Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


«Бисмиллаџи–р–рахмани–р–рахим!» деген бөлім бойынша



Pdf көрінісі
бет119/136
Дата23.03.2024
өлшемі1.36 Mb.
#496319
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   136
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

«Бисмиллаџи–р–рахмани–р–рахим!» деген бөлім бойынша
5. Баят – Құдайдың көп аттарының бірі (көне түркі тілінде). 
«...мұсылмандардың ең мықты деген ғұламалары Алланың 999 
есімін ғана біледі, мыңда бір есімнің ішінде аса ұлық болып 
есептелінетіні – жүзде бір. Олардан біз білмейтін екі есімді 
шегерсек – 99. Таспиқтың тастарының саны 99 болатындығы 
сондықтан» (Б.Сағындықұлы. Ғаламның ғажайып сырлары. 1997, 
27). 
7. О баста сен болдың, бола бересің деген тіркес «ең әуелі Сен 
жаралдың, сонан соң бүкіл дүниені Сен жараттың, сонымен 
жаратылыстың басы мен аяғы Сенсің» деген ұғымды береді 
[түп нұсқада: Қамуг ашнуда – Сен, сен өңдүн, кедін «Сен барлық 
алғашқы (жаратылғандардың) алдысың, алды да, соңы да Сенсің» 
деп жазылған].


539
14. Екі өмірді бір өзіне қаратқан – автор «екі өмір» деп осы 
жалған мен о жалғанды айтып отыр, бұл – адамның тәні өлгенмен, 
жаны өлмейді, ол о дүниеде де (не пейіште, не тозақта) өмір сүре 
береді деген ойдан туған тұжырым.
36. Етті құрбан әкесі мен анасын деген сөз тіркесі мынаған 
байланысты айтылып отыр: Мұхаммед Пайғамбар әкесі мен 
шешесін «үмбетім» деп есептемеген. Мұхаммед һижраның 570 
ж. 29 қарашада Меккеде, Қағбаның түбінде тұратын шешесі 
Әминаның үйінде туған әкесі Абдоллахтан іштей жетім қалған 
(кейде туғаннан кейін екі айлығында жетім қалған деп те айтады). 
Алты айға толғанда Халима деген әйелдің тәрбиесіне берілген. 
Үш-төрт жасында анасының қолына қайтып келген. Алты 
жасында анасы қайтыс болып, атасы (әкесінің әкесі) Абд аль-
Мутталибтің қолында өскен. Ол кісі қайтыс болар алдында үлкен 
баласын, Абу Табибті шақырып алып, сегіз жасар Мұхаммедті 
соған тапсырады. Он жасынан бастап ағасына қолғабыс жасап, 
Мұхаммед одан әрі жетіліп кетеді (632 ж. көкекте қайтыс болған).
Есейе келе Мұхаммед бір жорықтан Мәдинеге қайтып келе 
жатып, жолдағы («Әл-Абве» деген) ауылда жатқан шешесінің 
басына барады (ол кісі мұсылман діні шықпай тұрған кезде 
қайтыс болғандықтан, дінсіз адам болып саналатын). Сонда 
пайғамбар жылап тұрып: «Шешемнің басына келуге Құдай 
рұқсат етті, бірақ Құран оқуға рұқсат бермеді» – дейді, ол туралы 
айтылатын аңыздарда. 
Мұхаммед, шынында, анасын ұмытпаған, бірақ үмбетім деп 
санамаған. Әкесі Шамнан (Сириядан) Меккеге керуен тартып 
қайтып келе жатып, жолда қайтыс болған, қайда жерленгені 
белгісіз, бірақ Мұхаммед үшін ол да үмбет емес қой. Мұхаммедтің 
өмірі туралы жазылған еңбектер де осы айтылғандармен 
мазмұндас: В.Ирвинг. Жизнь Мұхаммеда. Москва, 1857: Алматы, 
1990. В.Ф.Панова, Ю.Б.Вахтин. Жизнь Мухаммеда //Москва, 1990 
(бұл еңбек «Наука и религия» журналында да басылды, 1985-1986 
ж). Н.Новожилов. Память пророка, повесть. //»Наука и религия», 
1985, № 6, 7, 8 т.б. XIV ғасырдың ескі түркі тілінде жазылған 
ескерткіші Рабғузидің «Қисса-ул анбийа» деген кітабында 
«Хазіреті Мұхаммед Әлейһиссаламның уақиғаларының баяны» 
деген бөлім бар (38–қисса). Ол 18 тақырыптан құралған. Хазіретті 


540
Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өмірі мен қызметі туралы бірсыпыра 
материалдарды содан алуға болады.
44. Бар пайғамбар соңғысы еді, жасы еді деген жол 
түпнұсқада «Кейін барлық пайғамбарларға тамға болды» деп 
берілген. Мұхаммедтің «пайғамбарлар тамғасы» деген аты 
«пайғамбарлардың ең соңғысы еді» деген мағына береді. Ислам 
дүниесі оны ең ұлы және ең соңғы пайғамбар еді деп таниды. 
Көне Түркі тілінде тамға сөзі екі түрлі мағына береді: 1) печать, 
отпечаток; 2) знак (магический). Бұл жердегі тамға осы екінші 
мағынада «кереметтің белгісі, нышаны, ишарасы» ретінде 
жұмсалып тұр.
49. Екеуінің алған қызын, батасын: Мұхаммед – Әбу Бәкір 
(Айша) мен Омардың (Хафиза) күйеу баласы. Екеуіне қызын 
берген атасы: Мұхаммед Әлінің (Фатима), Оспанның (Руқия) 
қайын атасы.
50. Атық (ар, құтқарүшы) – Әбу Бәкірдің лақаб аты. Мұхаммед 
тайпасының (қураиштердің) ішінде Әбу Бәкір бірінші болып ислам 
дінін қабылдаған (басқа рудан ең алғаш мұсылман болғандар – 
пайғамбардың бірінші әйелі Қадиша, асырап алған баласы Зәйіт, 
10 жасар немересі Әлі). Алғашқы
аты Абдаллаһ, жұрт оны 
Атық (ар, асыл тұқымды) деп атап кеткен. Оның «Исламның 
ұяты (иманы)» деген де аты бар. Мұхаммед қайтыс болған соң, 
оның орнын басып, халиф» болған.
52. Фаруқ (Жақсы мен жаманның парқын білетін адам деген сөз) 
– Омардың лақаб аты. Ол – Мұхаммедтің қас жауы Абу Жаһилдің 
немересі, мұсылмандарды қатты қудалаған, Пайғамбарды 
өлтірмек болған, бірақ кейін ислам дініне кіріп, Мұхаммедтің 
ең жақын достарының бірі болған, пайғамбардың ағасы (Абд әл-
Мутталибтің баласы) Хамзамен бірге оның екі қолтығынан алып 
жүретін болған. Олардың көмегімен Мұхаммед үлкен–үлкен 
жеңістерге жеткен.
53. Шариғаттың бет-пердесін көтерген дейтін себебі – Омар 
ислам дінінің аса зор қорғаушысы және оның қағидаларын реттеп 
таратушысы болған, осы жолда күш- жігерін аямай, ылғи да 
бақылап отырған.
55. Екі қызын Расулдың алыпты. Оспан ибн әл-Аффан бірінші 
әйелі (Руқия – Мұхаммедтің қызы) өлген соң атасының тағы бір 
қызына (Үмм Қотумға) үйленген.


541
56. Мұхаммедті асырап алып, өсірген ағасы Абу Талип – 
көп баласын баға алмай ашығып отырғанда, ағайындары оның 
тұрмысын жеңілдету үшін, бірқатар балаларын асырап алған. Әлі 
соған байланысты жеті жасынан бастап Мұхаммедтің қолында 
өскен.
58. Жауларының азабына төзеді: Мұңдағы жаулары деген сөз 
«кафир мұнафиқ» деп берілген. Мұхаммед Меккеден Мәдинеге 
қашып келгенде, онымен бірге келгендер «мухаджирлер», 
оны қолдаушы жергілікті адамдар «ансарлар» (нееториандар 
– христиандар) деп аталған. Пайғамбар көп уақыт кәпірлермен 
қатты күресіп, үлкен жәбір көрген, оларды өзі «мунафиқун» (екі 
жүзді сатқын, опасыз) деп атап кеткен.
59. Нағыз өмір – бұл төртеуі жүрген жер. Әңгіме Мұхаммедтің 
жоғарыда көрсетілген төрт серігі (сахабалары) туралы болып 
отыр. Ол ҚБ-те төрт таду деп жазылған. «Древнетюркский 
словарь»-да (Л., 1969) бұл екі сөз былай деп аударылған: төрт 
таду «четыре элемента природы»: «бу төрт таду еш меңе төрт 
таду тег турур/түзілсе таду чын тірігліг болур» эти четыре 
сподвижника для меня подобный четырем элементам природы; / 
когда они сочетаются, возникает настоящая жизнь.
65. Ол Амалға һүттен барар ауысып: «Күннің жолы һүт 
жұлдызынан Көкекке (Алла жұлдызына) ауысады» дегенді 
айтып отыр автор. Күнтізбе терминдері жайында төменіректе сөз 
болады.
79. «Көрмедің бе бу қағанның өң-түсін?’’. Бұл жерде қаған деп 
Қарахан әулеттерінің билеушілеріне берілетін атақ-дәреже, титул 
алған адам туралы айтылып отыр.
91. Бектерінен жұрттың Үнді, Рұмдай: түпнұсқада «қайсыбірі 
– Үнді раджасынан, қайсыбірі (Рұм) қайсарынан» деп келеді 
(«Қайу райи һинди, қайу қайсари»). Райи (санскритше раджа – 
патша) – Индия князьдерінің лауазымы: қайсар (немісше, кайзер) 
 962-1806 ж. дәуірлеп тұрған «Әулие Рум империясын» билеген 
императорлардың лауазымы. А.Егеубаев аудармасында бұл бәйіт 
бір емес, екі рет аударылған. «Шартараптан келді бектің құстары, 
Үнді, Румнан, елдерден бек тысқары және «Келді аспаннан күллі 
ғалам құстары, Бірі – хинди райы, бірі – қайсары». 


542
Осыған орай аудармашы «Хинди райы, Қайсар – екеуі де жыл 
құстарының түрлері» – деген «түсінік» берген (жоғарыда аталған 
кітап, 608-бет). Әрине бұл – қате түсінік. 
95. Біреу ханға түтшүк беріп ол тұрды... Мұндағы түтшүк 
(түтсүк) онда хош иісті шылымның бір түрі. (Оны темекі 
сияқты тартады). 
119 ...Берсін Аллах Лұқпан Әздің өз жасын! Равғузидің Қисса-
ул-әнбийа» деген еңбегінде (XIV ғ.) «Хазірет Лұһман... Құдай 
тағалаға көп тағат ғибадат қылғандықтан 3500 жыл өмір сүрді» 
– деп жазылған [26–қисса].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет