Есназар асель жаңабергенқызы



Pdf көрінісі
бет13/69
Дата11.04.2024
өлшемі3.69 Mb.
#498404
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   69
dissertation

абсолюттік идея, 
белсенді процесс
зияткерлік әрекет
ақиқатты зерттеу
тіл мен ойдың 
байланысы
танымдық іс-әрекет
логика


25 
ұғымдарына психологиялық және педагогикалық энциклопедиялық сөздіктерде 
берілген анықтамаларға тоқталуды жөн көрдік.
Педагогикалық сөздікте: «ойлау – бұл шындықтың жалпыланған жанама 
көрінісімен сипатталатын адамның танымдық іс-әрекетінің сөйлеумен тығыз 
байланысты процесі», «сөйлеу – адамдардың тіл құралы арқылы қарым-
қатынасының тарихи қалыптасқан түрі. Ойлау мен сөйлеудің тығыз байланысы 
ойлаудың жоғары формаларының қалыптасуын қамтамасыз етеді» [100]. Ал, 
психологиялық энциклопедиялық сөздікте: «ойлау – сыртқы дүние заттары мен 
құбылыстарының байланыс-қатынастарының мида жалпылай және жанама
түрде сөз арқылы бейнеленуі», «адамдардың материалдық өзгертуші іс-
әрекеті процесінде тарихи тұрғыда қалыптасқан тіл арқылы болатын қарым-
қатынас нысаны» [101], - деп анықтама берді. Сөздіктерді қарастыра, ойлау 
мен сөйлеудің мағынасы ауқымды екенін байқадық, өйткені олар белгілі бір 
көзқарасты, процесті, сипатты қамтиды. Сондай-ақ ойлау мен сөйлеу 
ұғымдарына педагогикалық-психологиялық тұрғыда Н.И.Конюхов [102], 
А.В.Морозова [103], М.Кордуэлл [104], И.М.Кондаков [105], Л.С.Выготский 
[106], С.Б.Давлетчина [107], Р.С.Немов [108], В.П. Зинченко [109], 
Ю.В.Байковский [110] және т.б. ғалымдар өз еңбектерінде анықтама берген. 
Ғалымдардың ұғымға берген анықтамалары қосымшада көрсетілген (Қосымша 
А). 
Ал, дағды дегеніміз - автоматты түрде жасауға дейін жеткізілген әрекет; 
көп рет қайталау жолымен қалыптасады. Оқыту процесінде, әсіресе, жалпы оқу 
дағдыларын, пәнаралық мәндегі жазу дағдыларын қалыптастыру қажет. Демек, 
сөйлеу және ойлау дағдылары - оқушылардың салыстырмалы түрде өз бетінше 
саналы әрекет жүйесінде ептілік, тұрақтылық т.б. сапалардың қалыптасуы 
арқылы ойлау мен сөйлеу әрекетінің орындалуы болып табылады. Әрбір дағды 
әрекет ретінде амалдан тұрады. Мысалы, лексикалық дағды - сөз таңдау, сөзді 
орынды қолдану амалдары; грамматикалық дағды - сөйлем құрау, ойды, пікірді 
жарыққа шығару үшін сөйлем құрау амалы; мәтін құрастыру дағдысы - сөйлеу 
стиль түрлерін сақтау, тақырыпқа сәйкес мәтін құрастыру амалдары. Мұндағы 
сөйлеу икемділіктері ойлау деңгейі болып табылады. Оқушының ойлау мен 
сөйлеу дағдысын қалыптастыруда лексикалық дағдыларды, сөйлем құрастыру 
үшін грамматикалық дағдаларды, сөйлеу нәтижелі болу үшін мәтін құрастыра 
білу дағдыларын қалыптастыру керек деп тұжырымдаймыз [145,б. 65]. 
Психология ғылымында ойлау мен сөйлеудің байланысының себептері өте 
ертеден зерттелініп келеді. Осы орайда С.Л.Рубинштейннің зерттеулерінің 
орны ерекше. Ол « ... ойлау мен сөйлеуді бір-бірінен ажыратуға болмайды. 
Сөйлеу, сөз тек сөйлеуге дайын ойды білдіру, сыртқа шығару, басқасына 
жеткізу үшін ғана қызмет етпейді. Сөйлеуде біз ойды тұжырымдаймыз, бірақ 
оны тұжырымдай отырып, біз оны толығымен қалыптастырамыз. Ойлау мен 
сөйлеу бір процестің бірлігіне қосылады. Сөйлеудегі ойлау тек білдіріліп қана 
қоймайды, көп жағдайда ол сөйлеуде орындалады», - деген тұжырым жасаған 
[18,с. 466]. Ғалымның бұл пікірін психологиялық тұрғыдан алғанда, ойлау мен 
сөйлеу тығыз байланыста қалыптасады деп тұжырым жасаймыз. 


26 
Келесі бір талдауларда сөйлеу ұғымын психологтар қарым-қатынастың, 
тілдесудің құралы ретінде қарастырады. Ойлау мен сөйлеудің психологиялық 
негізін салған Л.С.Выготскийдің «Речь и мышления» атты еңбегінде: «сөйлеу – 
бұл ең алдымен әлеуметтік қарым-қатынас, тілдесу және түсіну құралы. 
Қатынас, саналы түсінікке және ойды әдейі жеткізуге негізделген, әрине, 
белгілі құралдар жүйесін талап етеді, еңбек процесінде қарым-қатынас жасау 
қажеттілігінен туындаған және әрқашан адамның сөйлеуі болып қалады. 
Сөйлеу әрекеті – бұл ойды материалдандыру процесі, яғни оны сөзге 
айналдыру. Ол сөздерді дайындау мен іске асыруды жүзеге асыратын сөйлеу 
әрекеттерінен немесе актілерден тұрады» деп түсіндіреді. Ол сөйлеу 
мәлімдемесінің мазмұнына әсер ететін үш түрлі факторды: «психологиялық 
факторлар бар: семантика, модальдылық, лингвистикалық және стилистикалық 
факторлар» деп ашып көрсетті [19,с. 19]. Л.С.Выготскийдің ойынша, ойлау мен 
сөйлеу әрекеттерін дамыту маңызды, яғни айтылған ойды түсіну мен 
түсіндірумен қатар, тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағыларын 
қалыптастыру керек деп есептейді. 
Осы ретте психология ғылымы үшін сөйлеудің дамуын ары қарай 
Н.И.Жинкин қарастырған, ол «Психологические основы развития речи» атты 
мақаласында: «...оқушылардың дұрыс, мағыналы, сауатты сөйлеуін дамытуда 
мұғалімнің жүйелі жұмысы қажет екенін атап өтті. Жұмыс барысында 
сөздердің таңдалуын, құрастырылған сөйлемдердің грамматикалық құрылымын 
және жеке сөйлемдердің логикалық байланысын бақылау қажет. Сөйлеу – бұл 
көптеген адамдардың күшімен дамыған, қоғамға қызмет ететін және қоғамдық 
игілік болып табылатын тілді қолдану процесі» деп тұжырымдады [20,с. 39]. Біз 
жұмысымызда автордың психологиялық тұрғыда ұсынған идеяларын зерттеу 
нысанына пайдалануға болады деп есептейміз. 
Оқушылардың ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыру іс-әрекет 
жүйесі арқылы қарастырылады. Сөйлеудің психологиялық зерттеулеріне 
А.А.Леоньев өзіндік анықтама берді, олар: 
- бірінші түрі – сөйлеу өзіндік әрекет ретінде басқа әрекет түрлерімен 
қатар тұрмайды, бірақ психологиялық даму процесінде орталықта орын алады; 
сөйлеудің дамуы ойлаудың дамуымен байланысты; 
- екінші түрі – сөйлеу көп функциялы сипатқа ие, яғни, әр түрлі іс-
әрекеттерде әрекет етеді;
- үшінші түрі, сөйлеу – бұл полиморфты әрекет; 
- төртінші, сөйлеуде оның физикалық сыртқы жағын, оның пішінін және 
оның мағыналық жағын ажырату керек; 
- бесінші, сөз адамның артикуляциялық сөйлеу бірлігі ретінде, біріншіден, 
пәндік сипатқа ие, екіншіден, мағынасы бар, яғни, жалпылаудың 
тасымалдаушысы болып табылады; 
- алтыншы, сөйлеуді дамыту процесі баланың сөздік қорын және сөздің 
ассоциативті байланыстарын арттыруда көрінетін сандық өзгерістер процесі 
емес, бірақ сапалық өзгерістер, яғни, бұл ойлау мен сананың дамуымен ішкі 
байланысты болатын нақты даму процесі [21,с. 69]. Ғалым өзінің ұсынған 


27 
анықтамаларында 
сөйлеудің 
мағынасын 
ашып, 
қызметін 
айқындап, 
байланысын нақтылап түсіндірді.
Адамның қатысымдық әрекетінде, оның басқа адамдармен қарым-
қатынасында «сөйлеу әрекетінің» орны мен рөлі туралы И.А.Зимняянің 
зерттеулерінде көрініс табады. Адам әрекетінің жалпы құрылымы қоғамдық-
өндірістік және танымдықпен қатар қатысымдық әрекетін де қамтиды, оның 
пікірінше, «қатысымдық әрекет – бұл, бірліктер мен оларды басқарудың 
ережелері жүйесі ретінде тілдің көмегімен жүзеге асатын және қарым-қатынас 
барысында сөйлеу әрекетінде (айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым) 
айқындалатын адамдардың өзара әрекеттесуінің күрделі процесі», - деп 
тұжырымдайды [22,с. 34-35]. И.А.Зимняянің тұжырымдамасынан оқушының 
сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда қатысымдық әрекеттің алатын орны 
ерекше екенін байқаймыз.
М.Р.Львов өз пайымдауларының негізінде «тілдік материалсыз ойлау сәтті 
дами алмайды. Логикалық ойлауда ұғымдар маңызды рөл атқарады, онда 
құбылыстардың маңызды белгілері жалпыланған түрде жинақталады. Ұғымдар 
сөзбен белгіленеді, сондықтан, сөзде ұғым қарым-қатынасқа қажетті 
материалдық белгі ретінде ие болады», - деген қорытындыға келді. Ғалымның 
пікіріне қосыла отырып, бастауыш сынып оқушыларының ойлауын дамытуда 
ұғымның алатын орны зор екенін айтып өткен жөн. Өйткені, ойлау ұғымдарды 
бейнелейтін сөздерді қолдану барысында дамиды. Ұғым деген дүниедегі заттар 
мен құбылыстардың маңызды белгілерінің жалпыланған логикалық мазмұны 
деп түсінеміз. Әрбір ұғым, сол ұғымға сәйкес келетін сөз, терминмен 
байланысты [23,с. 13]. 
Тіл мен ойлаудың арақатынасын қарастырған Б.В.Беляев «ұғым, 
пайымдау, тұжырымдау мен ойлау үдерісі: салыстыру, қорыту, талдау – бірдей; 
тек ойлау мазмұны ғана әр халықта әртүрлі» - дейді [24,с. 30]. Ғалымның бұл 
пікірінен, тілге үйрету қажет емес, керісінше, сол тілде ойлауға үйрету керек 
деп есептейді.
Сөйлеуді үйретуде ойлаудың алатын орнын Е.И.Пассовтың еңбегінен 
көруге болады. Оның пікірінше, ең бірінші ойлауға үйрету керек, яғни, тілді 
үйретпестен бұрын дұрыс ойлауын жетілдіру қажет, өйткені тілге үйрету үшін 
алдымен дұрыс ойлауды оқытуға тура келеді. Демек, ол «тілді үйрену 
барысында сөйлеуден бұрын ең алдымен іштей сөйлеу әрекеті пайда болады», - 
деп пікір білдірді [25,с. 25]. Автордың пікірін түйіндейтін болсақ, адам айтар 
ойын жинақтап, іштей құрастырып алып, сөзбен, тіркеспен, сөйлеммен 
жеткізеді. Демек, айтылған ақпарат келесі адамға түсінікті болуы үшін сөйлем 
бірнешеу болуы мүмкін немесе бір тіркес, не бір сөйлем бәрінен хабардар етуі 
мүмкін.
Осы ретте оқушының өз-өзімен іштей сөйлеу идеясын қарастырған Закин 
(2007) оқушы мен мұғалімдерге қолдау көрсету үшін 3 элементтен тұратын 
модель ұсынады (сурет 2).


28 
Сурет 2 - Ішкі сөйлеуді когнитивті бағалау құралы
Суреттегі, бірінші элемент - оқушының өзі қоятын сұрақтары; екінші 
элемент - оқушының проблеманы шешуіне көмектесетін іштей сөйлеу 
ескертулері; үшінші элемент - оқушы тапсырманы орындауға қатысты өзінің 
ішкі пікірі туралы не ойлайды. 
Г.Расселдің «Бастауыш мектеп мұғалімі. Шеберлікті шыңдау» атты 
еңбегінде: Ойлау дағдылары кең ауқымда дамиды, алайда ортақ принциптері де 
бар: интеллект өзгереді, әр оқушы өз интеллектісін жетілдіре алады, кері 
байланыстың маңызы зор, оқыту шынайы өмір жағдайында жүргізілуі керек, 
балалар өз ойларын айтып, көзқарастарын басқалармен талқылауы керек, олар 
өз ойларын бақылайтын стратегиялар жасау керек (метатаным) және әртүрлі 
контекстегі ойлауды арнайы тәжірибеде қолданып көру. Бұл топтық 
талқылауды бағалайтын оқытудың әлеуметтік конструктивисті бағытына 
сәйкес келеді [26,б. 155]. Демек, оқушыларды не үйренуге емес, қалай үйренуге 
болатынына басты көңіл бөлуіміз керек.
Шетел зерттеушілерінің пікірінше, оқушылардың ойлау мен сөйлеу 
дағдыларын қалыптастыруда пікірталастың орны ерекше. Олардың көпшілігі 
оқушылар арасында пікірталас ұйымдастыру үшін KWHL кестесін тиімді 
қолданады. Ондағы K - бұрыннан білетіні, W - білгісі келетіні, H - қалай 
білетіні, L - не білгені. KWHL кестесіне сәйкес танымал ойлау дағдыларының 
кейбір бағдарламаларын төменде ұсынамыз (сурет 3). 
Сурет 3 – Ойлау бағдарламаларының матрицасы
1-ші ойлау қадамдары
Мәселе не туралы?
Бұл мәселе қандай 
сұрақ тудырады ?
Мен не істедім?
Қазір оны шешудің 
қандай жолдары 
бар?
2-ші жетілдіретін комментарийлер
Менің ойымша, 
бұл.. туралы 
Жарайды, бұл 
менің... қалайды
О, мұны бұрын 
естігенім есіме түсті
3-ші бағалау
Анық болды
Енді бәрі түсінікті
Бұл күшті/әлсіз 
жағы, өйткені ...
CoRT 
TASC
P4C
Ойлау 
дағдыларының 
бағдарламалары
PWC
CAME. 
CCASE 
ACTS 
Ойлау 
дағдыларының 
бағдарламалары 
HOT 


29 
Суретте көрсетілген ойлау бағдарламаларын оқушылардың ойлау 
дағдыларын қалыптастыратын құрал ретінде қарастырамыз. Ендеше, ойлау 
бағдарламаларына сипаттама берсек: CoRT - бірқатар ойлау дағдыларды 
дамытуға арналған 60 сабақ жиынтығы; TASC - әлеуметтік контекстегі белсенді 
ойлау; P4C - балаларға арналған философия немесе балалар философиясы; 
PWC - құрал-жабдықпен байыту; ACTS - балалардың ойлау дағдыларын 
жандандыру; HOT - жоғары деңгейдегі ойлау құралдары; CAME, CCASE - 
танымдық, жіктеу және себеп-салдар байланысын анықтау сияқты дағдыларын 
дамытуға арналған [26,б. 158]. 
Адамның ойлау мен интеллектінің арасындағы байланысты зерттеген 
когнитивті психологияның көрнекті өкілі Роберт Л.Солсо өзінің зерттеуінде 
ойлау мен интеллектінің арақатынасын зерттеп: «ойлау – жаңа ой 
репрезентациясы қалыптасатын процесс; ол міндеттерді шешу және қиялдау, 
пайымдау, дерексіздену, пікір айту тәрізді ой атрибуттарының күрделі өзара 
әрекетінде қол жеткізілген ақпараттарды қайта жасау жолымен жасалады», - 
деп анықтама берді [27,с. 286]. Біздің пікірімізше, ойлау ақпаратты өңдейтін 
процесс болып табылады. 
Тілдің құрылымын және адам танымы үшін маңыздылығын зерттеген 
Р.Андерсон «адамның барлық когнитивті қабілеттерінің ішіндегі ең бір әсерлісі 
– тілді қолдануы, яғни сөйлесу болып табылады. Тіл – дінді, заңдарды және 
адамгершілікті енгізудің негізгі құралы» - деп, тіл мен ойлау арасындағы 
қатынастар мен ой-толғамдарды қарастырды. Тіл мен ойлау арасындағы 
байланыстарының ең күшті теориясын бихевиоризмнің атасы Джон Б.Уотсон 
ұсынды. Уотсонның көзқарасы бойынша «сөйлеу мен ойлаудың табиғаты 
бірдей, ойлау – ол да сөйлеу реакциясы, дәл бұлшықет жиырылуымен, бірақ аз 
қарқындылықпен жүреді» деп қарастырған [28,с. 303]. 
Теориялық зерттеулерді қарастыру бастауыш сынып оқушыларының ойлау 
мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыру қажеттілігін көрсетіп отыр. Шетел 
зерттеушілері (Д.Халперн, А.Кинг, Дейл Х.Шунк, Л.М.Садику, Т.Уоллис, 
В.Е.Старина, Г.Дж.Уолберг т.б.) өз жұмыстарында оқушылардың ойлау мен 
сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың теориялық, әдістемелік негіздері мен 
білім беру жағдайында оны жүзеге асыру жолдарын көрсеткен. Алайда бұл 
мәселе психология және педагогика ғылымында жүйелі талдауды, тиісті 
шешімін табуды қажет етеді. 
Д.Халперн өзінің «Психология критического мышления» атты еңбегінде 
оқушылардың ойлау мен сөйлеу дағыларын қалыптастыру оқу үдерісінде 
мұғалімнің қойған сұрақтары мен сұрақ қою дағдыларына байланысты екенін 
көрсетті. Психология профессоры Л.М. Веккердің айтуынша, «сұрақ –
адамның толық психикалық ашылмауының бейнесі, пәнаралық байланыстарды 
айқындауға бағытталған ойлау үдерісі...» [29,с. 12]. Олай болса, сұрақ белгілі 
бір мәселені шешуге бағытталған адамның ойлау әрекетін ынталандыру арқылы 
кейбір түсініксіздікті анықтауға көмектеседі. Сондықтан мұғалімдер ойлау мен 
сөйлеу дағдыларын, танымдық қабілеттерін қалыптастыруға ықпал ететін 
ойлауды дамытатын жақсы сұрақтарды өз тәжірибесінде тиімді қолдануы 
керек.


30 
Г.Б. Туреханова «Тиімді сұрақтар арқылы оқушылардың ойлау
қабілеттерін дамыту: әдістемелік ұсыным» атты еңбегінде А.Кингтің ойлау 
дағдыларын дамытуға арналған сұрақтарын қарастырады. А.Кинг айтқандай, 
«ойлай алатын адам сұрақ та қоя алады» демек, кейбір мұғалімдер 
оқушылардың қойған сұрақтары арқылы олардың ойлау қабілеттерінің
деңгейін анықтай алады. Білім алу барысында оқушыларды сұрақ арқылы
белсенді диалогке түсуге ынталандырып, коммуникативтік дағдыларын
қалыптастыру, іздену арқылы кез келген мәселені шешу жолдарын табуға 
үйрету қажет. Ендеше тиімді, жақсы сұрақ қоя білу дағдыларын қалыптастыру 
бүгінгі мектеп үшін өзекті мәселенің бірі болып табылады. Өзінің көптеген 
зерттеулерінде А.Кинг білім алушылардың ой-өрісінің, тілдерінің дамуына зор 
ықпал ететін фактор ретінде өзара тиімді сұрақ қою мен жауап беру 
жұмыстарын атайды. Осы зерттеулердің нәтижесінде ол адамдарды терең 
ойланып сұрақ қоя білу дағдысын дамыту қажет деп есептейді. Себебі 
адамдардың көбі жауап бермес бұрын біраз ақпаратты сараптап жауап беруді 
талап ететін сұрақтардан гөрі терең ойланып жауап беруді талап етепейтін 
қарапайым сұрақтарды қоюға әбден дағдыланған (мысалы: Қай жылы болды? 
Кім ойлап шығарды?). Осыған байланысты ол білім алушылардың ой-өрісін 
дамытуға ықпал ететін тиімді сұрақтарға қатысты жүргізген өзінің
зерттеулерінің нәтижесінде жалпы сұрақтардың кешенін ойлап құрастырған. 
Бұл сұрақтарды кез келген жағдайға байланысты өзгертіп қолдану барысында 
оқушының ойлау процесіне бағыт беріп, ол дағдыларын қалыптастыруға
болады. Кингтің айтуынша, «танысқан мәтіннің ақпараттарын қолдана 
отырып бұл сұрақтарға жауап берген білім алушылар ұсынған материалды өз 
беттерінше тез және сапалы меңгерген» [30,б. 12].
Оқушылардың ой-өрісін дамытуға арналған кейбір сұрақтар тізімін 
ұсынамыз (сурет 4).
Сурет 4 - Ойлауды дамытуға арналған сұрақтар
(А.Кинг ұсынған модель) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет