26
қалыптастыруда басшылыққа алынатын негізгі ұстанымның бірі –
білімнің
беріктігі ұстанымы. Бұл ұстанымның мәні – оқушылардың меңгерген
білімдерінің берік әрі тиянақты болуы. Ол жоғарыда аталған ұстанымдардың
өзара байланысын қамтамасыз еткен жағдайда ғана іске асады,
яғни аталған
ұстанымдардың барлығына тәуелді болып келеді. Оқушылардың алған білімі
жүйелі, берік, тиянақты, терең болуы үшін мынадай мәселелер ескерілуі тиіс:
өтілген тарауларды, тақырыптарды үнемі қайталап отыру: а) күнделікті
сабақ барысында; ә) белгілі бір тақырыпты немесе тарауды, бөлімді аяқтаған
уақытта; б) тоқсан аяғында; в) оқу жылының басында және соңында;
өтілген тақырыпты практикалық жаттығулармен (ауызша,
жазбаша
тапсырмалар,
жаттығулар,
тәжірибелік-бақылау
жұмыстары,
т.б.)
байланыстырып отыру;
оқушылардың білім сапасын есепке алып отыру (тексеру және бағалау),
кемшіліктерін анықтап, тиісті жұмыс жүргізу;
өтілген оқу материалындағы өзекті мәселелерді, негізгі ережелер мен
ұғымдарды есте сақтауларын қамтамасыз ету.
Мектептегі оқу-тәрбие үдерісінде
мәдениеттендiру және
ізгілендіру
ұстанымының алар орны айрықша. Бүгінгі оқушы – оқу-тәрбие үдерісіндегі
орталық тұлға, ертеңгі Қазақстан Республикасының азаматы,
еліміздің саяси,
экономикалық, әлеуметтік дамуына өз үлесін қосатын қызметкер немесе
жұмысшы.
Сондықтан да олардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырумен
қатар, мәдени-рухани дамуына, яғни оқушылардың жалпы мәдениетiн
көтеруге
баса көңiл бөлiнiп, жеке бас гигиенасынан бастап, жалпы халықтық
мәдениет туралы мәлiметтер беруге дейін мән берілуі керек. Сондықтан әрбір
пән бойынша берілетін білімнің мазмұны мен көлемін анықтағанда ұғымдық-
ақпараттық
материалдармен шектелмей,
әдебиет, сәулет,
өнер,
ғылым
салаларынан да белгілі бір деңгейде мағлұматтардың енгізілуін ескеру қажет.
Қорыта келе, бастауыш мектептегі оқыту үдерісінде оқушылардың
функционалдық
сауаттылығын
қалыптастыруда
жоғарыда
аталған
ұстанымдардың
қай-қайсысының
да
қызметі
ерекше.
Себебі,
бұл
ұстанымдардың негізінде ұйымдастырылған оқыту үдерісі оқушылардың
берілген білімді жүйелі, терең, берік, сабақтастықта және біртұтастықта,
ғылыми білімдер жүйесін практикамен байланыста, жеңiлден ауырға,
қарапайымнан күрделіге, нақтыдан белгiсiзге қарай жүретін бағытта белсенді
түрде әрі қызығушылықпен меңгеруін қамтамасыз ете алады. Сондықтан да
біз осы әдістемелік құралда бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық
сауаттылығын қалыптастырудың педагогикалық мүмкіндіктерін қарастыру
барысында оларды тығыз байланыста, оқытудың мақсат-міндеттері мен
мазмұнына тәуелділікте жүзеге асырудың маңыздылығын
баса көрсеткіміз
келді.