1. Қара нанға құл болып,
Ханына тіл тигізген («Ұлпан»,14бет).
Тіл тигізген – балағаттады (Қ.Т.Ф.С 294бет ).
2. Сонда он жастағы болса Тілеміс міз бақпай сілейіп тұрып қалған («Ұлпан», 27
бет).
Міз бақпай – бүлк еткен жоқ , бəдірейді де қалды , шыдап бақты (Қ.Т.Ф.С 221 бет).
3. Арғын Жазы би Орынбор, Сібір губерналарының шекарасын салысқан, Кенесары
қозғалысына қаны қас адам («Ұлпан»,21бет).
Қаны қас – қарсы , өшпес , жау ( Қ.Т.Ф.С 176 бет).
4. Мүсіреп енді абайласа , Садақ осы араға жеткенше елу қадамдай жер бауырлапты
(«Ұлпан»,50бет).
Жер бауырлапты – жата қалып жылады, қатты қайғырды, уайымдады (Қ.Т.Ф.С
111бет).
Бұл фразеологизмдер күнделікті тұрмыста қолданылып, шығарма тіліне қарапайым-
дылық көрініс береді. Бұл фразеологизмдерді қолдану арқылы автор кейіпкердің мінез – қал-
пын ұтымды көрсету үшін пайдаланған.
Шығармадағы қарапайым сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер :
1. Кəрі Каспий қара көзін ашты,
Терекке жылы жүзбен амандасты («Ұлпан»,72 бет).
Жылы жүз – жайдарлы , мінезі жайлы (Қ.Т.Ф.С 123бет).
2. Өр көкірек адам басқаларда жоқ ірі мінез көрсетті («Ұлпан»,31бет).
Өр көкірек – асқақ , бір бет , тəкаппар , намысы зор (Қ.Т.Ф.С 241 бет).
Бұл фразеологизмдер арқылы автор адамның мінез қасиеттерін ұтымды көрсеткен.
3. Дүние есігін ашып келгендей , ұлы да мардамсып пысылдап ұйықтап жатыр
(«Ұлпан»,167бет).
Дүние есігін ашып – өмірге келді , тіршілік əлеміне енді (Қ.Т.Ф.С 85 бет).
Бұл сөйлемде автор фразеологизмді теңеу ретінде қолданып тұр.
4. – Есеней-ау, - деді Ұлпан тұра беріп, - Есеней-ау , неше күннен бері мен осы үйдің
отынымен кіріп , күлімен шығып , қара жұмысында жүрмін ғой! («Ұлпан», 168бет).
Отынымен кіріп, күлімен шығып – бар үй бейнетін, бейнетін арқалады, барлық
ауыр салмақты өзі көтерді (Қ.Т.Ф.С 93бет).
Бұл фразеологизм əйел не келіншекке қатысты айтылады, барлық туыс-бауырлары-
ның көңілін тауып, барлық үй шаруашылығына байланысты жұмыстарды атқарады деген
мағынаны білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |