Бухгалтерлік есеп



Pdf көрінісі
бет117/162
Дата08.04.2024
өлшемі2.74 Mb.
#497964
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   162
Бухгалтерлік есеп 4

Мысалдар келтіреміз: 1) есеп айырысу шотынан еншілес ұйым-
дардың есебінен 2005 жылы наурыз айының 23 жұлдызындағы №89 
төлем тапсырмасына сәйкес, 500000 теңге сомаға төлем жасалды. 
Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
2120 — 1040 = 500000 1 типті операция
А (+) А (-) 
2) еншілес кәсіпорынға 2005 жылы мамыр айының 6 
жұлдызындағы № 49 шот-фактураға сәйкес, 900000 теңгеге ұзақ 
мерзімді тапсырыс өткізілді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу 
төмендегіше болады: 
Дт Кт Сома Ескерту
2120 — 6010 = 900000 3 типті операция
А (+) П (+)
б) Басқа қысқа мерзімді дебиторлық берешектер бойынша. Олар 
бойынша есеп айырысу № 1250, 1270, 1280, 1420 «Басқа дебиторлық 
қарыздар» активті шоттарында бейнеленеді. Олардың келіп шығу 
көздері: өтелуге тиіс ҚҚС, есептелген сыйақылар, қызметкер мен 
басқа тұлғалардың қарыздары, дауласулар бойынша есептерді қоса, 
басқа дебиторлық қарыздар болатындықтан, жазу № 1250—1420 


192
шоттардың дебетіне № 1010, 1040, 3310, 3350, 3390, 6120, 6210, 6280 
шоттардың кредитінен жасалады.
Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
2150—2180 1010, 1040, 3350, 4110, Төлем тапсырмалары,
4430,6120,6210,6280 шығыс кассалық ордерлер,
еңбекақы бойынша бет есептер,
келісім шарттар, сыйақылардың
есептері
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында активті 
және пассивті шоттар орналасқан. Активті шот (№ 1010, 1040) 
жайғасқан жағдайда 1 типті «Активті-активті» операция орын 
алады, яғни баланстың активінде тек қана өзгерістер болады (бір 
жағынан дебиторлық қарыздар көбейеді, ал екінші жағынан сол 
сомаға кәсіпорынның ақша қаражаттары шығыс етіледі).
Пассивті шот (№ 3350, 4110, 4430, 6120, 6210, 6280) жайғасқан 
жағдайда баланстың активі мен пассивінде көбею жағына өзгерістер 
болатын 3 типті «Активті — пассивті» операция орын алады (бір 
жағынан дебиторлық қарыздар, ал екінші жағынан бір мезгілде 
жеткізушілер мен еңбекақы бойынша кредиторлық қарыздар
сондай-ақ негізгі және негізгі емес қызметтен түскен табыстар 
көбейеді). Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет