163
(бір жағынан ақша қаражаттары, ал екінші жағынан бір мезгілде сол
сомаға алынған аванстар бойынша кредиторлық қарыздар көбейеді).
Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысалдар келтіреміз: 1) кәсіпорынның есеп айырысу шотына
2005 жылы қыркүйек айының 21 жұлдызындағы № 396 төлем
тапсырмасына сәйкес, сатып алушылардан 890000 теңге сомада
ақша келіп түсті. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше
болады:
Дт Кт
Сома Ескерту
1040 — 1210 = 890000 1 типті операция
А (+) А (-)
2) кәсіпорында 2005 жылы наурыздың 24 жұлдызындағы № 639
төлем тапсырмасы мен келісім шарттарына сәйкес, 1400000 теңге
сомада тауар-материалдық қорларды жеткізіп беру үшін
аванстар
алынды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1040 — 3510 = 1400000 3 типті операция
А (+) П (+)
ә) Банктердің және банктерден тыс несиелерінен. Бұл есептер
№ 3010, 3020 «Банктік қарыздар» пассивті шоттарында бейнеленеді.
Активтер несиелер нәтижесінде
пайда болатындықтан, шаруашы-
лық операцияның жазуы № 1040 шоттың дебетіне № 3010—3020
шоттардың кредитінен жасалады. Проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
1040 — 3010, 3020 Банктердің келісім шарттары,
есептер,
төлем тапсырмалары
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана
пассивті шоттар орналасқан. Пассивті шот (№ 3010, 3020) орналасқан
кезде баланстың активі мен пассиві көбейетін 3 типті «Активті-
пассивті» операция орын алады (бір жағынан ақша қаражаттары,
ал екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға несиелер бойынша
164
кредиторлық қарыздардың көлемі көбейеді).
Бұл жағдай жазудың
дұрыстығын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: