Білім беру бағдарламасы бойынша студенттерге арналған «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар»



Pdf көрінісі
бет111/123
Дата04.04.2024
өлшемі3.3 Mb.
#497627
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   123
dq7As3HU6Ry4qwd6jMwI5cm4rMOXzSwTobGFoeXw

Бақылау сұрақтары: 
1. E-технологиялардың даму перспективалары? 
2. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қауіпсіздігі? 
3. Индустриялық АКТ? 
 
Əдебиеттер: 
1. 
Т.Б. Нурпеисов, И.Н. Кайдаш “Қазіргі сандық əлемдегі информатика”, Оқу құралы, 412 
бб Алматы 2021ж. 
2. D.Shynybekov, R.Uskenbayeva., V.Serbin, N.Duzbayev, A.Moldagulova, K.Duysebekova, 
R.Satybaldieva, G.Hasanova, B.Urmashev “Information and communication technologies”, 
Textbook in 2 parts Part 1, Almaty, IITU, Pages: 643, 2017 . 
3. Джусупбекова Г.Т., Бесбаев Г.А., Ахметова С.Т., Рахымбек Н.Ж., ТурганбековаМ.М., 
Белесова Д.Т. «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» оқулық, М. Əуезов атындағы 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 176б, 2020 
4. 
Шевчук 
Е.В., 
Шпак 
А.В., 
Кольева 
Н. 
С. 
ИНФОРМАЦИОННЫЕ 
КОММУНИКАЦИОННЫЕ ТЕХНОЛОГИИ учебно-методическое пособие. Алматы: Эверо, 
2020.- 108 с. https://elib.kz/ru/search/read_book/1729/ 
5. June J. Parsons and Dan Oja, New Perspectives on Computer Concepts 16th Edition – 
Comprehensive, Thomson Course Technology, a division of Thomson Learning, Inc Cambridge, 
MA, COPYRIGHT © 2014. 
6. Lorenzo Cantoni (University of Lugano, Switzerland) James A. Danowski (University of Illinois 
at Chicago, IL, USA) Communication and Technology, 576 pages, NurpeisovaT.Kaidash ICT, 
Almaty, Bastay 2017 
 
Дəріс 30. АКТ-ның даму перспективалары. 
Мақсаты: студенттерді электронды технологиялардың даму перспективаларымен 
таныстыру. 
Жоспар: 
1. Ақпараттық технология кəсіпкерлігінде экожүйені қалыптастыру жəне шағын стартап 
компанияларды қолдау 
Стартап. 
Акселерациялау жəне инкубациялау бағдарламалары. 
2. Электрондық төлемдер мен логистикада қажетті инфрақұрылымды дамыту. 
Стартап – жаңадан құрылған (мүмкін, тіпті заңды тұлға емес) даму сатысындағы 
компания, ол өз бизнесін жаңа инновациялық идеялар негізінде немесе жаңадан пайда болған 


124 
технологиялар негізінде құрады.
«Стартап» термині алғаш рет 1939 жылы Құрама Штаттарда пайда болды. Сол кезде 
Сан-Франциско қаласына жақын Санта-Клара (Калифорния) алқабында жоғары 
технологиялар саласында əзірлеу жұмыстарымен айналысатын барлық кəсіпорындар мен 
фирмалар шоғырланған. Осы кезеңде Стэнфорд университетінің студенттері Дэвид Паккард 
пен Уильям Хьюлетт өздерінің шағын жобасын жасай отырып, бұл бизнесті стартап деп 
атады (start-up ағылшын тілінде – бастау, іске қосу). Уақыт өте келе, бұл стартап Hewlett 
Packard сияқты үлкен жəне табысты компанияға айналды. Табысты стартаптың басқа 
классикалық үлгілері – Microsoft (негізін қалаушылар – Билл Гейтс жəне Пол Аллен), Apple 
Computer inc. (негізін қалаушылар Стив Джобс пен Стив Возняк) жəне Google (негізін 
қалаушылар – Ларри Пейджжəне сергей брин) (http://constructorus.ru).
Стартаптарды құру, табысты дамыту жəне оны жалғастырудың негізгі себептерінің бірі 
қазіргі өнімдерді сəтті қолданатын ірі корпорациялардың ебедейсіздігі мен баяулығы
болып табылады, себебі олар жаңа өнімдерді құру мен əзірлеу жұмысымен айналысады. 
Сондықтан, стартаптар жаңа идеяларды іске асыру тұрғысынан өздерінің ұтқырлығына 
байланысты, ірі корпорацияларға бəсекелес болады.
Жаңа стартапты құрудың негізгі ресурсы – қажетті жаңашылидея. Өзі материалдық 
түрде іске асырылмаған, тек қағазда немесе сөзбен (стартап жоспары) сипатталған идеяның 
құны өте қымбат болуы мүмкін. Бұл идеяның табыстылығының тағы бір факторы оның 
қойылған талаптарға сəйкестігі (тұтынушыға қажетті дəрежеде) болып табылады, өйткені 
идея ерекше жəне жаңаша болуы мүмкін, бірақ оның пайдасы да аз болады.
Старпап үшін команданың жақсы болуы маңызды. Стартап командаларының біреуі 
басқа біреуін толықтыратыны маңызды, яғни, екіншісінде серігінде жоқ қажетті қасиеттері 
мен дағдыларының болғаны.
Көбінесе стартаптың ерекше сипаттамалары ретінде қаржын жетіспеуі жəне нарықтағы 
фирма жағдайының берік еместігін атауға болады. Бүгінде стартап инвестициялары бизнес-
инкубаторлар мен венчурлық қорлар деп аталаиын қорлар арқылы жүзеге асырылады. 
Венчурлық кəсіпкерлер ПИФ үлесін басқарады, олар жас, бірақ өте перспективалы 
бастамаларды инвестициялайды. Бизнестің инкубаторлары – бұл жеке инвесторлар, олар 
инвестиция объектісін өз бетімен анықтап, өз қаражаттарын салады. Стартаптардың осы екі 
«əмиянына» шартты түрде достар мен туыстарды қосуға болады. Бұл санат əлемдік 
деңгейдегі стартаптарты инвестициялауда үшінші орынды иеленеді.
Венчурлық 
қорлардың 
бизнес-инкубаторлардан 
айырмашылығы, 
өздерінің 
салымшыларының қорларын (сақтандыру компанияларының, зейнетақы қорларының, жеке 
тұлға қаржыларын) жəне жоғары немесе орташа тəуекелдер үлесі бар жобаларды 
инвестициялайды, бірақ олардың кірістілік əлеуеті жақсы болуы тиіс. Бизнес- инкубаторлар 
сияқты венчурлық қорлар кейде жобаларды бастапқы кезеңде (тек бизнес-жоспары болғанда) 
инвестициялауы мүмкін, бірақ көбінесе істі бастайтын қаражаты жоқ, жақында нарыққа 
кірген компанияларға қолдау көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   123




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет