Сабақ Лексикалық тақырып: Ғарыш әлемі. Ғарыш айлағы және ғарышкерлер. Грамматикалық тақырып: Қажеттілік, мүмкіндік, мүмкін еместік мағыналарының берілуі



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата27.03.2024
өлшемі0.84 Mb.
#496618
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
14 сабақ

 
Тыңдаймыз. Оқимыз.
7-тапсырма. Берілген мәтіндегі нақты ақпаратты оқып, топ болып 
талқылаңыздар.
 
 «Байқоңыр» ғарыш айлағы туралы қызықты 
деректер 
1) 1995 жылдан бері Байқоңыр – Ресей 
Федерациясының 
құрамындағы 
федералдық 
маңызы бар қала. Жасалған келісім-шарт бойынша 
Байқоңырды жалға беру мерзімі 2050 жылы 
аяқталады.
2) 1950 жылы Қазақ даласында ғарыш айлағын 
салу құрылысы басталғанда ықтимал қарсыластарды алдау үшін Қарағанды 
облысының Байқоңыр кентінде ағаштан тағы да бір ғарыш алаңы салынған. 
«Восток-1» кемесін ұшырғаннан кейін (кеменің бортында атақты Гагарин 
болған) осы кенттен 300 шақырым жерде орналасқан басқа ғарыш айлағына 
«Байқоңыр» атауы берілді. Жер шарын алғаш рет айналып шыққан «Восток-1» 
кемесінің ұшу мерзімі – 108 минут.
3) 50 жылдың ішінде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан 1500-ден астам әртүрлі 
мақсаттағы ғарыш аппараты, 100-ден астам континентаралық баллистикалық 
ракета, негізгі ракеталардың 38 түрі, сондай-ақ 80-нен астам ғарыш аппараты 
және оның модификациялары ғарышқа ұшырылды.


4) 
«Байқоңырдағы» техниканың механизмдерін тазалау үшін спирт 
қолданылады, сондықтан да ғарыш айлағына 12 тонна спирт жіберілген. 7 тонна 
спирт пайдаланылған, ал спирттің қалған бөлігі үшін арнайы шұңқыр қазылып, 
оның үстіне құм төселген. Алайда, мұны біліп алған адамдар шұңқырды қазып, 
ғарыш кешеніндегі «құрғақ» заңды бұзбақшы болыпты... Аз уақыттан кейін 
тәртіп қайта орнатылды. Шұңқырдағы спиртті өрттеп жіберді.
6) 1998 жылы ғарышқа екінші рет ұшқан Талғат Мұсабаев «Мир» орбиталық 
станциясын құтқарды.
7) 2001 жылы Талғат Мұсабаев әлемдегі алғашқы ғарыш туристі америкалық 
Денис Титомен бірге ғарышқа ұшты.
8) Юрий Гагарин 1961 жылы 12 сәуірде ғарышқа ұшты. Шетелде оны
«ғарышкер» емес, «астронавт» деп атаған. Мұны Франция, Ұлыбритания, АҚШ 
басшылығы Мәскеуге жолдаған құттықтаулар дәлелдейді.
9) Байқоңыр қаласы бұрын «Ленинск» атауына ие болған. Бұл жерден көптеген 
ракеталар ғарышқа ұшырылып, жүздеген адамдардың өмірлері қыршыннан 
қиылды. Аталмыш оқиғалар Гагариннің ғарышқа ұшуына дейін орын алған.
10) Юрий Гагарин ұшудың соңғы сатысында айқайлап жіберген: «Я горю, 
прощайте, товарищи!» — «Өртеніп жатырмын, қош болыңдар, жолдастар!».
Ұзақ уақыт бойы ешкім де Гагариннің осы сөздерін жазбады. 
(интернет материалынан)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет