қарай ерікті ес, еріксіз ес болып бөлінеді. Адамның ақпаратты қанша уақытқа
дейін есте сақтай алатындығына қарай қысқа ес және ұзақ мерзімді
(түпкілікті) ес, сондай-ақ, шұғыл ес болып бөлінеді. Естің кейбір түрлері
арнайы аспап — мнемометр арқылы өлшенеді. Қимыл-қозғалыс есі дегеніміз
— ойын, спорт, еңбек, оқу әрекеттеріне байланысты әр түрлі
қимыл-
қозғалыстар мен әрекеттерді есте қалдырып, оларды қайта жаңғыртып отыру.
Эмоциялық ес бойынша адам басынан кешіргендерін еске түсіргенде
бозарады не қызарады. ґйткені, оның басынан өткен әр алуан жағдайлар оған
күшті әсер етіп, эмоциялық күйге ұшыратады. Бейнелі-көрнекілік ес заттар
мен құбылыстардың қасиеттерін, нақты бейнесін ойда қалдырып, қайта
жаңғыртуда айқын көрініс береді. Естің бұл түрі арқылы табиғат көрінісі,
бастан кешкен оқиғалар, дыбыс, иіс, дәм жаңғыртылады.
Егер қалыпты
дамыған адамдар үшін есту есі мен көру есінің маңызы зор болса, ал соқыр,
саңырау адамдарда мұның есесіне сипау, иіс, дәм естері өте жақсы дамып,
басқа естердің кемістіктерін толықтырады. Бейнелі ес, әсіресе, көркемөнер
кәсібімен шұғылданатын адамдарда жоғары әрі өте нәзік түрде дамыған.
Сөздік-мағыналық (логикалық) ес ұғым, пікір, ой қорытындылары сияқты
түрлі пішімдер арқылы із қалдырып отырады. Ойдың қандай формасы болса
да тілмен, сөзбен байланысты. Естің бұл түрінің сөздік-мағыналық
(логикалық) деп аталуы да сондықтан. Сөздік-мағыналық ес оқушылардың
білім жүйесі мен оқу материалдарын есте сақтауында жетекші мәнге ие.
Естерді ерікті ес және еріксіз ес деп бөлу орындалуға тиісті әрекеттердің
маңыздылығы мен қажеттілігіне байланысты. Белгілі мақсат қоймай-ақ,
арнайы есте қалдырмай-ақ есте сақтау мен жаңғырту, еске түсіру еріксіз ес
деп аталады. Егер мақсат қоятын болсақ, онда бұл ерікті ес болады. Қажетті
материалдар мен нәрселерді есте сақтау үшін
адам тиісті әдіс-тәсілдер
қолданып, оны қалай да жадында қалдыруды мақсат етеді. Бұл сол әсер еткен
нәрселер ізінің есте берік қалуы деп аталады. Мұндай жағдайда осыдан
біршама уақыт бұрын қабылдаған нәрселердің бейнесі адамның көз алдына
елестеп, құлағына дауысы естіледі. Естің бұл түрі қысқа мерзімді ес деп
аталады. Психология ғылымында қысқа мерзімді ес “шұғыл” ес (түрлі амал-
тәсілдер есі) деп аталады. Ал түпкілікті ес қабылдаған нәрселерді,
құбылыстарды олардың белгі-қасиеттерін ұзақ уақыт бойы есте қалдырады.
Түпкілікті есте қалдырудың тағы бір ерекшелігі — әсер еткен нәрселердің
ұзақ мерзімге созылуына және адамның арнайы мақсатына да қатысты
болуы. Ес түрлері бір-бірімен өзара байланысты. Мысалы, сөздік-мағыналық
ес мағыналы болумен бірге еріксіз не ерікті де болады. Сондай-ақ, ол қысқа
мерзімді не түпкілікті болуы да мүмкін. Ес
бірнеше дара процестерден
тұрады. Олардың негізгілері: есте қалдыру, қайта жаңғырту, ұмыту. Есте
қалдыру дегеніміз жаңадан қабылданған бейнелер мен материалдарды,
олардың мәнін есте бұрынғы сақталғандармен байланыстырып отыру. Есте
қалдыру арнайы есте қалдыру, еріксіз есте қалдыру болып екіге бөлінеді.
Еріксіз есте қалдыруда адам алдына арнайы мақсат қоймайды. Ал арнайы
есте қалдыру үшін мынадай шарттар қажет:
7
1) арнайы мақсат қою,
оны меңгеруге ұмтылу;
2) Есте қалдырудың қоғамдық, тәжірибелік мәнінің адам қажетіне
байланысты болуы;
3) Есте қалдыруды жоспарлап, оқыған материалдардың ішінен еске
түсерлік түйінді мәселелердің
мәнін білу;
4) сол мән-мағыналарды түсіну үшін оларды ойлау процесімен тығыз
ұштастыру;
5) қабылдаған нәрселерді өз сөзімен құрастыру, сөйтіп, қажетті
материалдарды есте қалдыруды жеңілдету.
Достарыңызбен бөлісу: