ЭМПАТИЯ МЕН СИМПАТИЯ
Коммуникацияда эмпатия мен симпатия да үлкен рөл ойнайды.
Эмпатиясы жоғарғы деңгейдегі адамдарда
симпатия көбіне төмен
деңгейде болады. Жиі симпатиясы дамыған және эмпатиясы төмен
дамыған адамдарды көп кездестіруге болады. Әсіресе, әйелдер арасында
симпатияның жоғарғы деңгейі көп кездеседі. Ал ерлер арасында эмпатия
жоғарғы деңгейде. Симпатия жоғары
және эмпатия төмен болса,
адамның алдануға, жалған хабардар болуға ықтималдығы жоғары.
Қандайда симпатия деңгейімен айрықшалансаныз да, сіз, әр бір адам
секілді бұрынғы
тәжірибе тұтқынында боласыз, апперцепция деп
аталатын бұрынғының үктемдігінде өмір сүресіз.
Осы көп қолданатын
ұғыммен психикалық үрдістердің қазіргі кезде бұрынғы тәжірибеден,
білім қорынан, рухани өмірдің жалпы мағынасынан, белсенді психикалық
жағдайдан тәуелділігі айтылады. Адамның
өмірлік тәжірибесі және оның
сезіммен қамтылғандығы көп болса, соғұрлым ол жаңаны көру мүмкіндігі
төмен, көбіне барлығын белгілі,
зерттелген, апперцепция заңы бойынша
түсіндіреді.
Одан
әрі,
қоршаған
ортаның
жағдайлары
мен
құбылыстарынан тек таныс, үйренген шектерди ғана көреді.