Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет70/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   348
18.08.2023 dis

даңққұмар, Тұлпарларын тебініп даңқтылар, Тұғырларды сендер де 
тежемеңдер, Алып шығар немесе қалып тынар (М.Мақатаев, Шығ.). Адам 
бойындағы өзімшілдік, атаққұмар мінез жайлы баяндалады. 
Бұл жұрт өзін би қойғыш, сондай «жекешап» дүмкеуделерді «жақсы» 
атандыруға неге албыртады! (Ж.Ахмади, Жүрек қартайса). Мақтаншақ, ар 
жағында түгі жоқ адамға дүм кеуде мінез деп атайды. Бастығымыз Ерден 
деген қатыгез, нойыс, тоңмойын, қатал жан еді (З.Шашкин, Ақбота). Мұнда 
дойыр мінезді, дөкір адамды нойыс мінезді деп атаған. 
Қазақ халқы ықылым заманнан бастап өзінің салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын, 
өнерлі де сән-салтанатты өмір-тіршілігін, жауынгерлік ерлігін паш ететін 
тектілігімен тарих сахнасынан өз орнын алған халық. Ұлттық болмыстағы 
тектілік қасиеттен, салт-дәстүрден бейхабар азаматын «әдепсіз, көргенсіз, 
тексіз» санаған.
Ұлттық мінез әйелге қойылатын халқымыздың талап-талғамында, 
сынында екені белгілі. Ал олар әйел сұлулығымен қатар, оның 
қылықтылығымен, төзімділігімен, байсалдылығымен ерекшеленген. Қазақ 
аруларына тән дархандық, кеңдік, меймандостық, қонақжайлық – бәрі де кең 
байтақ даламыздан тамыр алып қалыптасқан ұлттық тектілік қасиеттер.
Қазақ қыз бала тәрбиесінің өткені мен бүгінгісін сипаттайтын салт-
дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, мақал-мәтелдер, ырым-тыйымдарды, қыздарға 
байланысты туыстық қарым-қатынастарды тереңірек қарастыруға тырыстық. 
Ер адамның қоғамдағы болмысы отбасын асырау, жерінің тыныштығы мен 
елінің амандығын қамтамасыз ету. Қазақ халқында нағыз жігіт уәдесіне берік, 
ержүрек, екі сөйлемейтін, батыл және т.б. мінез атауларына сай болуы керек. 
Және де жоғарыда көрсетілген ер адамға қатысты мінез атауларына сәйкес 
қоғамда ер жігіттеріміз болған. 
Ер адам мен әйел адамның мінез атауларын зерттеу барысында, ұлттық 
дәстүріміздегі әйел бейнесі, келін қандай болу керек, қыз бала тәрбиесі жайлы 
зерттелген тақырыптарды, жазылған мақалаларды көптеп кездестірдік. Алайда 
ер адамның ұлттық болмысы, тәрбиесі жайлы жазылған еңбектер жоқтың қасы. 
Бұдан түйіндейтініміз қазақ қоғамында, отбасында әйелге артылар жүк пен 
жауапкершіліктің үлкендігін аңғарамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет