3. Оқу пәнінің тақырыптары бойынша дәріс тезистері 1-модуль. Педагогикалық мамандыққа кіріспе



Pdf көрінісі
бет35/45
Дата01.04.2024
өлшемі1.02 Mb.
#497168
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   45
daris

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
2. Мейірман болу, оқушыларға жекімеу, олардың түсінбегеніне немесе білмегеніне 
ашу шақырмау. Егер оқушылардың көбі бір нәрсені білмесе, не түсінбесе, онда қателікті оқу 
әрекетін ұйымдастыру тәсілдерінен іздеу керектігін есте сақтау керек. 
3.Оқушы сөзін бөлмеңіз, сөзін толық аяқтауға мүмкіндік беріңіз. Жауаптың түсініксіз, 
нақты болмауы сұрақтың түсініксіздігі салдарынан болуы да мүмкін. 
4.Қандай талап қойылғаның, оқушылардың оларды қалай түсінгенін міндетті түрде 
тексеріп отыру, тапсырмалар мен нұсқаулар қысқа, нақты берілуі керек. 
5.Оқушылардың мұғалімді қалай тыңдап отырғанын қалтқысыз қадағалау.Балалардың 
зейін қоймауы- сабақ қаркынын өзгерту туралы, айтылғанды қайталау немесе сабаққа 
қосымша материалдар қосу туралы белгі.Сабақты қызыға тыңдау, тапсырмаға ден қою зейін 
көрсеткіші екендігін ұмытпаған жөн. 
6. Уақытты үнемдеу, сабақты дер кезінде бастау, қоныраумне бірге аяқтау, 
оқушылардың белгіленген уақыттан ұзақ жұмыс істеуіне жол бермеу. 
7. Қойылған әрбір талаптың орындалуына қол жеткізу. Бірде-бір талап орындалмай, 
жәй айтылып қана қалмауы тиіс. 
8. Сабақ қарқыны оқушылардың көбі үлгеретіндей жеделдетілген болуы керек. 
9. Оқушыларды сұрақ қоюға ынталандырып отыру, олардың бастамаларына, 
белсенділіктеріне, бар нәрседен хабардар болуына қолдау көрсету. 
Сабақты жоспарлау және мұғалімнің оны дайындау кезеңдері 
1.Бөлім немесе тақырып бойынша сабақтар жүйесін жасау, құрастыру; 
2.Бағдарлама негізінде, әдістемелік құралдар, оқулық және қосымша әдебиеттер 
бойынша сабақтың үш мақсатын анықтау; 
3.Сабақтағы оқу материалының тиімді мазмұнын анықтау, оны бірқатар тірек білімге 
бөлу, дидактикалық өндеу; 
4.Сабақта оқушы түсініп, есте сақтауы тиіс негізгі материалды бөліп алу; 
5.Сабақтың оқу міндеттерін тұжырымдау; 
6.Сабақ құрылымын жасау, оның типің, тиімді әдістер мен тәсілдерін анықтау; 
7.Пәнаралық байланыс пне сабақта оны пайдалану әдістерін анықтау; 
8.Сабақтың барлық кезеңдеріндегі, әсіресе стандартты емес жағдайлардағы оқушы 
мен мұғалімнің барлық іс-әрекетін жоспарлау; 
9.Сабақтың дидактикалық құралдарын таңдау (д/ф, к/ф, суреттер, кестелер
карточкалар, т.с.с.); 
10.Техникалық оқу құралдары мен құрал-жабдықтарды тексеру; 
11.Мұғалімнің тақтаға сызып, жазатындары мен оқушылардың тақтада немесе 
дәптерлерінде орындайтын ұқсас жұмыстарын жоспарлау; 
12. Сабақтағы оқушылардың өзіндік жұмысының түрі мен тиімді көлемін анықтау; 
13.Үйде және сыныпта алған білімді бекіту, білімді жинақтау және жүйелеу түрі мен 
әдісін тандау; 
14.Білім, білік, дағдысы олардың қалыптасу деңгейіне сәйкес әдістермен тексерілетін 
оқушылардың тізімін жасау, үй тапсырмасының түрі мен көлемін анықтау; 
15.Сабақты қорытындылау түрін ойластыру; 
16.Белгіленген талаптарға сәйкес сабақ жоспарын жазу. 
Сабақ жоспары бөлімдерінің үлгі мазмұны 
1.Сабақ тақырыбы: 
Құрылымы, типі; 
оқушылардың жұмыс тәсілі, жалпы әдістер; 
көрнекі құралдар, ақпарат көздері, техникалық оқу құралдары, электронды есептеу 
техникасы. 
2.Тірек білімді қайталау: 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет