Есназар асель жаңабергенқызы



Pdf көрінісі
бет17/69
Дата11.04.2024
өлшемі3.69 Mb.
#498404
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   69
dissertation

байланыс дегеніміз – оқу тәрбиелік жүйенің мазмұнында, формалары мен 
әдістерінде қамтылған және шектелген бірлікте білімдік, дамытушылық және 
тәрбиеленушілік қызметтерін атқаратын нақты өмірдегі нысандары, 
құбылыстары және жүйелері арасындағы синтездік, кірігу қатынастарын 
белгілеуге арналған педагогикалық дәреже», ал, «интеграция дегеніміз бәріне 
ортақ бастапқы мағлұматтары болатын, намесе іріктеу арқылы бірігуге ықпал 
етуші бағыттары бар әртүрлі бөліктердің біртұтас ғылымға бірігуінің үздіксіз 
процесі» деп анықтама береді [57,б. 177]. Автордың анықтамасынан, пәнаралық 
байланыс пен интеграция ұғымы бір-біріне жақын келіп тұрған категория, 
ондағы пәнаралық байланыс интеграциясы, яғни пәндік, пәнаралық және жалпы 
ғылымдық байланыстардың анықталуы және ондағы байланыстар дамуы 
тереңдетілген іс-қимылдың жүзеге асуына мүмкіндік беретіндігін айтуға 
болады. 
С.А.Фейзулдаеваның философия (PhD) докторы дәрежесін алу үшін
дайындалған диссертациясында: «пәнаралық сабақтастық арқылы болашақ 
бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби даярлау – жаңартылған білім беру 
жағдайында студенттерге кәсіби білім жүйесін, жеке, жалпы және кәсіби 
құзыреттілікті, тұлғаның өзін-өзі реттейтін интегративтік сапаларын меңгерту» 
- деп нақтылайды [58,б. 57]. Автор зерттеу жұмысында пәнаралық 
сабақтастықты жүзеге асыру процесінде бастауыш мектеп мұғалімінің кәсіби 
моделін қалыптастырудың негізгі белгілерін анықтап, «сабақтастық», 
«пәнаралық байланыс», «интеграция» ұғымдарын қарастырып, ерекшеліктерін 
айқындады.
Ж.М.Саурыкованың пікірінше: «...ортақ тақырыптар аясында жеке
пәндердің сабақтарында пәнаралық байланысты пайдалану - оқушының білім
алуға деген ынта-ықыласы мен қызығушылығын арттырады, олардың өзіндік 
құзыреттіліктерінің дамуына өзек болып, ықпал жасайтын тиімді жолдардың
бірі ретінде маңыздылығы ашылды, дәлелденді», - деп қорытындылайды [59,б. 
131]. Бұдан шығатын тұжырым жаңартылған білім мазмұны жүйесінде 
пәнаралық байланысты ортақ тақырыптар арқылы жүзеге асыруда пәнаралық 
іскерліктер мен дағдыларды дамыту қажет.
Ж.А.Жұмабаева «Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда 
оқыту» атты диссертациясында: «метапәндік тұрғыда оқыту – пәнаралық


40 
өзара әрекеттесу, қоғамда ойлау мәдениетін, тұтас дүниетанымды
қалыптастыру мәдениетін сақтауға, қорғауға мүмкіндік береді» деген
тұжырымға келеді. Ал «метапәндік оқыту дегеніміз – оқушының пәндер 
аясында әмбебап оқу әрекеттері арқылы қалыптасқан метапәндік нәтижелерді 
өз тәжірибесінде бекіту үдерісі», - деп анықтама берді [60,б. 38]. Біз автордың 
пікірін талдай келе, метапәндік тұрғыдан оқытуды ұйымдастыру мен жоспарлау 
бастауыш сынып оқушыларының теориялық ойлауын, сыни тұрғыдан 
ойлауын, шығармашылық ойлауын дамытудың бірден бір жолы екенін 
анықтап, метапәндік тапсырмаларды құруда пәнаралық байланысты 
қолданғанын байқадық.
Сондай-ақ С.Е.Қаңтарбай, Ж.А.Жүсіпова өз оқулықтарында пәнішілік 
және пәнаралық байланысқа негізделген әрекеттің ортақ тәсілдерін 
қалыптастыруда, яғни кез келген есеп, жаттығу, тапсырмаларды орындауға 
ортақ жолды қарастыруды көрсетті. Тәжірибеде кез келген әрекет, оның ішінде 
еңбек әрекетінің жалпы амалдық тәсілдерін қалыптастыру төмендегідей түрде 
жүзеге асырылады:
а) бастауыш сынып оқушыларында әрекеттің ортақ (сәйкестік) тәсілдерін 
пәнішілік байланыс арқылы қалыптастыру;
ә) бастауыш сынып оқушыларында әрекеттің ортақ тәсілдерін пәнаралық 
байланыс негізінде қалыптастыруды жүзеге асыру [111]. 
Бұдан қай мағынадағы түсінікті алып қарасақ та, пәнаралық байланысты 
ізденіспен жүзеге асырылатын, белгілі бір уақыт көлемін қажет ететін үлкен 
маңызға ие үдеріс екендігіне көзіміз жете түседі. 
Пәнаралық байланыстар негізіндегі оқу қызметі тұлғаның әртүрлі 
қабілеттілігін көрсетуіне және табысқа жетуіне, оқу себептерін жан-жақты 
кешенді дамытуға бай мүмкіндіктерді туындатады. Сондықтан да білім 
берудегі пәнаралық байланысты насихаттай отырып, осы тәсілдемені қолдана 
отырып, пәнаралық байланыс отандық педагогиканы дамытудың қандай да бір 
бағыты деп есептейміз. Пәнаралық байланыс білімнің пәндік нысанын 
дамытудың озық дидактикалық-әдістемелік үлгілерін көрсете алады, бұл ретте 
ол оқу пәні және оқу сабағы сияқты білім беру нысандары үшін дамудың жаңа 
перспективаларын ашуға мүмкіндік береді [112]. 
Педагогикалық әдебиеттерде пәнаралық байланыстар анықтамасын ғылыми 
негіздеуде, оның мәнін, оқу-тәрбие үрдісіндегі қызметтерін көрсететін, пәнаралық 
байланыстарды 
жүйелеудің 
ғылыми 
критерийлерін 
түсіндіруде, 
осы 
байланыстардың нәтижесін бағалауда әр түрлі тұғырлар бар. Пәнаралық 
байланыстарды жіктеген негізгі тұғырларды қарастырайық. Пәнаралық 
байланыстар мәселесін зерттеген ғалымдардың көпшілігі осы байланыстарды 
белгілі бір дәрежеде жүйелі жіктеуді ұсынды.
М.И.Скаткин ғылым негіздері мен оқушылардың өнімді еңбегі арасындағы 
байланыстың үш түрін ұсынады: 1-ші түрі – алдыңғы байланыстар; 2-ші түрі – 
кейінгі байланыстар; 3-ші түрі – ілеспе байланыстар [113].


41 
Сурет 6 – Байланыстың түрлері (М.И.Скаткин) 
Н.М. Верзалин, П.Г. Кулагин, Ю. Вайткевичус уақытша факторға сүйене 
отырып, байланыстың екі түрімен шектеледі: бірінші – синхронды байланыс; 
екінші – асинхронды байланыс [113,с. 106].
Сурет 7 – Байланыстың түрлері (Н.М. Верзалин, П.Г. Кулагин, Ю. 
Вайткевичус) 
Н.М. Черкес-Заде пәнаралық байланыстарды жіктеуге басқаша көзқарас 
танытты. Ол байланыстарды келесі түрлерге бөлді: 
1) алдыңғы, оқушылардан аралас пәндердің таныс материалын қалпына 
келтіру қажет болған кезде; 
2) ілеспе, бір мезгілде немесе бір мезгілде дерлік зерттелетін ұғымдар, 
бөлімдер немесе сабақтас пәндердің тақырыптары байланысқан кезде; ілеспе 
байланыстар «синхронды» және «асинхронды» сипатқа ие болуы мүмкін; 
3) тақырыптың немесе бөлімнің қандай да бір түсінігін ашу кезінде көп 
немесе аз алыс болашақта зерделенетін аралас пәннің материалын міндетті 
түрде тарту және ұғыну талап етілгенде перспективалы; перспективалық 
байланыс, әдетте проблемалық сипатта болады, өйткені оқушылардың алдына 
қандай да бір мәселе бойынша әлі шешілмеген мәселе қойылады [114]. 
И.Д. Зверев және В.Н.Максимова бұл мәселені басқаша қарастырады, олар 
жүйелілік тұғырды қолдана отырып, пәнаралық байланыстарды үш негізгі 
категория бойынша жіктейді: ақпараттық-мазмұндық, оперативті-әрекеттік, 
ұйымдастыру-танымдық. Жүйелілік тұғыр оқытудағы пәнаралық байланыстардың 
көп аспектілігін ашуға бағытталған [115]. 
•алдыңғы 
байланыстар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет