Қабылдау, субъектінің практикалық қызметін бағыттай отырып



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата28.03.2024
өлшемі112.82 Kb.
#496718
1   2   3   4   5   6   7
stud.kz-51861

Зерттеу мақсаты ол қабылдау жөнінде ұғымды зерттеу.
Міндеттері:
Зерттеу тақырыбы бойынша арнайы әдебиеттермен жұмыс істеу;
Қабылдау туралы түсінікті зерттеу;
Қабылдаудың кезендеріне талдау жасау;
Естің түрлері, қасиеттеріне анықтама беру;
3


1. Қабылдау туралы жалпы түсінік
Қабылдау - сыртқы дүниенің сезім мүшелеріне әсерінентуған заттың
тұтас бейнесі. 
Қабылдаудың физиологиялық негізіне мидың аналитикалы және
синтетикалы қызметі жатады.
Өйткені сырттан әсер еткен
тітіркендіргіштерге анализ жасамасақ, оның ерекшеліктерін толық анықтай
аламыз. Толық анықтау үшін анализденген затты синтездеу керек. Қабылдау
процессінде бірнеше анализатор қызмет етеді. Кез келген жаңа затты
қабылдау бұрыннан бар тәжірибеге және білім негізінде жүзеге асады.
Сондықтан қабылдау процессінде бұрын қалыптасқан уақытша байланыстың
кейбіреулері жанданып отырады. Қабылдағанда адам миындағы болып
жатқан процесстерді физиологиялық негіз деп атайды. Қабылдаудың түрлері
түйсіктің түрлеріне ұқсас болып келеді.

1. Қабылдаудың тұтастығы. Қабылдау объектісі жеке қасиеттерден,
бөлшектерден тұрғанымен біз оларды бүтіндей тұтас қабылдаймыз.

2. Қабылдаудың тұрақтылығы. Біз өзіміздің тәжірибемізге,
білімімізге байланысты заттар мен құбылыстарды тұрақты түрде
қабылдаймыз. Қабылдау кезінде қабылданатын заттар мен
құбылыстардың кейбір белгілері , түрлері, формалары өзгерсе де біз
оларды бұрынғы қабылданған күйінде қабылдаймыз.

3. Қабылдаудың таңдамалылығы. Бізге қабылдау кезінде бірнеше
заттар немесе құбылыстар әсер етуі мүмкін. Бірақ біз өзіміздің
қажеттілігімізге байланысты біреуін ғана қабылдаймыз. Қабылданған зат
қабылданғанның объектісі деп аталады. Ал объектіден тыс қалған заттар
қабылданғанның фоны деп аталады

4. Аперцепция. Қабылдаудың тәжірибеге, білімге, сенімге, іс-әрекеттің
нәтижесіне және мамандыққа тәуелді болуын аперцепция деп атаймыз.
Аперцепция 2-ге бөлінеді: тұрақты және уақытша.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет