Қазіргі қазақ мәтіндерінде жиі қолданылған мінез атауларының
салыстырмалы кестесі
Ряд 1
115
(809), күшті (798), зиялы (702), жауапты (660), әділ (620), сенімді (598),
жомарт (523), ақылды (509), әдепті (488), іскер (480), батыл (477), өткір (443),
жайлы (407), дана (389), батыр (388), мұқият (366), саналы (364), қалыпты
(355), талантты (354), жұмсақ (352), ізденімпаз (344), сауатты (321), ұлтшыл
(319), түзу (319), жағымды (293), көңілді (293), ойшыл (269), жетік (262),
қуатты (234), әлеуетті (232), тәртіпті (229), мейірімді (226), беделді (219),
ерке (202), қайсар (196), білгір (179), алғыр (166), сыпайы (165), сүйкімді (164),
момын (156), салмақты (150), тапқыр (143), білікті (133), сыйлы (128), талапты
(126), жүректі (122), қырағы (121), қайырымды (118), ержүрек (114), өжет
(113), мінезді (112), кемеңгер (111), ұнамды (111), тұйық (105), текті (103),
кәсіпқой (101), табанды (100), зерек (98), еңбекқор (96), ұлтжанды (90), пысық
(85), сабырлы (85), шыншыл (81), тиянақты (79), сезімтал (77), ұяң (76),
еңбексүйгіш (75), қайратты (75), жайдары (74), салиқалы (72), байсалды (70),
жаңашыл (70), жинақы (70), айбынды (69), қонақжай (67), ынталы (66), дарқан
(65), зерделі (63), бейқам (60), жалынды (60), білгіш (59), икемді (59), ақкөңіл
(57), арлы (55), ширақ (54), аңғал (50), жайсаң (50), отансүйгіш (50), иманды
(40), кішіпейіл (40), мейірбан (39), намысты (38), өрелі (34), байыпты (33),
момақан (33), әлжуаз (31), көргенді (28), тәлімді (26), инабатты (23), ділмар
(22), қиялшыл (20), талғампаз (20), елгезек (17), құлықты (17), тақуа (17),
ымырашыл (17).
Ал жағымсыз деп бағаланған мінез атауларының саны – 52, яғни
жағымдыға қарағанда жағымсыз мінез атаулары аз қолданылатыны белгілі
болып шықты. Олар: қатты (2995), қиын (1702), жаман (1459), қатал (353),
жағымсыз (296), қорқақ (230), қырсық (214), пәле (172), тентек (172), жынды
(170), әділетсіз (160), жалқау (144), қатыгез (133), жауыз (129), оңбаған (122),
қаһарлы (112), жағымпаз (97), білімсіз (96), бұзық (91), сараң (90), сорақы (90),
сұм (90), қырсықты (89), мақтаншақ (75), айлакер (74), озбыр (70), арсыз (66),
жексұрын (66), дүлей (65), зұлым (62), еріншек (59), долы (52), сотқар (50),
содыр (46), әдепсіз (45), ақылсыз (43), сайқал (43), опасыз (42), күншіл (41),
сыншыл (41), маңғаз (39), салғырт (37), мылжың (36), алдамшы (30), қызғаншақ
(28), қыңыр (26), сұрқия (26), ынжық (24), паң (23), шайпау (23), зорлықшыл (22),
жасқаншақ (17).
Жағымды мінез атауынан ең жиісі білімді болса, жағымсыз мінез атуынан
ең жиісі қатал болды. Бірақ екі сөздің кездесу жиілігінде үлкен айырмашылық
бар: 2081-353. Яғни қатал сөзінің өзі де қазіргі қазақ дискурсында аса белсенді
емес.
Сөйтіп, бұл мәліметтерден мынадай түйіндер жасауға болады: біріншіден,
қазіргі ХХІ ғасыр қазақ мәдениетінде жаман мінездерге қарағанда жақсы
мінездерді көбірек атап айту, ізгілік мақсатында адамдар арасында
коммуникацияны жақсарту үшін, яғни мақтау, мадақтау, көтермелеу, рух беру,
қадірін білу мақсатында жиі қолданылуы мүмкін. Сонымен бірге, осы ғасырдың
жаңа дерті жағымпаздық, айлакерлік, саясат мақсатында, адамдар арасында
жасанды қарым қатынас жасауда пайдалантын құрал ретінде қолданылуы
116
мүмкін, яғни шынайы не жалған коммуникацияда жағымды мінез атаулары
ұшыраса беруі мүмкін деген ойға келеміз.
Екіншіден, жиі қолданылатын жағымды мінез атаулары негізінен өзгемен
қарым-қатынас жасау барысында бағаланатын атаулар болып отыр, яғни қазіргі
қазақ мәдениетінде жақсы (8118), көркем (2135), білімді (2081), ашық (1889),
тұрақты (1599), адал (1566), тура (1566), қарапайым (1433), еркін (1250), жан-
жақты (857), белсенді (824), шынайы (809), жауапты (660), әділ (620), сенімді
(598), жомарт (523), ақылды (509), әдепті (488), іскер (480), батыл (477), өткір
(443), жайлы (407).
Үшіншіден, қазақтың жаңа мәдениеті білімділікті мінездің жақсы жағы
ретінде көп бағалайтыны, сондай-ақ тұрақтылық пен қарапайымдылықты
қазақтың ұлттық мінезі ретінде сақтап келе жатқаны белгілі болды. Ал момақан,
әлжуаз, бейқам деген сөздердің жиілігінің аз болуы да қазақ халқының еті
тірілігі, әлемдік өзгерістер мен жаңартуларға бей-жай қарамайтынын көрсететін
деректер деп ойлаймыз.
Төртіншіден, жағымсыз мінез атауларының кездесу жиілігі төмен болуы
адамның жаман мінез сипатына мән берілмеуі, оны маңызды санамауы деп
тануға болады деп ойлаймыз. Сонымен бірге жағымсыз мінез атаулары ғана
болып табылатын сөздердің бұл қатардағы аздығы нақты түйіндер жасауға
кедергі болды. Дегенмен, салыстырмалы түрде жиі қолданылатын қорқақ (230),
қырсық (214), пәле (172), тентек (172), жынды (170), әділетсіз (160), жалқау
(144) сөздері қазіргі қазақ мәдениетінде қорқақ, қырсық, жалқаулықты қазақтың
дәстүрлі мәдениетіндегідей кертартпа қасиеттер санайтынын көрсетеді.
Қазіргі қазақ қоғамында қолынан келсе, келмесе де кез келген жұмысты
жасауға тырысатын, бір тақырыптың не хабардың анығын білмесе де,
қорытынды жасап тастайтын, яғни өзі еш нәрседен хабары болмаса да, бәрін
білетіндей болып көрінетіндер, өз өмірі, жасап отырған ісі, сүріп отырған өмірі
сөзіне кереғар болса да, сол бағытта ақыл айтатындар бар. Ондайлар өзіне-өзі
сондай сенімді, менбілемдігі жоғары болғаннан, өзгелерді ұйытып, иландырып
жібереді. Мұндай рия адамдарды атайтын мінез атауы тек шынайы емес, риясы
бар, жалған деген сөздермен сипатталады. Бірақ, біздіңше, қазір дәл атауын
тапқан жоқ.
Сондай-ақ зеректігі, білімі әлдеқайда терең кісілер кейде өзінесенімі
аздықтан, айтуға, пікірін білдіруге, істі қолға алуға қорғанады. Бірақ мұндай
адамдар керісінше өте ақылдылықтан, қазақ мәдениетіне тән сабырлылықтан, әр
нәрсеге салмақтап, байыппен қарағандықтан, сонымен бірге тәрбиеден өзін өзі
ұстайды, өзі өзіне жоғары талап қояды. Кейде өз қабілетін сыртқа шығаруға
сенімі жетпейді. Осындай мінезде адамдарды қазіргі уақытта қандай мінезді
адам қатарына жатқызуды білмейтін кездер болады. Әсіресе оқушылар
қатарында, сонымен қатар қызметкерлер арасында да.
Қазіргі қазақ қоғамында болсын, жалпы адамзаттың дамуында болсын,
түрлі жақсы сапалар бірыңғай келетін үлкен мінезді адамдар жиі кездеспейді.
Әйтеуір бір жаман мінезі шығуы мүмкін. Бірақ адамдар түрлі жағдайда түрліше
қылық көрсетуі де мүмкін. Қазақ дәстүрлі мәдениетінде бұған қарап оның мінезі
117
нашар деп бағаланбайды. Ол кісінің негізгі басым жағымды мінезі ұсақ нашар
мінездерді жауып кетеді.
Әрине, адам жайсаң, сырбаз, тонның ішкі бауындай бола отырып, тарпаң,
тасыр, томырық мінез шығармайды. Немесе табанды, ұқыпты, жуас бола
отырып, әртіс, дарақы, қатынжанды, желiкпе болмайды. Яғни адамның негізгі,
табан тірейтін базалық мінез сипатынан өзге, әртүрлі жағдаятта пайда болатын
мінез сипаттары шығады. Аңқаулықтан алаңғасарлық, батылдықтан асқақтық,
табандылық шығады.
Мінез адамның өз мақсаты мен міндетін жүзеге асыруда көбінесе
табандылығының деңгейін анықтайтын негіз іспеттес.
Зерттеуші Ә.Нілібаев айтқандай: «Жалпы алғанда мінез – субстанция.
Адамзат ең алғашқы тағылық мінез-құлықты басынан кешіріп, үнемі даму
процесін үздіксіз өмірімен өріп, өткізіп келе жатыр. Мына бір жайды атап айтсақ
болар. Мінез тек адамдарда ғана емес, жан-жануарларда да, өсімдіктер
дүниесінде де, тіпті табиғаттың өзінде де жетерлік. Мысалы, жылдың төрт
мезгілінің әрқайсысының өз мінезі бар. Қыс – қақаған аязды, дауыл, желі үскірік,
ызғарлы, қалың қарлы болып кетсе, көктем – тіршілік басы, жаз жадыраған
жылы, күз барша өсімдік пісіп, жетіліп, жеміс берер берекелі шағы болып келеді.
Сондай-ақ көк аспанның, ғажайып ғарыштың өз мінездері баршылық. Мысалы,
Күн – холерик, ай – сангвиник. Бүкіл ғаламның патшасы – Күн де, уәзірі – Ай.
Ал жұлдыздар ғарыш қоғамының қарапайым мүшелері. Аспан астындағы
физикалық құбылыстардың ішінде бұлттың алатын орны ерекше. Сондықтан
бұлттардың мінездері де өзгеше екенін айтсақ керек. Бұлттың арғы тегі – су. Су
буы аспанға ұшып шығып, бұлтқа айналады. Жер шарының басым бөлігін алып
жатқан судың мінезінің өзі бір төбе.
Мысалы, мұхиттың, теңіздің, көлдің, өзеннің, бұлақтың әрқайсысының
өздеріне тән мінездері бар. Ары қарай тағы да үңіле түссек, таулардың,
геологияның, су түбінің мінездері әр бөлек екенін еске тұтқанымыз жөн.
Жануарлардың да әрқайсысының өзіне ғана тән мінездері болады.
Мысалы, жылқының мінезі, түйенің мінезі, қойдың мінезі, ешкінің мінезі,
жыртқыш аңдардың әрқайсысының өзіндік мінезі, құстардың мінезі, балықтың
мінезі, т.с.с.» [24, б. 169-181].
Достарыңызбен бөлісу: |