Методические рекомендации по формированию инклюзивной культуры в организациях образования нұр-Сұлтан 2019



Pdf көрінісі
бет17/138
Дата01.04.2024
өлшемі2.62 Mb.
#497175
түріМетодические рекомендации
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   138
Үндістан. Инклюзивті мектептер арнайы мектептермен қатар жұмыс 
істейді. Арнайы мектептерде айқын білінетін және күрделі патологиясы бар 
балалар оқиды. Инклюзивті мектепте оқитын баланың өз отбасында болу, үйіне 


47 
жақын орналасқан мектепке қатынау мүмкіндігі бар. Үндістанда 90 % астам 
мүгедек балалар ауылдық жерде тұрады. Арнайы мектепте оқу және 
кіріктірілген бағдарлама бойынша оқу барлық балалар үшін қолжетімді емес, 
сондықтан инклюзивті оқыту барлық оқушыларды тең мүмкіндіктермен 
қамтамасыз ету және әлеуметтік мәдениеттену құқығын іске асыруға мүмкіндік 
береді. Қазіргі таңда Үндістанда инклюзивті оқытудың келесі модельдері іске 
асырылуда: мүгедек балалар жалпы білім беретін мектептерде оқиды және 
қалыпты дамып келе жатқан балалармен бірге интернатта тұрады, немесе ЕБҚ 
ететін балаларға арналған интернатта тұрады, немесе үйде тұрады (ата – 
аналарымен); бұл жерде мүгедек балалар жалпы білім беретін мектепте бөлек 
сыныпта оқиды; мұғалім балаға жергілікті мектепке барып тұрады, бала ата – 
анасымен қалады; ЕБҚ ететін балалар жалпы білім беретін мектепте оқиды, бұл 
жерге әрдайым осы білім беру саласында білімі бар мұғалім және маман 
(логопед, дефектолог, психолог) келіп оқытады; белгілі жерде жалғыз арнайы 
мұғалім түрлі санаттағы мүгедек балаларды оқытады. Инклюзивті білім берудің 
мінсіз тұжырымдамасы баланың қоғамға толық кірігуіне бағытталған [26].
Ресей. 2016 жылдан бастап үлгілік бейімделген жалпы білім беру 
бағдарламаларды қамтитын Федералдық мемлекеттік білім беру стандарттары 
(бастапқы білім беру, ақыл-есі кем балаларға білім беру) енгізілді, оларды 
ескере отырып, білім беру ұйымдары өздерінің бейімделген білім беру 
бағдарламаларын құра алады және де сонымен барлық Ресей бойынша ЕБҚ 
ететін білім алушылардың білім сапасын қамтамасыз ете алады. Стандарттар 
білім беру ұйымдарында БББ іске асыру кезіндегі міндетті талаптар жиынтығы 
болып табылады. Стандарттар БББ игерудің тұлғалық және пәндік нәтижелерін 
кешенді бағалау, ПМПК тұжырымы және ата-ананың келісімі негізінде білім 
беру маршрутын, бағдарламаларды және білім алу шарттарын икемді ауыстыру 
мүмкіндігін көздейді. Денсаулығының ауыр бұзушылықтары бар балалар үшін 
арнайы жеке даму бағдарламалары әзірленеді (СИПР) [30]. 
Денсаулық бұзушылықтарын ерте анықтау үшін және балалардың 
дамуындағы бұзушылықтардың алғашқы белгілерін түзету мақсатында кешенді 
түрде сүйемелдеу үшін Бастапқы көмек қызметі (БКҚ) құрылады. БКҚ ата-
аналармен бірлесіп балаға және оның отбасына бастапқы көмек беру және 
сүйемелдеудің Кешенді жеке бағдарламаларын әзірлейді. БКҚ өзіндік жеке 
мекеме ретінде де, немесе балабақша, психологиялық- педагогикалық, 
медициналық және әлеуметтік көмек беру орталықтарының жанынан қызмет 
жүргізе алады. [23].
Азия аймағында ерекше білім беруді қажет ететін балалардың көпшілігі 
кіретін бастауыш мектептегі білім берудегі парадигманы елеулі өзгерту 
бағытында прогресс бақыланады. Осы елдердің көпшілігі бастауыш мектептегі 
білім беруді сапалы жақсарту міндетіне кірісті, бұл осы балалардың қатысуын 
білдіреді. Тіпті кейбір жерлерде бастауыш білім алуға қол жеткізуді жақсарту 
қажеттілігі бар болса да, бұл елдер осы осындай оқыту сапасын арттыру 
бойынша бағдарламаларды бір уақытта жоспарлауда және жүзеге асыруда. 
Азия елдерінің көпшілігі арнайы мектептерде де, сонымен қатар, кәдімгі 


48 
мектептерде кіріктірудің түрлі нысандарды арқылы ерекше білім алуды қажет 
ететін балаларға бастауыш білім беруді ұсыну мүмкіндігін кеңейтуде, бірақ 
олардың көпшілігі әлі де бастапқы сатыда және олардың көпшілігі әлі 
бағаланбай қалуда [ 31]. 
Мұғалімдер мен мектеп директорларын бастапқы және мерзімді қайта 
даярлау, сондай-ақ біртіндеп мұқият және шығармашылық талдаудан өткізіліп,
жүйелі түрде жетілдіріліп тұрады. 1960-шы және 70-ші жылдарда қолданылған 
батыс педагогикалық білім беру модельдеріне негізделген пайдасыз теорияның 
үлкен бөлігінен бас тартып, мектептер мен қауымдастықтармен іс-қимыл 
әдістері мен тығыз байланыстарға, сондай-ақ оқу бағдарламаларына негізделген 
оқытуға бет бұрылуда. Практикаға, топтық жұмыс дағдыларына, барлық 
мезгілге арналған оқытуға, оқушыларды үздіксіз бағалауға және алған білімін 
бекітудің түрлі тәсілдерін, оқыту әдістерін, стратегиялар мен іс-әрекеттерді 
пайдалана отырып, әртүрлі балаларды оқытудың ынталандыру тәсілдеріне көп 
көңіл бөлінеді. 
Непал. Әлемдегі ең кедей елдердің бірі болғанына қарамастан, Непал 
1991 жылы балалар және оларды дамыту мүддесінде қабылдаған Непал ұлттық 
бағдарламасы жеңіл дәрежеден орташа дәрежеге дейін бұзушылықтары бар 
балаларды кәдімгі бастауыш мектептерге кіріктіру міндетін көздейді. Оның 
мақсаты арнайы білім беруді негізгі және бастауыш білім берудің ажырамас 
бөлігі ретінде жасау болып табылады. Жалпы мақсаты 2000 жылға қарай 
мүмкіндігі шектеулі балалардың 100% (шамамен 170 000 бала) негізгі және 
бастауыш білім берумен қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі басымдық 
жеңіл/орташа жағдайларды ескеруге бағытталған. Арнайы бағдарламалар тек 
25 ауыр бұзушылықтары бар балаларға арналған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет