Бухгалтерлік есеп


I БӨЛІМ. ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ АКТИВТЕР



Pdf көрінісі
бет99/162
Дата08.04.2024
өлшемі2.74 Mb.
#497964
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   162
Бухгалтерлік есеп 4

I БӨЛІМ. ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ АКТИВТЕР
Бұл тарау активті және 6 (№ 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16) бөлімшелерден 
тұратындығы кестеден көрініп тұр. Қысқа мерзімді активтерге ақша 
қаражаттары, қысқа мерзімді инвестициялар, тауар-материалдық 
қорлар мен қысқа мерзімді дебиторлық берешектер жатады. Олар
актив болып табылады және активті шоттарда бейнеленеді.
Қысқа мерзімді активтердің келуін (көбеюін) қараймыз
Аталған жағдайда олар дебет бойынша өтеді. Бұл жерде біз қар-
жылық инвестициялар мен ақша қаражаттарының келу (көбею) көз-
деріне назар аударуымыз керек.
Ақша қаражаттары мен қысқа мерзімді 
инвестициялардың көбеюі
а) сатып алушылар және алынған аванстар есебінен. Бұл ша-
руашылық операциялар № 1210 «Сатып алушылардың қысқа 
мерзімді дебиторлық берешегі» активті және № 3510 «Алынған 
қысқа мерзімді аванстар» пассивті шоттарда бейнеленеді. Проводка 
төмендегіше болады: 
Дт Кт Құжаттар
1010, 1040 — 1210, 3510 Төлем тапсырмалары, кіріс кассалық 
ордерлер, салыстыру актісі 
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында активті 
және пассивті шоттар орналасқан. Активті шот (№ 1210) орналасқан 
кезде 1 типті «Активті-активті» операция орын алады, яғни
баланстың активінде тек қана өзгерістер болады (бір жағынан ақша 
қаражаттары көбейеді, ал екінші жағынан бір мезгілде сол сомада 
сатып алушылардың дебиторлық қарыздары кемиді).
Пассивті шот (№ 3510) орналасқан кезде баланстың активі мен 
пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция орын алады 


163
(бір жағынан ақша қаражаттары, ал екінші жағынан бір мезгілде сол 
сомаға алынған аванстар бойынша кредиторлық қарыздар көбейеді). 
Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысалдар келтіреміз: 1) кәсіпорынның есеп айырысу шотына 
2005 жылы қыркүйек айының 21 жұлдызындағы № 396 төлем
тапсырмасына сәйкес, сатып алушылардан 890000 теңге сомада 
ақша келіп түсті. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше 
болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1040 — 1210 = 890000 1 типті операция 
А (+) А (-) 
2) кәсіпорында 2005 жылы наурыздың 24 жұлдызындағы № 639 
төлем тапсырмасы мен келісім шарттарына сәйкес, 1400000 теңге 
сомада тауар-материалдық қорларды жеткізіп беру үшін аванстар 
алынды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1040 — 3510 = 1400000 3 типті операция 
А (+) П (+)
ә) Банктердің және банктерден тыс несиелерінен. Бұл есептер
№ 3010, 3020 «Банктік қарыздар» пассивті шоттарында бейнеленеді. 
Активтер несиелер нәтижесінде пайда болатындықтан, шаруашы-
лық операцияның жазуы № 1040 шоттың дебетіне № 3010—3020 
шоттардың кредитінен жасалады. Проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
1040 — 3010, 3020 Банктердің келісім шарттары,
есептер, төлем тапсырмалары
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана 
пассивті шоттар орналасқан. Пассивті шот (№ 3010, 3020) орналасқан 
кезде баланстың активі мен пассиві көбейетін 3 типті «Активті-
пассивті» операция орын алады (бір жағынан ақша қаражаттары, 
ал екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға несиелер бойынша 


164
кредиторлық қарыздардың көлемі көбейеді). Бұл жағдай жазудың 
дұрыстығын білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет