Білім беру бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



Pdf көрінісі
бет13/58
Дата21.04.2024
өлшемі0.73 Mb.
#499391
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   58
Назарбаев зияткерлік мектептері программа

Экологиялық сауаттылық – табиғи жүйелерді, экологиялық қауымдастықтарды 
(экожүйелерді) ұйымдастыру қағидаларын түсіну және осы қағидаларды тұрақты 
адамдар қауымдастығын құру үшін пайдалану қабілеті.
-
Физикалық сауаттылық – денсаулыққа және өмір бойы физикалық белсенділікті сақ-
тау ға қатысты шешімдер қабылдауда ақпарат алу, түсіну және қолдануға қажетті білім 
мен дағдыларды қолдану мүмкіндігі.
-
Тұрақты даму сауаттылығы – тұрақты дамуға ықпал етуге қажетті білім мен дағ-
дыларды қолдану, тұрақты дамуға әсер ететін әртүрлі перспективаларды тану және 
бағалау арқылы әлеуметтік, экономикалық және экологиялық жүйелердің қалай өзара 
әрекеттесетінін және өмірді қалай қолдайтынын түсіну қабілеті; тұрақты өмір салтын 
қолдайтын іс-шараларға қатысу.
-
Денсаулық сақтау сауаттылығы – өз денсаулығына және басқа адамдардың денсау-
лығына (физикалық және психикалық денсаулығына) қатысты саналы шешімдер қа-
былдау және түсіну қабілеті, денсаулық пен бақуаттылыққа әсер ететін факторларды 
анықтау қабілеті.
-
Медиа және ақпараттық сауаттылық – ақпаратты талдау және бағалау үшін білім 
мен дағдыларды қолдану, дереккөздерді тексеру, өз өміріне қатысты саналы шешімдер 
қабылдау арқылы фактілерді қиялдан ажырату мүмкіндігі.
-
Цифрлық сауаттылық – цифрлық технологиялар мен интернет ресурстарын қауіпсіз, 
жауапкершілікпен және тиімді пайдалану үшін білім мен дағдыларды қолдана білу 
қабілеті.
-
Деректермен жұмыс істеу сауаттылығы – математикалық түсінік пен статистикалық 
дағдыларға негізделген деректер арқылы деректерден қажетті ақпаратты алу, қарым-қа-
тынас және жаңа ақпаратты жасау мүмкіндігі.
-
Программалау және кодтау сауаттылығы – компьютерлер мен роботтар сияқты 
құрылғыларды тиімді пайдалану үшін қажетті программалау тілдеріне, үлгілерге, үдеріс-
тер мен жүйелерге қатысты білім мен дағдыларды қолдану мүмкіндігі.
5.6. Білім беру бағдарламасында бекітілген құндылықтар мен қалыптастырылатын білім оқушы-
лардың күнделікті өмірінде негізгі бағдарына айналуы және төмендегідей дағдыларында 
көрініс табуы тиіс:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет