Есназар асель жаңабергенқызы


-ші түрі •кейінгі  байланыстар 2-ші түрі



Pdf көрінісі
бет18/69
Дата11.04.2024
өлшемі3.69 Mb.
#498404
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   69
dissertation

1-ші түрі
•кейінгі 
байланыстар
2-ші түрі
•ілеспе 
байланыстар
3-ші түрі 
синхронды
байланыс
асинхронды
байланыс


42 
Сурет 8 – Пәнаралық байланыстың түрлері (И.Д. Зверев, В.Н.Максимова) 
Ф.Г.Федорец еңбектерінде пәнаралық байланысты ұйымдастырудың 
негізгі бағыттары келтірілген: пәнаралық байланыстар формалары, пәнаралық 
байланыстар типтері, пәнаралық байланыстар түрлері бойынша үш бағытта 
қарастырды [116]. Пәнаралық байланысты ұйымдастырудың негізгі бағыттары 
Ф.Г.Федорец еңбектерінде келтірілген (кесте 2).
 
Кесте 2 – Пәнаралық байланысты ұйымдастырудың негізгі бағыттары 
 
Пәнаралық байланыстар 
формалары 
Пәнаралық 
байланыстар типтері 
Пәнаралық байланыстар 
түрлері 
1.Құрамы бойынша
1. мазмұндық 
Дәлел, түсінік, заң, теория, ғылым 
әдістері 
2. операциялық 
Қалыптастыратын ептілік, машық
және ойлау операциялары бойынша 
3. әдістемелік 
Педагогикалық 
әдістер 
мен 
тәсілдерді қолдану бойынша
4. ұйымдастырушылық Білім беру жүйесін ұйымдастырудың 
әдіс және тәсілдері бойынша 
2. Бағыты бойынша 
1. бір жақты 
2. екі жақты 
3. көп жақты 
Тікелей 
Кері 
Оңалту 
3.Байланысты құрайтын 
элементтердің 
өзара 
әрекет 
ету 
тәсілі 
бойынша 
1.хронологиялық 
2.хронометриялық 
Сабақтастық 
Синхрондық 
Перспективті, Локалды 
Орташа әрекетті 
Ұзақ әрекетті 
Жоғарыдағы келтірілген жіктеулерді талдай келе ғалымдар пәнаралық 
байланыстарды әр түрлі жолмен, әр түрлі бағытта шешетінін және пәнаралық 
байланыстар мәселесі көп қырлы екенін, сандай-ақ қызметтері бойынша алуан 
түрлі екендігін көрсетті.Пәнаралық байланыс мәселесін шетелдік ғалымдар да 
кеңінен қарастырды. «Пәнаралық байланыс» ұғымын кең контекстте 
қарастырған түрік ғалымы Б.Айбек былайша анықтайды: «пәнаралық байланыс 
білім 
алушыларға 
әртүрлі 
салада 
ақпарат 
жинауға 
көмектеседі, 
тұжырымдамалар арқылы талдау және синтездеу сияқты жоғары деңгейлі 
ойлауға бағыттайтын оқыту тәсілі. Ол білім алушылардың оқу ортасын 
жандандыруға, 
шығармашылығын 
пайдалануға, 
олардың 
сабаққа 
қызығушылығын оятуға мүмкіндігін береді. Нәтижесінде оқытудың мағыналы 
деңгейіне жетеді» [61,б. 5]. Ал, Ө.Турнай мен Ө.Болати «пәнаралық - сөзі
ұғым ретінде кем дегенде екі саланың бірігуін білдіреді. Пәнаралық байланыс 
- бұл тұжырымдаманы, тақырыпты немесе проблеманы зерттеу кезінде кем
ақпараттық-мазмұндық
оперативті-әрекеттік
ұйымдастыру-
танымдық


43 
дегенде екі пән бойынша әдістер мен білімді пайдаланатын бағдарламалық 
тәсіл», - деп түсіндіреді [62,р. 40]. 
К.Голдингтің ғылыми еңбектері пәнаралық зерттеулерге, пәнаралық 
пәндерді енгізуге негізделген. Пәнаралық пәндер осы пәнаралық білім беруде 
негізгі рөл атқарады, танымның көптеген және жиі қарама-қарсы тәсілдерін 
қалай түсінуге, бағдарлауға және қолдануға үйретеді. Бұл пәндерде білім 
алушылар әртүрлі пәндер, әдістер туралы білімдерін дамытады, сондай-ақ алға 
жылжу үшін әртүрлі көзқарастарды мақсатты, рефлексивті интеграциялауды 
және синтездеуді үйренеді. Яғни, танымдық прогреске қол жеткізу үшін екі 
немесе одан да көп пәндерде немесе белгіленген білім салаларында білім мен 
әдістерді интеграциялау қабілеті ретінде пәнаралық түсінікті анықтайды [63,р. 
2]. Егер білім алушылар осы пәнаралық қадамдар жасағысы келсе және 
интегративті құрылым құрғысы келсе, онда метапәндік дағдыларын, 
қатынастар мен түсініктерді меңгеруі тиіс. Бұл пәндерді оқытудың маңызы өте 
зор. М.К.Кастэ мен А.Домингос ғылыми білімнің бөлігі ретінде бастауыш 
мектепте пәнаралық байланысты қалай дамыту керектігін зерттеген. Пәнаралық 
байланыс біздің күнделікті өмірімізде кездеседі. Шын мәнінде, біз табиғатты 
түсіндіргенде немесе мәселелерді шешкенде, көбінесе математика, тарих, 
биология, физика, химия немесе басқа да пәндерден алған білімді 
қолданғанымызды байқамаймыз [64,р. 132]. Авторлар мақалада мұғалімдердің 
бірлескен білім беру бағдарламасы аясында ғылыми білім беруде пәнаралық 
қатынасты қалай дамытуға болатындығын қарастырған. Зерттеудегі басты 
мақсат - мұғалімдер бастауыш мектептің оқу жоспарына сәйкес келетін 
пәнаралық тапсырмаларды әзірлеу. Сонымен қатар, көптеген зерттеулерде 
бірнеше пәндер арасындағы пәнаралық байланысты, атап айтқанда STEM 
интеграциясы бойынша ұсыныстар берген.
Шетел ғалымы А.Лианның көзқарасы бойынша STEM интеграциясы 
әртүрлі деңгейде мүмкін болатынын атап өтті, олар: 
1. Пән: ұғымдар мен дағдылар әр пәнде жеке зерттеледі. 
2. Пәнішілік: ұғымдар мен дағдылар әр пәнде жеке зерттеледі, бірақ ортақ 
тақырып аясында. 
3. Пәнаралық: білім мен дағдыларды тереңдету мақсатында екі немесе 
одан көп пәндерден тығыз байланысты ұғымдар мен дағдылар зерттеледі. 
4. Пәнаралық: екі немесе одан да көп пәндер бойынша алған білімі мен 
дағдылары нақты тапсырмалар мен жобаларға қолданылады, бұл оқу 
тәжірибесін қалыптастыруға көмектеседі [65,р. 2]. 
Каррдың (2007) пайымдауынша, пәнаралық байланыс тәсілі білім өзара 
байланысты құбылыс деп санаған Джон Дьюидің еңбектеріне негізделеді. 
Оқыту мен оқудың бұл тәсілі оқытудың сындарлы тәсілімен тығыз байланысты, 
себебі оқушылар бірлесіп жұмыс істей отырып, пәндердің араларындағы 
мәселелерді талқылап пікірталас жүргізеді (Hayes, 2010). Оқушылар бір пәннің 
аясында үйренген мәселелерін екінші пәнге пайдалана алады немесе бір пәннің 
негізінде басқа пәнді оқуды жақсарта алады. Білімдерді ықпалдастыру оқушы 
үшін оқу үдесірін анағұрлым байланысқан және маңызды етуге бағытталған. 
Бастауыш мектептің 1-2 сынып оқушылары жаттығуларды белгілі бір пәнге 


44 
жатқызбайды, сондықтан пәнаралық байланыс тәсілі олардың оқу әрекетін 
анағұрлым нақты көрсетеді [117].
Пәнаралық байланыс жағдайында пәндерді оқытуды жүзеге асыру әр 
пәннің тақырыптық жоспарын жан-жақты талдауды қажет етеді деп айта 
аламыз. Пәнді оқу барысында оның ғылыми деңгейін арттыру және 
практикалық қажеттілікке, жалпы оқушылардың танымдық іс-әрекетіне тән 
дағдыларды қалыптастыруға назар аудару қажет. Сондықтан қазіргі уақытта 
пәнаралық байланыс, интеграцияланған оқыту жағдайында оқыту мәселесі 
ғылым саласында кең спектрмен зерттелуде. Тақырыпты талдау нәтижелері 
жаңартылған бағдарламадағы пәнаралық байланыстардың тиімділігі мен 
артықшылықтарын біле отырып, болашақ ұрпақтың білім деңгейін тереңдету 
үшін пәнаралық байланыстарды игеруіміз керек екенін көрсетті. Оқушылардың 
теориялық білімдерін әр сабақта тәжірибемен біріктіру үшін пәнаралық, 
пәнішілік байланыстардан бастау алатын біртұтас интеграцияланған білім беру 
жүйесін енгізу бойынша шығармашылық бастамалар қажет [118]. 
Жалпы алғанда, ғалымдардың талдауларына сүйенсек, пәнаралық 
байланыс оқушылардың жеке тұлғасын дамытуда, білім мен тәрбие беру 
міндеттерін шешуде маңызды болмақ, сондай-ақ білім беру үдерісінде 
педагогикалық іс-әрекеттердің ғылыми сипат алуына көмектеседі. 
Жоғарыдағы теориялық талдауларды топтай отырып, «пәнаралық 
байланыс» ұғымының мәнін 3 – кестеде жіктедік.
Кесте 3 – «Пәнаралық байланыс» ұғымының мәні 
Автор 
Ұғымдарға сипаттама 
Негізгі комментарий 



В.Н.Федорова, 
Д.М.Кирюшкин 
Пәнаралық байланыс – бұл табиғатта әрекет 
ететін 
объективті 
қатынастардың 
мектеп 
жаратылыстану пәндерінің мазмұнында дәйекті 
көрініс беретін дидактикалық жағдай [119]. 
Дидактикалық 
жағдай 
П.Г. Кулагин 
Пәнаралық байланыстар – бұл мұғалім мен 
оқушылардың жұмыс жүйесі, онда білімді игеру 
барысында 
бағдарламалық 
материалды 
неғұрлым берік игеру мақсатында сабақтас 
пәндердің мазмұны пайдаланылады [120]. 
Сабақтас пәндер 
Н.М.Черкес-
Заде 
Пәнаралық байланыстарды дидактикалық шарт 
ретінде мойындай отырып, дұрыс әрекет ете 
отырып, пәнаралық байланыстар оқу процесін 
жүйелеуге және оқушылардың білімді игеруінің 
беріктігін арттыруға ғана емес, сонымен бірге 
оқушылардың 
оқуға 
деген 
танымдық 
қызығушылығын арттыруға және сонымен бірге 
табиғат заңдары, идеялар мен теориялар туралы 
ғылыми түсініктерге енуге ықпал етеді [114,б.20]. 
Дидактикалық шарт, 
танымдық 
қызығушылық, 
табиғат 
заңдары 
+идеялар +теориялар 
Н.С. Антонов 
Пәнаралық 
байланыстар 
– 
бұл 
оқыту 
мазмұнының өзіндік құрылымы, сондай-ақ 
білімді 
интеграциялаудың 
дидактикалық 
құралдарының бірі [121]. 
Интеграциялаудың 
дидактикалық 
құралдары 


45 
3 – кестенің жалғасы 



Джобс
(Jacobs, 1989) 
Пәнаралық байланыс – белгілі бір тақырыпты, 
тұжырымдаманы немесе мәселені зерттеу үшін 
бірнеше 
пәннің 
әдіснамасы 
мен 
білімін 
қолданатын бағдарламалау менталитеті [122]. 
Бағдарламалау 
менталитеті 
Лейк 
(Lake, 1994) 
Пәнаралық көзқарастың сипаттамасында әр түрлі 
саладағы тақырыптар біріктіріліп, оқулықтардан 
өзгеше ресурстар пайдаланылады, жоспарлар 
қамқорлық жасайды, ал бағдарламалар икемді 
болып табылады [123]. 
Тақырыптарды 
біріктіру 
Иылдырым 
(Yıldırım, 1996) 
Пәнаралық байланыс – пәндер, ұғымдар немесе 
мәселелер төңірегінде оқытуды ұйымдастыру 
және әр түрлі пәндерден алынған білімді оларды 
өңдеу кезінде тиімді интеграциялау [124]. 
Пәндерді 
интеграциялау 
Стембер
(Stember, 1998) 
Пәнаралық байланысты пәндердің азды-көпті 
интеграциясын немесе тіпті кейбір өзгерістерін 
қажет ететін әрекеттер деп анықтады [125]. 
Интеграциялауды 
жүзеге асыру 
Ялчын, 
Иылдырым
(Yalçın 
ve 
Yıldırım, 1998) 
Пәнаралық байланыс – анықталған пәнді 
мағыналы түрде зерттеу және басқа пәндер 
тұрғысынан оқуға мүмкіндік жасау [126]. 
Пәнді 
зерттеуге 
мүмкін беру 
Крусостомой 
(Chrysostomou, 
2004). 
Пәнаралық 
байланысқа 
негізделген 
бағдарламаларда бір тәртіптік тәсілге қарағанда 
көбірек ақпарат бар. Алайда барлық пәндерді 
біріктіру мүмкін емес. Интеграция пәндер 
арасындағы 
көзқараспен 
пәндер 
арасында 
мағыналы және сәйкес ақпарат болған жағдайда 
жасалады. Пәндер арасындағы байланыс күшті 
және түсінікті болуы керек [127]. 
Мағынасы жағынан 
пәндерді 
байланыстыру 
Айдын, Валым 
(Aydın & Balım, 
2005). 
Пәнаралық 
байланыста 
белгілі 
бір 
тұжырымдаманы, мәселені негізге алып, оларды 
әр түрлі жағынан білуге болатын білімдер мен 
дағдыларды сабақтас пәндерден ала отырып 
біріктіруге болады [128]. 
Сабақтас 
пәндерді 
біріктіру 
Отандық және шетел ғалымдардың зерттеулері көрсетіп отырғандай, 
«пәнаралық байланыс» ұғымы туралы түйінді ойлары бір-бірінен алшақ емес. 
Байқағанымыздай, «пәнаралық байланыс» ұғымына деген «сабақтас пәндер» + 
«дидактикалық шарт» + «пәндерді интеграциялау» + «тақырыптарды біріктіру» + 
«танымдық қызығушылық» + «пәнді зерттеу» + «сабақтас пәндерді біріктіру» 
және т.б. секілді түйінді ойларды біз өз анықтамамызды беруде негізге алатын 
боламыз.
Ғалымдардың теориялық талдаулары бізге: «пәнаралық байланыс - 
білімнің жүйелілік логикасын сақтай отырып, жоғары деңгейлі ойлауға 
бағыттайтын кешен» деп қорытынды жасауға негіз болды.
Талдауларға сүйене отырып, «пәнаралық байланыс» ұғымының 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет