Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
жетінші
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым
қарапайымнан күрделіге меңгертуге; білімалушыларда оқу әрекетінің нақты қыиндықтарын
жеңуге саналы көзқарасын тәрбиелеуге бағдарлайды.
5)
Меңгерілген білімнің, біліктілік пен дағдының беріктілігі қағидасы:
білімалушыларға меңгерілетін материалдың маңызын олардың практикалық әрекеті үшін
түсіндіруді; меңгерілетін материалды және ең алдымен оның негізгі ережелерін берік әрі
ұзақ сақтау ұстанымын қалыптастыруды; бұрын меңгерілген оқу материалын жүйелі
ұйымдастырылған қайталауды; оқытылатын материалды меңгеруге жүйелі бақылауды
енгізуді талап етеді.
6) Оқытудағы топтық және жекелік тәсіл қағидасы: баланы келісілген
үйлестірілген бірлескен әрекеттестікте оқыту; топта жағымды психологиялық ахуалда
оқытуды қалыптастыруды ұсынады.
13- дәріс. Оқыту әдістері мен құралдары
Жоспары:
1. Әдіс туралы жалпы түсінік. Әдіс тұтас педагогикалық үдерістің компоненті ретінде.
2. Оқытудың әдістері мен әдістемелік тәсілдері.
3. Оқыту әдістерінің атқаратын қызметі мен міндеттері.
4. Оқыту әдістерінің дидактикалық, психологиялық және технологиялық аспектілері.
5. Оқытудың интербелсенді әдістері.
6. Оқыту құралдары.
Дәрістің негізгі мазмұны
Кез келген аналитикалық-жүйелiк іс-әрекеттiң нәтижесiнде (түсiнiкте, идеалдарда,
теорияларда) бiлiм де, іс-әрекет әдiс-тәсiлдерi де бар. Бұл танымның әр түрлi жақтары, бiрақ
бұл процесте ең басты орында бiлiм тұрады. Осының барлығы оқушы бойында бiлiм мен
бiлiкке қоса ойлау мен әрекет ете алуды дамытуды талап етедi. Ғылыми бiлiм құрылымында
екi деңгей бар: эмпирикалық және теориялық. Олар объективтi болмысты көлемiрек,
тереңiрек және толығырақ суреттеуi бойынша ажыратылады. Дүниетаным жекелеген
бiлiмдерден емес, заманның талабына сай бiлiмдердiң құрылымын қамтитын, әдіснамалық
идеялар, теориялар мен принциптер негiзiнде ұйымдастырылатын жүйе. Оқушылардың
меңгерген бiлiмдер жүйесi әрдайым қозғалыста болады, басқа жүйелермен қатынасқа түсiп,
оларды пайдалану мiндеттерiне сәйкес жалғасады.
Педагогикалық ықпал әдістерінің жүйесі өзіне сендіру, жаттығу, бағалау әдістерін
енгізеді. Оқыту әдістерінде объективті (мұғалімге қатысты емес) және субъективті (оған
қатысты) бөлімдері бөліп көрсетіледі. Оқыту әдістері әр түрлі қызметтерді атқарады:
білімділік, ынталандыру (мотивациялық), дамытушылық, тәрбиелік, ұйымдастырушылық.
Яғни мұғалім оқыту әдісінің көмегімен оқытып ғана қоймайды, сонымен бірге мотивацияны
шешеді, тәрбиелік ықпалды жүзеге асырады, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруға әсер етеді.
Қазіргі уақытта оқыту әдістерінің ондаған түрлері белгілі.
Білім көздері бойынша жіктеу, әдістердегі бөліп көрсетілетін жалпы белгілері ретінде
қатысады. Негізгі көздерінен бұрынан белгілісі үшеу: тәжірибелік(практикалық),
көрнекілік, сөз. Мәдени даму барысында оған тағы да біреуі – кітап, соңғы он жылда өзін
қағазсыз қуатты ақпарат көзі – жаңа компьютерлік жүйемен үйлестірілген - видео пайда
болды. Бұл жіктеуде жалпы бес әдістер бөліп көрсетіледі: тәжірибелік(практикалық),
көрнекілік, сөздік, кітапппен жұмыс, видеоәдіс. Олардың әрқайсысы алуан түрлі
модификацияда (түрөзгерістерде) қолданылады.
Әдістерді міндеттері, немесе негізгі дидактикалық мақсаты бойынша жіктеу.
Жіктеудің жалпы белгілері ретінде сабақта оқыту үрдісі өтетін және олардың әрқайсысында
мақсатқа қол жеткізілетін бірізді кезеңдер қатысады. Әдістер бөліп көрсетіледі: а) білімді
|