Бухгалтерлік есеп



Pdf көрінісі
бет107/162
Дата08.04.2024
өлшемі2.74 Mb.
#497964
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   162
Бухгалтерлік есеп 4

Мысалдар келтіреміз: 1) есеп айырысу шотынан еншілес ұйым-
дардың есебінен 2005 жылы наурыз айының 23 жұлдызындағы № 89 
төлем тапсырмасына сәйкес, 500000 теңге сомаға төлем жасалды. 
Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1220 — 1040 = 500000 1 типті операция
А (+) А (-) 
2) еншілес кәсіпорынға 2005 жылы мамыр айының 6 жұлдызын-
дағы № 49 шот-фактураға сәйкес, 900000 теңгеге дайын өнім 
өткізілді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады: 
Дт Кт Сома Ескерту
1220 — 6010 = 900000 3 типті операция
А (+) П (+)
е) Басқа қысқа мерзімді дебиторлық берешектер бойынша. Олар 
бойынша есеп айырысу № 1250, 1270, 1280, 1420 «Басқа дебиторлық 
қарыздар» активті шоттарында бейнеленеді. Олардың келіп шығу 
көздері: өтелуге тиіс ҚҚС, есептелген сыйақылар, қызметкер мен 
басқа тұлғалардың қарыздары, дауласулар бойынша есептерді 
қоса, өзге дебиторлық қарыздар болатындықтан, жазу № 1250–1420 
шоттардың дебетіне № 1010, 1040, 3310, 3350, 3390, 6120, 6210, 6280 
шоттардың кредитінен жасалады.


175
Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
1250—1420 1010, 1040, 3310, 3350, Төлем тапсырмалары,
3390, 6120, 6210, 6280 шығыс кассалық ордерлер,
еңбекақы бойынша бет есептер,
келісім шарттар, сыйақылардың есептері
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында активті 
және пассивті шоттар орналасқан. Активті шот (№ 1010, 1040) жай-
ғасқан жағдайда 1 типті «Активті-активті» операция орын алады, 
яғни баланстың активінде тек қана өзгерістер болады (бір жағынан 
дебиторлық қарыздар көбейеді, ал екінші жағынан сол сомаға 
кәсіпорынның ақша қаражаттары шығыс етіледі).
Пассивті шот (№ 3310, 3350, 6120, 6210, 6280) жайғасқан жағдайда 
баланстың активі мен пассивінде көбею жағына өзгерістер болатын 
3 типті «Активті-пассивті» операция орын алады (бір жағынан 
дебиторлық қарыздар, ал екінші жағынан бір мезгілде жеткізушілер 
мен еңбекақы бойынша кредиторлық қарыздар, сондай-ақ негізгі 
және негізгі емес қызметтен түскен табыстар көбейеді). Бұл жағдай 
жазудың дұрыстығын білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет