Коммуникациялық кедергі - қатынас серіктері арасында
дұрыс ақпарат беру жолындағы психологиялық
тосқауылдар. Кедергі пайда болған кезде ақпараттың
алғашқы мәні не өзгереді, не жоғалады, не мүлдем
реципиентке жетпейді.
Коммуникациялық кедергілердің түрлері:
түсініспеушілік кедергісі, әлеуметтік-мәдени
айырмашылық кедергілері, қатынас кедергілері.
Түсініспеушілік кедергілері: фонетикалық,
семантикалық, стильдік, логикалық.
Фонетикалық кедергі адамдар әр түрлі тілде, диалектте,
не сақауланып сөйлегенде пайда болады. Сөйлеушінің
тілі реңкі жоқ, тез, жаңылтпаш, қажетсіз сөздерге толы
болған кезде де,
түсініспеушілік кедергісі туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: