап еркелеттім,
Жем берсем үркіп жүрді – еңбек еттім.
Іздедім сөздің майын, сырын ашып,
Тізіліп келді сөздер жұпар шашып.
Сөйледім әділ, тура ашығынан,
Шыдайды зерек ердің басы бұған.
Болмасын оқушыға ауыр, артық,
Сұраймын пәк кешірім, бұл да – шарт, ұқ!
Сөз деме тура сөзден басқаларын,
Бөліпті ақ, қара қып баста бәрін.
6385. Төрт жүз алпыс екі жыл танымды деп*,
Бұ сөзді жазып едім жанымды жеп.
Сөз таңдап, сараладым, жидым, тердім,
Он сегіз айда түгел жазып бердім.
Сөз бітті – бәйшешектей теріп едім,
Аңқытып хош иісін өріп едім.


524
Сөзді кім тауыса алар тілге басып,
Сөз – бұлақ ағатұғын тынбай тасып.
Ей, Жүсіп, керек сөзді асырып шық,
Қор қылар керексізін жасырып тық!
6390. Көп айттың – сөз шырыны ерімесін,
Жел сөзден көңіл қалай жерімесін!
Сенімсіз, жапалы өмір кетер, келер,
Ойшылды «әрі тұр!» – деп, итермелер!
Ұстадың өмір кілтін берік енді,
Тістеніп, көрсет көңіл жерігенді.
Сенбегін Дүниеге, көп те сенбе,
Жалбарын Жаратқанға көп десең де!
Көп халық бұ Жалғаннан болған ғайып,
Небір ер тура жолдан кеткен тайып.
6395. Жасанып, сен бе күлер өле жаздап, –
Оны қой, тартқаның жөн қайғыны аздап. 
Қанша бек әлем билеп, әлек етті,
Мөлдіреп екі көзі өліп кетті.
Жігіттік босқа кетті, күнім, бекін,
Тіршілік таусыларда зарлап өкін.
Қанша мың жасасаң да – ажал арсыз,
Жисаңыз бар байлықты қажаларсыз.
Сыйындым, саған Алла, өзің сақта,
Оятып құр ұйқыдан болашақта.
6400. Ұятсыз құлың едім күнәмды елер,
Жақсылық белгі беріп, сенен келер.


525
Мен жаздым, сенен қаштым іштен тынып,
Сыйынып келдім бүгін жалбарынып.
Сорлы бас, неменеге сенер кезім,
Сүйендің не нәрсеге, екі көзім?
Өзіңді түзеп, тура жолға салғын,
Төрінен екі Жалған орын алғын!
Мен едім қуаныштан құр қалған да, –
Жүрудің керегі жоқ бұ Жалғанда.
6405. Тілді тый, нәпсі, ұйқыны сығымдап ал,
Көзді жұм, құлағыңды тығындап ал.
Ей, Алла, момындарды ая бастан,
Түгелдей жарылқа бір аямастан!
Сәлем айт пайғамбарға мыңдап-мыңдап, 
Сәлем айт төрт досына мені тыңдап!*
«Құтадғу» кітабы тарихтың сегіз жүз қырық үшінші жылында, 
қой жылының наурыз айында, Ғиратта [жазылып] бітті.


526


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет