ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІҢ
НАУЧНЫЕ РАБОТЫ
ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕРІ
МОЛОДЫХ ИССЛЕДОВАТЕЛЕЙ
125
оның фразеологизмдерін тауып тану ерекше орын алады»-деп ғалым өз зерттеуінің өзекті
бөлігін фразеологизмге арнайды [Қоныратбаева,5 б.].
Кейінгі жылдары фразеологизмдердің əр түрлі мəселелері жөнінде С.К.Сатенованың
(Қазақ тіліндегі қос тағанды фразеологизмдердің тілдік жəне поэтикалық табиғаты, 1997),
Г.Н.Смағұлованың (Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мəдени аспектілері, 1998),
Р.Авакованың (Фразеологиялық семантика, 2002), Г.Сағидолдақызының («Поэтикалық фра-
зеологизмдердің этномəдени мазмұны», 2003) ғылыми зерттеулері жарыққа шықты (Салқын-
бай, 155 б.).
Алғыс жəне қарғыс мəнді фразеологизмдер. Фразеологияда бұл тақырып арнайы зерт-
теу объектісі болып С.Төлекованың еңбегінде қарастырылған. Зерттеушінің пікірінше, алғыс
жəне қарғыс мəнді тұрақты тіркестер – өзінің табиғатына қарағанда халықтың əр кездегі тұр-
мыстық, əлеуметтік тəжірибесінің негізінде жасалған ғасырлар бойында атадан балаға
ауысып отырған элементтер.ХХ ғасырдың басындағы қазақ прозасында алғыс жəне қарғыс
мəнді фразеологизмдер адамның , яғни кейіпкердің айнала қоршаған ортаға өзінің əр түрлі
көзқарасын: ізгілік қарым-қатынасын , əлеуметтік теңсіздікке наразылығын білдіру үшін
қолданылған (Қоныратбаева, 43 б.).
2. Материалдар мен нəтижелер.
Жұмыстың негізгі материалы ретінде жазушы Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан»,Ғ.Қалиев,
Ə. Болғанбаев «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы», Р.Авакова
«Фразеология теориясы» еңбектері алынды. Сонымен қатар фразеологизмдерге қатысты фи-
лология ғылымдарының кандидаты ғылыми дəрежесін алу үшін дайындалған диссертация-
лардың авторефераттар пайдаланылды. Жұмыста жинақтау əдісі, саралау əдістері қолданыл-
ды.
3. Талқылау жəне нəтижелер.
Лексиколог- ғалым Гүлдархан Смағұлова бірнеше авторлардың пікірлерін сараптап,
саралай келе қазақ фразеологизмдерінің келесі стильдік қабаттарға бөледі:
1.Кітаби фразеологизмдер
2.Бейтарап фразеологизмдер
3.Ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер
4.Дөрекі-қарайым фразеологизмдер (Смағұлова,155 б.).
Достарыңызбен бөлісу: |