Өлшеу нәтижелерін өңдеу 1. (11) формуланы қолданып, әр Iэл мәні үшін В магнит индукциясының
мәндерін есептеңіз.
2. (12) формула бойынша әр В магнит индукциясының мәні үшін U Холл
кернеуін есептеңіз. Есептеу нәтижелерін кестеге жазыңыз.
3. Алынған мәліметтер бойынша U = f(B) тәуелділік графигін
тұрғызыңыз.
4. Орташа нүкте мен нөлдік нүкте арқылы түзу жүргізіңіз: В = 0 кезде U =
0 екені белгілі.
5. Тәжірибеде алынған түзудің бұрыштық коэффициентін және оның
салыстырмалы кателігін 𝛿
к
, анықта (1 қосымшаны қара).
6. (10) формуланы қолданып, зерттеліп отырған жартылай өткізгіштің
Холл тұрақтысының мәнін аныкта:
𝑅 = 𝐾
𝑑
𝐼
=. . . м
3
/Кл
7. R шамасының салыстырмалы қателігін бағала: 𝛿
𝑅
= √𝛿
𝑘
+ 𝛿
𝐼
8. (8) және (9) өрнектерінің негізінде зерттелініп отырған жартылай
өткізгіштегі кемтіктердің п концентрациясын есептеңіз:
𝑛 =
𝑟
𝑅𝑒
=. . .1/м
3
9. Салыстырмалы қателік 𝛿
𝑛
= 𝛿
𝑅
деп қабылдап, n шамасының сенімділік
интервалын табыңыз.
10. Қорытынды жасау үшін, осы жұмыста Холл эффектісінің қандай
заңдылықтары зерттелгенін және Холл датчигінің қолдану мүмкіндіктерін
атаңыз.
Бақылау сұрақтары 1. Холл эффектісі деген не?
2. Холл құбылысы қандай шарттарда байқалады?
3. Холл кернеуінің пайда болу себебін атаңыз.
4. Қозғалған электронға әсер ететін Лоренц күші қайда бағытталады?
5. Холл эффектісін бақылау кезінде жартылай өткізгіштің
пластинкасындағы электр және магнит өрістерінің және В векторларының
бағыттарын суретте көрсетіңіз.
6. Холл кернеуі пластинканың қандай қабырғаларының арасында пайда
болады? Қабырғаларының ток пен В магнит өрісіне қатысты орналасуын
көрсетіңіз.
7. Бұл жұмыста а) миллиамперметр; б) цифрлық вольтметр қандай
шамаларды өлшеу үшін қолданылады?
8. a) миллиамперметр; б) цифрлық вольтметрді Холл датчигінің қай
қабырғаларына қосады?
9. Егер а) датчиктің жұмыс тогының шамасы мен бағытын; б)
Электромагнит орамдарындағы токтың шамасы мен бағытын өзгертсе,
Холл құбылысының қандай шамалары мен параметрлері өзгереді?
10. Холл тұрақтысын өлшеу үшін жартылай өткізгіш пластинканың
өлшемі кандай болу қажет?
11. Холл кернеуін қандай тәсілмен өлшейді?
12. Жартылай өткізгіштің өткізгіш электрондарының концентрациясын
есептеу үшін осы жұмыста қолданылатын формулаларды жазыңыз.
Әдебиет