36
- компьютерлік сауат ашудың бастау негізі;
- ойды логикалық түрде дамыту;
- алгоритмдік білімді жетілдіру мен мақсатты шешудегі жүйелілік;
- компьютерді үйренудің оңай жолдарын іздеу.
Жоғары сыныпта информатиканы оқыту жеке бағдарламамен жүзеге асуда.
Ал бастауышта бұл жеке пән ретінде ғана емес, басқа негізгі пәндерді
қолдаушы пән ретінде жүргені тиімді. Өйткені, компьютерді үйрену
кезіндегі
мәтін теру, қате түзету, сурет салу, есептің немесе әрекеттің алгоритмін құру
сияқты практикалық жұмыстар мен тапсырмалар қазақ тілі, орыс тілі, бейнелеу
және математика пәндерімен сабақтасады.
1) «Информатика» пәнін игеруде балалардың жас ерекшеліктерін ескере
отырып, оқытудағы пәннің мақсаты мен міндетін, қажеттілігін түсіндіру керек.
Мысалы: Сендер ақпарат әлемiне саяхатқа аттанатын боласыңдар. Бұл саяхат
мектептегі оқудың барлық кезеңдерiнде жүрiп жатады.
Сол сияқты мектептi
бiтiргеннен кейiн де жалғасатын болады. Бұл тамаша әлем өте кең, сондықтан
онда адасып кетуiң де мүмкiн. Сондықтан, мұндай қауiптен құтылу үшiн осы
әлемдегi саяхатқа қажеттi тәртiп ережелерiн үйренiп алуың қажет.
2) Ақпараттық мәдениет негiздерiн игеру
Әдiстемелiк нұсқаулар:
Ендi бiздi қоршаған тамаша әлемге қарап, жан-жағымызға зер салайық.
Айналамыздағы түрлi заттарға назар аударайық:
гүлдер
жайқалады, құстар
сайрайды, күн шығып тұр, жаңбыр жауып тұр, ыстық жаз өтiп, күз келедi де, ол
қарлы қысқа ұласады. Бiз
ақпаратты гүлдiң иiсiн сезу, сiркiреп жауған жаңбыр
тамшысының тырсылын есту, күннiң шыққанын көру сияқты әрекеттер арқылы
аламыз. Оны кiтап оқу, теледидар көру арқылы алу мүмкiндiгiмiз бар. Ал
теледидардан көрген ертегiңдi досыңа айтып беретiн болсаң, онда сен досыңа
ақпарат бересiң. Ертегiнi бейнемагнитофонға
жазу арқылы бұл ақпаратты
сақтай аласың. Ақпараттық қоғам жағдайында сендер оны ғаламтор арқылы
алуларыңа және электрондық пошта арқылы алыстағы туыстарыңа хат
жазуларыңа болады. Сондықтан осы айтылғандардың барлығын бiз бiртiндеп
үйренуiмiз керек. Ақпараттық қоғам жағдайында
кез келген адам ақпарат
көздерiмен жұмыс жасай бiлудi, оны сақтауды, өңдеудi және дұрыс қолдана
бiлу сияқты әрекеттердi үйрену арқылы ақпараттық мәдениетiн қалыптастыра
алады.
Достарыңызбен бөлісу: