Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Патшаның Өгдүлмішке [қойған] сауалы



Pdf көрінісі
бет39/136
Дата23.03.2024
өлшемі1.36 Mb.
#496319
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   136
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

Патшаның Өгдүлмішке [қойған] сауалы
1800. Айтты патша: «Ұқтым сөзді, бірақ та,
Берші жауап тағы да бір сұраққа!
Ақыл, білім – айырмасын танығын,
Парқы қандай – айтшы сөздің анығын!
Ақыл не зат? Орны қайда бар еді?
Қайдан шығып, шықса – қайда барады?»
Берді жауап Өгдүлміш те әр жақты:
«Адам үшін білім – қымбат, ардақты.
Ақыл орны – төбе мыйдың ішінде,
Баста орын бар асыл нәрсе үшін де.
1805. Есі дұрыс, ісі үлгілі кісі енді 
Көтереді «ақыл» деген кісенді.
Құдай сүйген құлын таңдап алады,
Қылық, тілге білім кісен салады.
Есті – тірі, ессіз – өлік тұл өскен,
Кел, мыйғұла, ақыл-ес ал үлестен!
Қап-қараңғы түнек үй ғой – ондай жан, 
Ақыл – шырақ, жанып тұрған маңдайдан.


160
Ақыл ылғи жақсылыққа саяды,
Ер білімнен өсіп, атын жаяды.
1810. Ақыл, білім ұлы қылған адамды,
Солар басқан әділетке қадамды.
Осыны айтар ақыл-ұғым үстелсе,
Пайдасы көп ақылмен іс істелсе:
«Білім малдан адамдарды айырды,
Жетісті адам білім алып байыргы.
Қалма мал боп, білім біл де, ақыл ал. 
Сөйле біліп, тілің болсын қайырлы».
Айтты патша: «Сұрағым бар бір ойлы, 
Соны айтамын, ей көріктім шырайлы!
1815. Айттың қалай ақыл-ұғым мәнісі, 
Қандай оның түзілісі, жөн ісі?
Қандай оның мінезі мен түр-түсі,
Жасы, бойы, әдеті мен үрдісі?»
Өгдүлміштің патшаға [берген] жауабы
Айтты Өгдүлміш: «Ақыл жайы – сол, – депті, 
Қылығы – жөн, қуанышы – мол депті.
Көркі – сұлу, қыран жасқа тете еді, 
Жақсылыққа сол арқылы жетеді.
Құлқы – таза, салмақтының тегі еді,
Тірі жанға мейірімін төгеді.
1820. Жайнап кетер ол қолқабыс еткен жер,
Гүл атады оның сөзі жеткен жер.


161
Жүзі – жылы, сүйер оны барша жан,
Бар пайдасын көреді жұрт қоршаған.
Көзі – жіті, көре білер жырақты,
Қай іске де табан тірер тұрақты.
Ласты да тазалайды тиімді,
Шешіп тастар қанша қиын түйінді.
Оң мен солы, алды-артын да түстейді,
Істің әрбір көзін біліп істейді,
1825. Қуса – жетіп, ұшқанды да алады,
Бұзақыны түзеп, сынық салады.
Айтты ақылсыз: «Ей, ақыл, мен зарықтым
Сенсіз қалып, қайғы басып, тарықтым!
Мен алмадым сенен үлес-бөлікті,
Ер көңілі сен болмасаң – өлік-ті!
Ақыл – шырақ, көр соқырға – көз болған, 
Өліге – жан, мылқау тілге – сөз болған».
Айтқан екен ақылды жан: «Ұғым! – деп, 
Сен ісімді реттедің мығым!» – деп.
1830. Ақыл барда істің болмас терісі,
Шын іс барда жаманы жоқ – кері ісі».
Ақыл жұртқа белгісімен білінер:
Ақыл болса – көзге дереу ілінер.
Тіл мен сөзі ақылдының шыңдалар,
Бар қылығы әрі таза, шын болар.
Құлығы адал, ақылдың бар тобасы,
Ылғи әділ оның жол мен жобасы.


162
Өзі тыныш, биязы да салмақты,
Кірісерде істі біліп алмақ-ты.
1835. Қарттың ісін қылар жігіт жасында-ай,
Мұңы барды жеткіз іске осындай.
Бұған меңзеп айтқан сөзді ашып ал,
Ұға білсең – оның сыры ашылар:
«Қарт боп ойлап, жас боп істе – ақыл сол, 
Ақыл қайда, жабыс соған – мақұл жол.
Жаста – қызық, ал кәріде – тыныштық
Абзалы – осы, пайдасы да аса мол».
Сүйсінді де, айтты патша: «Тілімді ал!
Ойы сергек, сөзі дана білімдар!
1840. Алла берер жақсылықты сандаған,
Бір Алланың сыйлығысың – сен маған!
Бұл – ауыр жүк екі иықта тұратын, 
Мойындаған табар кейін мұратын.
Арқаласаң иығыңды жауыр ғып,
Мен тынармың, саған түсер ауырлық.
Құдай беріп ізгі ниет, күш өссе – 
Қайтарамың бұ хақыңды үш есе.
Мол мейірім – маған құлдық ұрғаның
Қызымет қып, таза көңіл бұрғаның.
1845. Өзін емес, бек пайдасын қаласа – 
Мейірімін төккен болар ол аса.
Қызыметші айтқан бір сөз ұнады:
«Жақсы құлмен бектің жаны тынады».


163
Бек қуанып, бағы түгел артады,
Жаны ашыған құлы бейнет тартады.
Жалшы болса – бек иығын көтерер,
Сол арқылы тыныштыққа жетер ер.
Салса құлы қиын іске ар-жанын, 
Орындаса бектің мақсат-арманын.
1850. Болса құлы барлық іске жегілген,
Ол – Алланың үлкен сыйы төгілген.
Талай бектер өтті өмірден қалбаңдап, 
Көбі осындай тілек тілеп, «жалмаңдап».
Әлем халқы шаттығына сыймады,
Бар дұғасын патшасына сыйлады.
Бөтен елдер естіп мұны жан сапты: 
Патша жүзін бір көруді аңсапты.
Ай, күн өтіп, жылдар жылжып тартыпты,
Ел жетісті орнатқан соң тәртіпті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет