Білім беру бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



Pdf көрінісі
бет3/58
Дата21.04.2024
өлшемі0.73 Mb.
#499391
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
Назарбаев зияткерлік мектептері программа

2. Нормативтік сілтемелер
Осы Білім беру бағдарламасында төмендегі нормативтік құжаттарға сілтемелер пайдала-
нылды:
-
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» № 319 заңы;
-
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 19 қаңтардағы «Назарбаев Университеті», 
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы № 394-IV 
заңы;
-
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысымен 
бекітілген «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы;
-
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 249 қаулысымен 
бекітілген Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік 
білім беруді дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы;
-
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Жоғары қамқоршылық кеңесінің шешімімен 
2018 жылы 1 желтоқсанда бекітілген «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның 
2030 жылға дейінгі Даму стратегиясы.


7 |
3. Негізгі ұғымдар
Осы Білім беру бағдарламасында Қазақстан Республикасының «Білім туралы» және «На-
зарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі 
туралы» заңдарына сәйкес төмендегідей терминдер мен анықтамалар қолданылды:
ДББҰ – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы.
Орта білім берудің негізгі мазмұны – бастауыш және орта мектептерде (1–10-сыныптар) 
міндетті түрде оқытылуы тиіс, білім берудің кейінгі сатыларында оқуды жалғастыруға мүмкіндік 
беретін білім беру мазмұнының құрамы, құрылымы мен көлемі.
Зияткерлік мектептер – негізгі қызметі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру болып табылатын 
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының филиалдары.
Сыныптан тыс жұмыстар – оқушыларды жан-жақты дамытуға және олардың дербес 
қабілеттерін дамытуға бағытталған, Зияткерлік мектептердің оқу-тәрбие үдерісіне қатысушылар-
дың жұмысы. Ол ДББҰ Қамқоршылық кеңесі шешімімен бекітілген іс-шаралар тізіміне кіретін 
жұмыстар түрінде іске асырылуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет