| 20
6. Зияткерлік мектептердегі білім беру құрылымы
6.1. Зияткерлік мектептерде оқыту үдерісі білім берудің үш деңгейіне сәйкес жүзеге асырылады:
-
бастауыш білім бастауыш мектепте беріледі (1–5-сыныптар);
-
негізгі орта білім орта мектепте беріледі (6–10-сыныптар);
-
жалпы орта білім жоғарғы мектепте беріледі (11–12-сыныптар).
Бұл құрылымда оқушылардың есею кезеңдері, жас ерекшеліктеріне қарай олардың та-
нымының даму мүмкіндіктері ескеріліп, әлемдік білім беру кеңістігіндегі білім беру үдерісін
ұйымдастырудың озық тәжірибелері ескерілді.
6.2. Бастауыш мектеп (1–5‑сыныптар)
Бастауыш мектепте білім берудің негізгі міндеті оқушылардың алғашқы оқу дағды-
ларын дамыту және пропедевтикалық білімнің қалыптасуын қамтамасыз ету болып та-
былады. Бұл сыныптарда адам, табиғат және қоғам туралы білім негіздерін меңгеруге,
рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға, оқушылардың ойлау дағдыларын,
шығармашылық қабілеттерін дамытуға, қоршаған ортамен танысып, ондағы өз орнын түй-
сінуге, өзін тұлға ретінде танытып, зердесін дамытуға қажетті біліктер мен дағдыларды
меңгеруге жағдай жасалған.
Оқытудың нормативтік мерзімі – 5 жыл. Ұсынылатын оқушы жасы – 6 жастан 11 жасқа дейін.
Бұл деңгейді бітіргеннен кейін оқушылардың мынадай құзыреттіліктері қалыптасады:
-
негізгі құндылықты көзқарастар және тұлғаның
әлеуметтік маңызды қасиеттері;
-
өзін-өзі
дамытуға алғашқы дайындық, дүниені тануға
және оқуға деген ынтасы;
-
негізгі логикалық
және зерттеу әрекеттері, сондай-ақ
ақпаратпен жұмыс істей білу;
-
негізгі
әлеуметтік-эмоциялық, практикалық
және физикалық дағдылар;
-
әр білім беру саласы мен әрбір пәнге тән жаңа білім алу, оны түрлендіру және функцио-
нал ды
тұрғыдан қолдану тәжірибесі;
-
негізгі мектепке көшуге, оның ішінде күрделі оқу үдерісіне бейімделуге және кеңейтілген
оқу бағдарламасына дайындық.
Достарыңызбен бөлісу: