2.5 Қазіргі қазақ тіліндегі мінез атауларына қатысты варваризмдер
Қазіргі қазақ ауызша дискурсында варварлық жолмен орыс тілінен енген
сөздер өте көп қолданылады. Олардың қолданылуының бірнеше себептері бар.
Бірақ ішіндегі басты және өзге себептерге негіз болатын себеп қарапайым ғана,
ол – қазақ тілінің қолданысына мән бермеушілік, енжарлық болып отыр. Сондай-
ақ ортаның ықпалы да әсер етеді.
Күнделікті тілімізде кемінде 5 рет қолданып отыратын уже, короче,
общем, пока, ну, тогда, зачем, так, ладно, даже, потом, и, например, или, еще,
просто, наоборот, вообще, может, как всегда, иногда, потому что, конечно,
типа, например, сразу, точно, примерно, потому что, оказывается, главное,
кажется сияқты 10-15 шақты сөз қазір қазақтың төл сөзі ретінде қабылданатын
118
болды [102]. Бұл қатар қыстырма сөздер, шылаулар болғанмен, ендігі қауіп
лексикалық бірліктердің де қазақ сөздерінің орнын басып бара жатқаны. Осы
қатарға мінез сипаттары да кіреді.
Қазіргі уақытта, әсіресе ауызша дискурста кісінің қандай екенін айтарда
бірінші сөзін қазақша бастайды да, ары қарай орыс тіліндегі мінез атауларымен
сипаттап береді. Мысалы, біреуді «жақсы кісі, өте қарапайым» деп алып, ары
қарай аккуратный, добрый, умный, честный деп орысша жалғастырып кету
жаппай тән құбылыс болды. Болмаса, «өте нашар адам» деп алып, гордый,
жадный, зануда, мелочный, наглый, токсичный деп жалғастырып кетеміз.
Шындығында бұл мағынаны беретін, дәл беретін, таратып беретін, сипаттап
беретін қазақ тілінде қаншама сөздер бар екені белгілі.
Зерттеу барысында күнделікті сөздері жазу, диктофонға жазу, назар аудару
арқылы әсіресе қазіргі қазақ жастарының ауызша сөйлеу тілінде мынадай мінез
атаулары орыс тілінде қолданылып кететінін байқадық. Олардың ішінде мына
сияқты жағымды мінез атаулары да бар: активный, аккуратный, амбициозный,
внимательный, добрый, коммуникабельный, креативный, настойчивый,
общительный,
оптимист,
ответственный,
отзывчивый,
открытый,
отходчивый, позитивный, простой, прямолинейный, пунктуальный, реалист,
сдержанный, сильный, скромный, спокойный, справедливый, терпеливый,
умный, хороший, честный, чистоплотный, щедрый, эмоциональный.
Сондай-ақ безответственный, вспыльчивый, гиперактивный, гордый,
жадный, зануда, замкнутый, легкомысленный, ленивый, медлительный,
мелочный, наглый, непослушный, непунктуальный, неусидчивый, самолюбивый,
скрытный, скупой, тихий, токсичный, упрямый, эгоист сияқты жағымсыз мінез
атаулары да бар .
Төменде «Орысша-қазақша сөздікте» берілген аудармаларына түзетулер
енгізе отырып, бұл сөздердің қазақ тілінде мынадай атаулары бар екенін
көрсетеміз. Жағымды мінез атаулары:
активный – белсенді
аккуратный – ұқыпты, жинақы
амбициозный – аудармасы жоқ
внимательный – ұқыпты, зейінді
добрый – мейірімді, қайырымды, кеңпейіл
коммуникабельный – ашық, жайдары, тез тіл табысатын
креативный – аудармасы жоқ
настойчивый – табанды, қайсар, өз дегенінен қайтпайтын
общительный – аудармасы жоқ
оптимист – аудармасы сәйкес емес
ответственный – жауапты
отзывчивый – қайырымды
открытый – ашық, ақжарқын
отходчивый – көнбіс, жұмсақ
позитивный – аудармасы жоқ
простой – кішіпейіл, қарапайым
119
прямолинейный – тік, тура
пунктуальный – жауапты
реалист – аудармасы сәйкес емес
сдержанный – ұстамды, шыдамды, сабырлы, байсалды
сильный – күшті, қайсар, мықты
скромный – қарапайым, кішіпейіл
спокойный – сабырлы, байыпты, салмақты; тыныш
справедливый – әділ, тура
терпеливый – шыдамды, төзімді, сабырлы
умный – ақылды, есті
хороший – жақсы
честный – адал, таза
чистоплотный – таза, үсті-басына кір жуытпайтын, ұқыпты
щедрый – жомарт, мырза, қолы ашық
эмоциональный – қызба, қызуқанды [95].
Сондай-ақ жағымсыз мінез атаулары:
безответственный – жауапсыз
вспыльчивый – шамданғыш, шамшыл
гиперактивный – аудармасы жоқ
гордый – паң, тәкәппар, менмен, өркөкірек
жадный – қомағай, тойымсыз, сараң
зануда – аудармасы жоқ
замкнутый – тұйық
легкомысленный –ұшқалақ, жеңілтек
ленивый – жалқау
медлительный – жайбасар
мелочный – уақ-түйекшіл, ұсақшыл
наглый – бетпақ, көкбет, озбыр адам
непослушный – тілазар, кежір, қияңқы, тіл алмайтын, бетімен кеткен
непунктуальный – аудармасы жоқ
неусидчивый –жеңілтек, ұшқалақ
самолюбивый – өзімшіл, намысқой
скрытный – тұйық
скупой – сараң
токсичный – зәрлі
упрямый – қиқар
эгоист – өзімшіл [103] .
Көріп отырғанымыздай, варварлық түрде қолданылып кете беретін орыс
тіліндегі мінез атауларының қазақ тілінде бір емес, кейде бірнеше атаулары бар.
Және бұлар дәл сол ұғымда нақты бере алады. Ендеше қазіргі қазақ
мәдениетінде, әсіресе жастар мәдениетінде сөздің, сындық атаудың орыс
тіліндегі лексикалық бірлігі алдыңғы қатарлы, заманауи болып көрінетін түсінік
алға шығып кеткендіктен және тілге деген салақтықтан қате қолданылып жүр.
120
Алайда аталған сөздікте жоғарыдағы біраз сөздердің аудармасы сәйкес
келмегенін айтуымыз керек. Және сөздікте қате аударылған тұстарына түзетулер
енгізе отырып, дәл деген аудармалары берілді. Дегенмен, бұлардың ішінде
амбициозный,
креативный,
оптимист,
позитивный,
реалист
және
гиперактивный, зануда, непунктуальный сөздерінің аудармасы жоқ немесе болса
да сәйкес емес болып шықты. Амбициозный – ұрда-жық, сен тұр, мен атайын,
креативный – ерекше ойлы, жасампаздығы бар, оптимист – ақпейіл,
позитивный – жайдары мінезді, реалист – шыншыл және гиперактивный –
жыбырлап қалған, зануда – ит мінезді, непунктуальный – жайбасар деген
сипаттама баламаларымен айтуға болады. Бұл соңғы атаулар адам мінезін атау
қызметінде кейінгі кезде ғана жиі қолданыла бастағандықтан да және қазақ
мәдениетінде бұндай сипатты атаулар енді айтыла бастағандықтан аудармалары
дәл шықпауы мүмкін немесе тіптен сәйкес атауы болмауы да мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |