Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру


- Мемлекеттік ақпараттық сақтану жүйелерін -



Pdf көрінісі
бет22/35
Дата11.04.2024
өлшемі0.68 Mb.
#498403
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35
Алтынсарин. бастауыш (1)

Мемлекеттік
ақпараттық сақтану
жүйелерін
компьютердің
қосымша, яғни
перифериялық
құрылғыларын және
олардың
функцияларын
ақпараттық және
коммуникациялық
технологиялардың қосымша
бөліктері мен олардың
функцияларын
- ақпараттық және
телекоммуникациялық
жүйелердің қосымша
бөліктері мен олардың
функцияларын


42
- MS Windows
стандартты ортасын
- MS Office
элементарлық
негіздерін
негізгі қолданбалы
бағдарламалар және жүйелік
бағдарламалар: офистік
бағдарламалар, корпоративті
ақпараттық жүйелер,
мультимедиа, интернет
- кең таралған
қолданбалы және
жүйелік бағдарламалар:
жобалау жүйелері,
ғылыми бағдарламалық
жасақтама,
геоинформациялық
жүйелер
- ақпараттық
жүйелердің қолданылу
орны: ролі және
функцияларын
ақпараттық жүйелердің
мазмұны, құрамын
- ақпараттық жүйелердің
деңгейлерін
- ақпараттық
технологияның ролі
мен функцияларын
ақпараттық технологияның
мазмұны және құрамын
- ақпараттық
технологияның
деңгейлерін
- Интернеттің
элементарлық негіздері
- веб-сайт,
электрондық пошта,
веб-форум, веб-чат,
электрондық дүкен
- Ethernet, Extranet, Intranet
және Internet желілік
жүйелері - Google, Yandex,
Yahoo, Aport ақпараттық-
іздеу жүйелері
- e-Learning дистанттық
оқыту
- бейнеконференц
иялық
байланыс
- интерактивті технология
- электрондық сауда
- WWW – World Wide
Web дүниежүзілік
ақпараттық портал
- компьютер көмегімен
өлшеу және есептеу
технологияларының
принциптері
- компьютер мониторингі
- интеллектуалды
машиналар мен роботтар
- электрондық үкімет
- алгоритмдер мен
бағдарламалар
- моделдеу, құрастыру,
жобалау және басқару
бағдарламалары
- компьютерді басқару
нысандары мен
жүйелерінің негіздері
- Интернет желісінен
қосылу
- мәтіндік, графикалық
ақпараттарды құру,
сақтау
- аудио және бейне
ақпараттарды көрсету
- Интернет желісінен қажетті
ақпараттық ресурстарды
іздеу және табу
- инновациялық
технологиялар білімін
қолдана білу
- құжаттарды талдау және
топтау
- қажетті ақпараттық
ресурстар кітапханасын
дүниежүзілік ақпараттық
портал
- Интернет желісі арқылы
жіберу
- графикалық
бағдарламалар Photoshop,
Corel Draw, Adobe
Illustrator
- AutoCAD БҚ


43
«Жаратылыстану» білім саласы
«Дүниетану» пәні
Бастауыш сынып оқушыларында «Адам–Табиғат» жүйесіндегі қоршаған
әлем тұтастығы туралы білім алып, адамзаттың табиғатпен қарым-қатынас
туралы, жалпыадами құндылықтар туралы білігі қалыптасады.
Туған жері, табиғат туралы, табиғат құбылыстары туралы түсініктері
қалыптасып, қоршаған ортаның әр алуандығы, тұтастығы, құндылығы, ондағы
адамның орны, қызметі туралы білім алады.
Күнделікті өмірде, зертханалық жұмыстарда, табиғатқа саяхат кезінде,
тұрмыс-тіршіліктегі өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтау дағдысы қалыптасады.
Қоршаған ортаны сақтау мен қорғауға тәрбиеленеді. Картадан өз Отаны
мен туған жерінің өзен-көлдерін, тауы мен пайдалы қазбаларын көрсету
дағдысы қалыптасады. Тірі және өлі табиғат нысандарын ажырату білігін
дамиды.
Пәндік білімдерін тұрмыс тіршілікте қолдана білу, туған жердің табиғи
байлықтары, өсімдіктері мен жануарлары туралы ақпараттар іздестіре білу
дағдылары қалыптасады.
Табиғат құбылыстарын бақылау, ауа температурасын өлшеу, маусымдық
өзгерістерді салыстыру, қарапайым тәжірибелер жасау, гүл егу, оны күтіп,
баптау дағдылары жетіледі.
Адам мен табиғаттағы тіршілік әрекетінің өзара байланысы, қоршаған орта
заңдылығы мен құбылыстары, нысандары туралы, адамның қоршаған ортамен
өзара қарым-қатынасы туралы, адамның денсаулығы – ең жоғары құндылық
екендігі туралы, аурудың алдын алу мен денсаулықты сақтау шараларының
міндеттілігі туралы, ағзасын күтудегі гигиеналық талаптарды орындаудың
қажеттілігі туралы, денені шынықтыру туралы, салауатты
өмір сүру
дағдыларын сақтау туралы түсініктері қалыптасып, пән бойынша және өмірлік
функционалдық сауаттылығы қалыптасады.
«Жаратылыстану бағытында 1-4 бастауыш сыныптарда «Дүниетану» пәні
оқытылады. Пәннің ерекше мәнге ие болу себебі ол – барлық жаратылыстану
пәндерінің, оның ішінде биология, география, химия, экология пәндерінің
бастамасы болғандықтан, сол пәндер бойынша элементарлық білім негізі
қаланады. Бала дүниеге келегеннен кейін өзін қоршаған барлық дүниені тануға
талпынады. Бастауыш сынып бүлдіршіні – белсенді дүниетанушы. Сондықтан
осы пәнді оқыту арқылы оқушы тұлғасын тәрбиелеуге басты назар аударылады.
Кез-келген ғылым саласы сияқты жаратылыстану бағытындағы пәндер
оқушының ғылыми дүниетанымын қалыптастырып, ғылыми білім жүйесіне
негізделіп, танымның логикалық–саналы тәсілдеріне арқа сүйей отырып,
оқушыға берілетін теориялық біліммен сипатталып, ғылыми категориялар мен
дәлелдерді кеңінен пайдалануға машықтандырады.
Дүниетаным – әлемге және адамға деген жалпылай көзқарастар жүйесі, ол
адам мен қоршаған әлем арасындағы қарым-қатынастар жүйесі. Дүниетаным
жеке тұлғаның өмірлік бағдарламасын, сенімін және арман-мұраттарын,
құндылықтары мен мүдделерін анықтайды.


44
Дүниетанымның негізі ретінде философияның барлық құбылыстары,
жайлары, салалары бір-бірімен тығыз байланыста және бір-біріне кірігіп
жатқандықтан бастауыш мектепте қарапайым түсініктер ретінде қалыптасады.
«Дүниетану» пәнін оқыту мақсаты: оқушылардың дүниеге біртұтас
көзқарастарын қалыптастыру және ондағы адамның орнын түсінуге көмектесу.
Көзқарас қалыптастыру – дүниені танудың бір амалы. Осы тұрғысынан
алғанда 1-сыныпта дүниетанудың бастамасы балалардың күнделікті өмірімен
байланысты, күнде көріп жүрген
қоршаған ортаны
ғылыми тұрғыда
таныстыру болып табылады. Бізді қоршаған табиғаттың өлі және тірі
заттарымен таныстыру қарапайым тұрғыда, бірақ ғылыми ұғымдармен және
қарапайым терминдермен (ағаш, құс – тірі зат, күн, ай т.с.с. тірі, өлі табиғат,
зат) жүргізілуі тиіс.
Бұл ұғымдар 2, 3, 4-сыныптарда бірте-бірте дамытылып, кеңейіп,
тереңдетілуі керек.
Жаратылыс құбылыстарын толыққанды ұғыну үшін ғылымилылығы
ескерілген практикалық тұрғыда орындалатын тапсырмалармен алмасады.
Табиғат жөнінде білім беру бала санасында ғылыми әлем бейнесін
қалыптастыруда маңызы зор.
Адам қайдан шыққан? Оның өмірінің маңызы, мақсаты неде, адамның
табиғатындағы биологиялық және әлеуметтіктің ара қатынасы, байланысы
қандай деген мәселелерді талдауға материал береді. Онда, адамгершіліктің,
өнердің, діннің қайнар көзі қандай? Адам әрекетінің табиғатқа әсері қандай?
Жерде тіршілікті, адамды қалай сақтап қалуға болады?,- деген мәселелерге
үйрету арқылы сауаттылығы
қалыптасады. Ал төменгі сыныпта осы
мәселелерге бастама болатын биологиялық көзқарасты дамытудың тұғыры
мықты қалануы қажет. Табиғатта болатын өзгерістер, табиғат құбылыстары
(көктем, жаз, күз және қысқы мезгілдердегі маусымдық өзгерістер, туған
жердің табиғаты, табиғатты қорғау т. с. с.) «Дүниетану» пәнінің 1-сыныптан
бастап ұғымдардың қалыптасып, бірте-бірте дамуы тұрғысында оқытылуы
қажет.
Тірі табиғатты оқып үйрену жалпы педагогиканың негізгі құрамдас бөлігі
ретінде қарастырылып оқушыларға эстетикалық тәрбие беру жолдарын шешуге
мүмкіндік береді.
«Дүниетану» пәнінде алғашқы «кірпіші» қалануы тиіс бір жағдай әсемдік,
әдемілік сезімдері. Әдемілік (сұлулық) сезімді адамның рухани әлемін байытуға
бағыттау керек, табиғатты эстетикалық (әсемдік) тануды оны игерудің бір қыры
ретінде пайдалану керек. Оқушыға қызықтыра отырып, көрсете отырып
берілген білім оқушы санасында мықты бекіп, іскерлік дағдысының
қалыптасуына әсерін тигізеді. Ал білім мен іскерлік дағдысының қалыптасуы -
функционалдық сауаттылық қалыптастырудың көзі болып табылады.
Ендеше, 
дүниетануды 
оқытуда 
функционалдық
сауаттылық
қалыптастырудың келесі шарттарын анықтайды, ол оқушыларда сұлулықты
көру мен түсіну, бағалау және оны қолымен ұстау, тәжірибе жасау біліктілігін
дамыту шарттары болып табылады. Егер осы шарттар бастауыш сыныпта
орындалғанда оқушының функционалдық сауаттылығы қалыптасады.


45
Егер дүниетану пәні бойынша келесі бағыттағы білім негіздері меңгеріліп,
іс-әрекетте
қолдана 
білуге 
машықтанса, 
жаратылыстану 
бағытында
функционалдық сауаттылықтары (немесе құзыреттіліктері) қалыптасады. Олар
келесі құзыреттіліктермен сипатталады:
1. Табиғат пен әлеуметтік өмір танымының арасында тығыз байланыс
«адам-табиғат-қоғам» жүйесіндегі өзара тәуелділікті түсіну.
2. Қоғамдық
тәртіп ережелерін орындау
қажеттілігін, адамгершілік
тәрбиесі мақсаттарының мәнін түсіну, экологиялық мәдениеттің алғашқы
дағдыларын меңгеруі мен іс-әрекетте көрінеді.
3. Өзінің жеке даралығын сезіну, өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін түсіну,
өзін өзгерту, салауатты өмір салтының маңыздылығын игеруі.
4. Табиғат құбылыстарын салыстыру, олардың жалпы және ерекше
белгілерін ажырату мен өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіне қажетті
жағдайларды білуі.
5. Жергілікті жердегі әртүрлі белгілер бойынша бағытты анықтай алу мен
картадан, глобустан елдерді, құрлықтарды, мұхиттарды таба білуі.
6. Өз
өмірі мен денсаулығын сақтау және
қарапайым
қауіпсіздік
ережелерін білу мен қолдана алуы.
7. Қазақстанның табиғаты және мәдениеті туралы білуі, оған ұқыпты
қарым-қатынас жасау ережесін қолдана алуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет