38
Comprehensive, Thomson Course Technology, a division of Thomson Learning, Inc Cambridge, MA,
COPYRIGHT © 2014.
6. Lorenzo Cantoni (University of Lugano, Switzerland) James A. Danowski (University of Illinois
at Chicago, IL, USA)
Communication and Technology, 576 pages,NurpeisovaT.Kaidash
ICT,Almaty,Bastay 2017
Дəріс №10. Деректер қорларының жүйелері.
Мақсаты: Осы дəрістің мақсаты реляциялық дерекқорларын құруға, өзгертуге жəне
басқаруға арналған əмбебап компьютер тілі SQL (Structured Query Language) негіздері,
деректерді параллельді өңдеу жəне оларды қалпына келтіру, деректер қорын жобалау жəне
құру, объектілік-реляциялық карта ORM (Object-relational mapping)
бағдарламалау
технологиясы дамуын талдау болып табылады.
Жоспар:
1. SQL негіздері. Деректерді параллельді өңдеу жəне оларды қалпына келтіру.
2. Деректер қорын жобалау жəне құру. ORM бағдарламалау технологиясы. Үлестірілген,
параллельді жəне гетерогенді деректер базасы.
SQL
құрылымды сұратулар тілін білдіреді. бұл реляциялық деректер базасын құру жəне
онымен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін тіл,ол кестелерде сақталатын, байланысқан ақпарат
жиынынан тұрады.
SQL стандарты ANSI (американдық ұлттық стандарттар институты) арқылы анықталады
жəне қазіргі уақытта ISO (Халықаралық стандарттау ұйымы) арқылы қабылданады.
SQL тілі реляциялық деректер базасында деректерді манипуляциялауға жəне деректер
базасының
құрылымын анықтауға арналған,сонымен қатар көп қолданушы ортасындағы
деректерге қатынау құқықтарын басқарады. сондықтан, SQL тіліне құрамдас бөліктер ретінде
төмендегілер жатады:
1)
деректерді манипуляциялау тілі (Data Manipulation
Language, DML);
2)
деректерді анықтау тілі (Data Definition Language, DDL);
3)
деректерді басқару тілі (Data Control Language, DCL).
Осындай бөлу тек осы командалардың функционалдық мақсаттары тұрғысынан жасалды.
Деректерді
манипуляциялау тілі деректер базасының
кестелеріндегі деректерді
манипуляциялауға арналған. Ол 4 негізгі командадан тұрады:
Достарыңызбен бөлісу: