Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет2/35
Дата11.04.2024
өлшемі0.68 Mb.
#498403
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Алтынсарин. бастауыш (1)

Әдістемелік құралды жазу мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының
функционалдық
сауаттылығын
қалыптастырудың
психологиялық-
педагогикалық және әдістемелік негіздерін әзірлеу.
Әдістемелік құралды жазудың міндеттері:

бастауыш
сынып оқушыларының
функционалдық
сауаттылығын
қалыптастыру жөніндегі шетелдік тәжірибені зерделеу және талдау;

бастауыш
мектепті бітірушінің
функционалдық
сауаттылығының
моделін құрастыру.
Кіріспе
зерттеуге 
алынған 
мәселенің
көкейтестілігінен,
қарама-
қайшылығы, проблемасы, мақсаты, объектісі, міндеттері,
әдіснамалық және
теориялық негіздерінен тұрады.
Бірінші тарау:
«Бастауыш сынып
оқушыларының
функционалдық
сауаттылығын қалыптастырудың психологиялық негізі» деп аталса, екінші
тарау «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын
қалыптастырудың педагогикалық негізі», ал үшінші тарауда «Бастауыш сынып
оқушыларына функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың әдістемесі»
деп аталады.
Қорытынды:
бастауыш 
сынып 
оқушыларының
функционалдық
сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған теориялық қортындылар мен
әдістемелік ұсынымдардан тұрады.


6
1 Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын
қалыптастырудың психологиялық негізі
Сауаттылық ұғымы – дәстүрлі түрде жеке тұлғаның грамматикалық
нормаларға сай оқу, мен жазу дағдыларын игеру дәрежесі. Ұлттың мінез -
құлқына сай – бірден - бір базалық көрсеткіштер мен әлеуметтік - мәдени
дамуының бет - бейнесі болып табылады. Сауаттылық ұғымының мазмұны
тарихи тұрғыда қоғамдық талаптар мен индивидке қойылатын талаптардың ең
төменгі шектік деңгейінің өзгеруіне байланысты өзгеріске ұшырады.
1969 жылы қыркүйек айында Тегеран қаласында өткен сауатсыздықты
жою бойынша ағарту саласы министрлерінің Дүниежүзілік конгресінде
«функционалдық сауаттылық» термині енгізілген болатын, ал 1978 жылы БҰҰ
ұсынысы бойынша конгресс шешімі қайта қаралып, «Білім беру саласы
статистикасын халықаралық стандартизациялау» туралы құжатқа өзгерістер
енгізілді. Термин мазмұнының қайта редакциялануына орай функционалды
топтардың тиімді әрекет етуіне қажетті барлық іс - әрекет саласына еркін енуі
функционалдық сауаттылықтың жаңа көрсеткіші болып табылады.
Қазіргі кезеңде «функционалдық сауаттылық» ұғымы мағынасы жан-
жақты зерттеліп,
қоғам дамуын тежеуші сауатсыздықты жою мағынасында
ғана 
емес,
ұғымдық
мағынасы 
іс-
әрекеттің
нәтижесі 
тұрғысында
сауатсыздықты жою механизімдері мен тәсілдерін іздеу мәселесі ретінде де
қарастырылады.
Қазіргі 
ақпараттанған 
жаңа
қоғамда 
функционалдық
сауаттылық барлық қоғамдық деңгейлердің әрекет нәтижесінің жетістік түйіні
болмақ. Жаңа сипатта «функционалдық сауаттылық» мағыналық тұрғыда
кеңейіп, мәдениеттілік атрибуты дәрежесіне дейін көтерілді.
Функционалдық сауаттылық ұғымы ғылыми - техникалық талаптар мен
әлеуметтік прогресс нәтижесінде пайда болып, мағыналық тұрғыда әмбебап
сипатта ғана емес, мәдени – тарихи сипатта да қолданылады. Себебі Кеңестік
кезеңнің
алғашқы 10 жылдығында азататтың
оқи білуі, жаза білуі,
арифметикалық төрт амалды білуі қызметтік әрекетті игеріп кетудің негізгі
көрсеткіші болды. Қазіргі кезеңде сауаттылық ұғымының ауқымы кеңейіп,
оның көрсеткіштері түрліше сипатталады.
И.А.Мещеряков функционалдық сауаттылық - (ағылшын тілінде functional
literacy) - дағды мен білімді қамтамасыз ететін жеке тұлғаны дамытуға, жаңа
білім алу мен мәдениет жетістіктерін игеруге бағытталған білім нәтижесі, жаңа
техниканы қолдануды игеру, кәсіби міндеттерді жетік меңгеру, жанұялық
өмірдегі сәтті үйлесімділік құра білу, өмірлік түрлі жағдаяттарды шеше алу деп
анықтама берді.
Бастауыш білім беру деңгейінде өздік ерекшелігіне сай біртұтас орта білім
беру жүйесінде оқу әрекетінің негізгі білігін игертуді қамтамасыз ету маңызды
шарты болып табылады. Бастауыш сынып оқушысы орындайтын оқу әрекеті
мен басқа (ойын, спорттық, бейнелеу, еңбек) әрекеттер кешені тұлғлық
дамуында басты роль атқарады. Мектеп оқушысында
пайда болған
субъектівтілік қасиеттерінің көрсеткіштері оның функционалдық сауаттылығын
қалыптасуының көрсеткіші болып табылады. Бастауыш мектеп оқушысында


7
оқу - әрекеті арқылы қалыптасатын сауаттылық оқу әрекетінен тыс жағдайда
қалыптасуы мүмкін емес. Сондықтан бастауыш мектепте кез - келген пәнге
оқытудың
мақсатты функциясы оқушыда
өздігінен
әрекет ету білігін
қалыптастыру болып табылады. Бастауыш сынып оқушысы мектепке келгенде
оқуға, мұғалімменен ынтымақтасуға талпынысы мол болады. Ал келесі
деңгейде мұғалімнің басшылығымен шағын топтарда оқу ынтымақтастығын
ұйымдастыруымен өздігінен әрекет етуі күшейеді. Ал келесі деңгейде ең
жоғарғы шектік мөлшерде өздігінен оқу әрекетін орындауға, құрдастарымен
және білімін толықтыру бағытында мұғалімдермен әрекет құруға, жеке оқу
белсенділігінің арту
қабілеті байқалады. Соңғы деңгейде оқушы мұғалім
позициясын игереді.
Н.Г.Калашникова «Идеал мектеп оқушысының портретін» қалыптастыру
үшін оқушыда келесі қарым - қатынас сферасы қалыптасуы керек деп атап өтті:
‒ оқушысы тұлғасының мотивациялық - бағалау сферасы;
‒ рухани - көркем- бейнелік сферасы;
‒ қарым - қатынас сферасы арқылы;
‒ білімді игеру әрекеті сферасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет