Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Патшаның Өгдүлмішке [қойған] сауалы



Pdf көрінісі
бет43/136
Дата23.03.2024
өлшемі1.36 Mb.
#496319
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   136
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

Патшаның Өгдүлмішке [қойған] сауалы
Айтты патша: «Тура бір сөз бастадың,
Керегі –- осы, ешбір жаза баспадың.
Саған тағы бір сөзім бар арнаған,
Соның сырын ашық айтып бер маған.
Төрт құбыла тең боп тұрса бегінде,
Уәзірі қандай болад, тегінде?
Қазына, мал – қолыңа алып бұл істі,
Көркейтсе бір ел мен қала, ұлысты.
2145. Ел жарылқап, әділетті түйсінсе,
Көңлі толып қол-әскері сүйсінсе.
Ел тыныш боп, қорғаса елдің мақсатын,
Ел шығарса өз бегінің жақсы атын?» 
Тарау. Бектерге уәзір болатын кісі қандай болу 
керектігі жайында айтады
Өгдүлміш айтты: «Патшам, сенің үшін, 
Уәзір берер әр кез қолдың ұшын.


187
Керек қой жақсы уәзір шәксіз анық,
Жан – тыныш, бекте сонда ұйқы қанық.
Уәзір көтереді бектің жүгін,
Негізін нығайтады қоймай түгін.
2150. Уәзір - таңдаулы ердің бір сарасы,
Жарасқан ақыл, жүрек, көз қарасы.
Ақылы – өте терең, білім – теңіз, 
Бітірер барлық істі батыр деңіз.
Өзі – әділ, жолы да адал, ойы – зерек, 
Әр күні туралықпен өту керек.
Ұлы іске ердің ері болсын ұлық, 
Һәм керек айрықша бір мінез-құлық.
Керек қой терең білім, парасаты,
Таза боп, ойлай білсе – жарасады.
2155. Ұрығы зерделінің езгі болар,
Нәсібі қайда жүрсе, соңда толар.
Болсын ел дін иесі, ақжолтайлы, 
Ақтайтын жұрт сенімін, елге оңтайлы.
Кісіде ақжүректен артқан бар ма,
Ем табар мұң-қасірет тартқандарға.
Ақжолтай сақ жүреді өзін біліп, 
Жаманнан қашар, істің көзін біліп.
Қолы ұзын уәзірдің бектен кейін,
Ұстайды іс пен сөздің бек деңгейін.
2160. Болады тексіз кісі арам ойлы,
Болуға ол уәзір жарамайды.


188
Тегінде текті кісі опа қылар,
Тексіздің ісі түгел – жапа болар.
Көп білген кісі, тыңда, бүй дейді екен, 
Жөн білген ел мен жұртты билейді екен:
«Текті кісі – көзі таза біліктің,
Жаяр құшақ жұртын сүйе біліп тым.
Жапа қылар бұ тексіздер опасыз, –
«Берсең шекер майын қосып жіліктің!
2165. Тоқмейіл, ұятты адам – көп өнеге, 
Ұятсыз керек дейсің неменеге!
Көзі тоқ сұқтанбайды, бір таймайды, 
Жалмаса ашкөз елді бір тоймайды.
Кісінің ең абзалы – ұятты жан, 
Шығады ер көсемі ұяттыдан.
Ұяты барға бер іс кесігін де,
Ел жабар жаманшылық есігін де!
Ұятсыз ол – кісінің оңбағаны,
Бере алмас тура сөйлеп оң бағаны.
2170. Кісінің ұяты мол сөзі бар-ды,
Естіп ал өсиетін жүрекжарды;
«Аулақтап ұятсыздан жүргін жырақ. 
Қарайды ол жиіркеніп елге бірақ.
Қу сүйек ұятсыздың көрсең беті,
Іріген шірік болар бар келбеті».
Кісінің ұяты бар жүзі жайнар, 
Осыдан нұр тасқыны көзінде ойнар.


189
Кескінін келістіріп, сақал күзер, 
Ісімен үлгі болып, бойын түзер.
2175. Іс - тура, мінез-құлық болса майда, 
Ай, жылдап елге тиер ізгі пайда.
Болмаса бастық ісі тура бетте,
Бек ісі қисық кетер со мезетте.
Туралық, шындық болса өресі істің, –
Болады бек сенімі төресі істің.
Көрікті кісінің де келер түсі,
Болады ел пайдасы қылған ісі
Көрікті жүзі төксе нұр мен арай, 
Лайық болар соған ішкі сарай.
2180. Айтыпты, тыңда, біреу сынға маман.
Білетін әр нәрсені жақсы-жаман:
«Құлқына сай жаралады пішін де,
Жүз бен қылық бірдей соның үшін де.
Сыртын көріп ішін таны кісінің:
Іші – сырттай, сырты адамның – ішінде».
Сымбатты болса уәзір, өңі түзу,
Болады оған оңай іс жүргізу.
Есепқор, болса уәзір дана, тетік,
Ілім мен жазуды да білсе жетік.
2185. Уәзір істі есептеп тастай етер,
Білмесе есепті – ісін тастап кетер.
Еесппен – іс-амалы пәнде құлдың,
Шешілер уақыты ай, күн, жылдың.


190
Есептің өзі шыққан сақ болудан,
Өте сақ істі атқарып, ақ болудан.
Іс оңбас кісі ойланбай жүрген жерде,
Іс қылар адам ақыл, болса зерде.
Жазумен білген нәрсе хатталады, 
Жазылса, қылған ісің жатталады.
2190. Жазу бұл – ақыл-ойға белгі, нышан,
Білімі хат білгеннің – теңіз ұшан.
Білмесе егер жазу адам-пенде,
Жыл, ай, күн санын білмей қалар кенде.
Даналар жазбағанда кітап талай,
Есептің білер едік жолын қалай?
Тұрғанда жаратылмай осы ғалам,
Беріпті Алла жасап Лаух, Қалам*.
Құл ісін періште бар жазып тұрар*,
Зауалын ертең Алла өзі сұрар.
2195. Момын ер болар елдің сүйіктісі.
Табады істің көзін сүйіп кісі.
Бір момын кісі айтыпты жақсы қылып, 
Адамға момын болу – жақсы қылық:
«Мүләйім адам елдің – сүйіктісі. 
Тасбауыр, ол – жағымсыз күйік кісі.
Зор құрмет көрсетер ел салмақты ерге, 
Жарытпас тасбауыр жан шығып өрге».
Уәзір бола алады: оқыған ер,
Хат біліп, ақыл-білім тоқыған ер;


191
2200. Тура іспен бір шығатын тіл мен ділі.
Бауырмал, ұяты мол ел дүлдүлі;
Салауат, істі біліп бой ұратын,
Жақсы мен жаман ерді айыратын;
Берілген жұмысына қарсыласпай, 
Міндетін орындайтын шаршыласпай.
Көрсетсе бұл талапқа кім әзірлік, –
Патша ағзам соған берсін уәзірлік.
Уәзір болса осындай – ай, бір рахат:
Бек пен ел өмір сүрер жайбарақат!
2205. Патшаның ісі түгел жүгенделер, 
Жетілер, ел байлығы түгенделер.
Уәзір жауыз болса әлде нандей,
Ел жүдеп, болып қалар байы кедей.
Уәзір жақсы болса – ұтады елі, 
Сүйсініп, көтерілер патша белі.
Депті адам білімі бар көл-дария,
Көкірек көзі ашылған сол қария:
«Бек – жақсы, ұстай білсе ой мен тілін, 
Нөкерлер тура жолда ұстар ділін.
2210. Болса бек зорлық қылар залым, аяр, –
Жүргендер іс басында жолдан таяр!»
Жақсы бек жұмысшыға жөндеп қарар, –
О дағы қылқын жөндеп, қылмас зарар.
Бек жаман болмаса егер, амалдар-ды, 
Жуытпас шеніне де Жамандарды.


192
Жамандар жамандармен бас қосады, 
Жақсылар жақсылармен бастасады,
Жақсылар Жамандармен өре өспейді, 
Тура адам кыңырлармен көріспейді.
2215. Қара түн жарық күннен сырғаңдайды, 
От-жалын көк суменен бір қонбайды.
Біреудің білмек болсаң хақын мығым, 
Сұрастыр оның кіммен жақындығын.
Әр жәндік өз үйірін аралайды,
Тура жол – бұра тартқан жарамайды.
Бұ сөзге куә болар бәйіт бар-ды,
Оқып ал – білесің көп жәйіттарды:
«Ұшатын, барша нәрсе жүретін де,
Өз теңін ұстар дос-жар ретінде.
2220. Жақсыдан Жаман қашып, қосылмайды, 
Осы – тән барлық өмір сүретінге».
Уәзір – бектің досы кеңесетін,
Кісі ғой кеңесумен теңесетін.
Жаманмен жараспайды тәуір кісі, 
Жаманның ойы – бұзық, ауыр – ісі.
Жиса бек жаман жұрттан жамағатын,
Ел-жұрттың шығарады жаман атын.
Уәзір бұл айтқандай болса тегі,
Ел – тыныш, рахатта жасар бегі.
2225. Тілегін уәзірден күтеді бек,
Бар ісі сол арқылы бітеді тек.


193
Көркейер сонда жұрттын байлығы асып,
Толады қазынасы, құты тасып.
Патша аты сонда мәңгі сақталады.
Ол қартайса орны мен бақ қалады.
Ләззатын екі Жалған бірдей асар,
Ылғи да бақытты боп, ұзақ жасар!» 
Патша айтты: «Ұқты мұны көкірек көз,
Айтылды бүгін ізгі, әдемі сөз.
2230. Айт енді қызыметін, басшылығын,
Әскери қолбасшының хас қылығын.
Қол бастап, орындаса ісін тастай,
Жеткізіп ақырына, жаза баспай. 
Болады қандай адам, айтшы, бұлар,
Шеп сөгіп, жаудың қолын тоз-тоз қылар?» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет