Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет105/222
Дата27.04.2024
өлшемі4.1 Mb.
#499953
түріСабақ
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   222
Жинак республ docx

GoogleScholar - Ғылыми мақалалардың толық мәтінін барлық түрі мен 
пәндерді индекстейтін еркін қолжетімді іздеу жүйесін, google.com интернетте 


ақпаратты жылдам әрі қарапайым түрде іздестірумен қамтамасыз ететін іздеу 
сервері. http://www.bing.com/ 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
12.Ермекова Т.Н, А.А.Қасымбек, Н.О.Абдижаппапрова, А.Б.Бипажанова «Қазақ 
тілі мұғалім кітабы» «Арман ПВ», 2016 
13.Жұмабаев М.. Педагогика. - Алматы: Ана тілі, 1992.
14.Сыздықова Р., Б. Шалабаев, Кӛркем тексті лингвистикалық талдау, А., 
«Мектеп», Исабекова А.К. «Деңгейлік курстарда қолданылатын психологиялық 
тренингтер жинағы» Кӛкшетау, 2014. 
 
«ҚАЗАҚ ТІЛІ» ПӘНІНЕ АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ 
 
Курбанкулова Гульшат Нурматовна 
№72 С.Нҧрмағамбетов атындағы ЖОББМ 
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мҧғалімі 
Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Мемлекеттік тіл - 
еліміздегі халықтар бірлігінің негізгі факторы, ұлтаралық қарым-қатынастың 
ұйытқысы. Бүгінгі қоғам еліміздің білім беру жүйесінен кӛп тілді меңгерген 
дара тұлғаны қалыптастыруды талап етуде. 
Тіл - халықтың жеңістері мен жетістіктерінің, ұлттық құндылықтары мен 
ӛмір сүру салтының кӛрінісі. Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде құрметтеу - 
Қазақстанда тұратын барлық халықтың негізгі міндеті. 
«Қазақ тілі» пәніне арналған бағдарлама білім берудің ұлттық жүйесін 
халықаралық стандарттарға негіздей отырып, еліміздің алға қойып отырған 
іргелі міндеттеріне сай және қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық үдерістерді, 
ұлттардың бейбітшілік пен келісім ӛмір салтын қалыптастыру саясатын ұстану 
қағидаларын басшылыққа ала отырып, мемлекеттік тілді оқытудың тиімді әрі 
сапалы жүйелерін қалыптастыруды кӛздейді. 
Бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілін мәдениетаралық қарым-қатынас 
құралы ретінде меңгерту, оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын 
қалыптастыру, олардың тұрмыста, қоғамдық орында, мәдени орталарда тілдік 
шектеуді сезінбей, ӛзін еркін ұстауына мүмкіндік туғызу негізгі ұстаным болып 
табылады. 
«Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты - оқушылардың тілдік дағдыларын 
дамыту, қазақ тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, 
тіл нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сӛйлесуге және сауатты 
жазуға үйрету. 
«Қазақ тілі» пәні бағдарламасы оқушының тіл сауаттылығы мен сӛз 
байлығын дамытуды, әлеуметтік ортада еркін қарым-қатынасқа түсуін 
жетілдіруді 
және 
дүниетанымдық 
дағдыларын 
кеңейтуді 
кӛздейді. 
Бағдарламаның білім мазмұны қазақ тілі арқылы оқушыларға қазақ халқының 


материалдық және рухани құндылықтарын, қазақ халқының салт-дәстүрін 
құрметтеуді, қазақша сӛйлеу әдебі мен әдетін дағдыландыруды және қазақ 
әдебиеті үлгілерін терең меңгертуді мақсат етеді және алған білімдерін ӛмірде 
қолдана білуге үйретеді. 
«Қазақ тілі» пәнін оқытудың міндеттері: 
– шығармашылықпен жұмыс істеуге, сын тұрғысынан ойлауға 
дағдыландыру; 
– қазақша сӛздік қорын үздіксіз дамыту әдістерін меңгерту; 
– қазақша сауатты сӛйлеу дағдыларын қалыптастыру; 
– сӛз тіркестерін және жай сӛйлемдер құру, сол сияқты айтылым дағдылары 
негізінде қазақша ойлау дағдыларын қалыптастыру; 
– тұрмыста, қоғамдық орындарда, мәдени орталарда қазақ тілінде қарым-
қатынас жасау қабілеттері мен дағдыларын дамыту; 
– қазақ тілінде меңгерген білім, білік дағдыларына сүйене отырып, 
ӛзгелермен еркін қарым-қатынасқа түсуге үйрету; 
– қазақ тілінің саяси-әлеуметтік әлеуетін ұғындыру; 
– тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын дамыту. 
«Қазақ тілі» пәнін оқу арқылы оқушылар сӛздік қоры мен тілдік 
сауаттылығын дамытып, қазақ халқы мен мемлекеттік тілге деген құрмет 
сезімін қалыптастырады, қызығушылығын арттырады. 
Тілдердің үштұғырлығының дамуы барысында келесі ерекшеліктерді ескеру 
қажет: 
– оқытудағы тілдердің сӛз әрекетін белсенді түсіну және айту процессі ретінде 
қалыптасуы керек; 
– оқыту әдістемесі қызмет принципіне (қолда бар қызығушылық, қойылған 
мақсатқа сәйкес теңбе-тең тәсілдер мен мақсаттарды қолдану) негізделуі керек; 
– қарапайым пікір айту машықтарын қалыптастыру үшін сӛз таңдау, оның 
ӛзгеруі, сәйкес ойын жеткізу сӛйлемдерін таңдау қажет; 
– мектепке дейінгі жастағы балаларды сӛйлеу жағдайындағы бағытталу 
машықтары және оқытылып жатқан тілдегі қарым-қатынасқа оқыту қажет. 
Тіл үштұғырлығына кіретін тілдер ұйымдастырылған күрделі жүйені 
құрайды. Жаңа сӛздерді сӛйлеуде пайдалану кезінде оларды игеру және қарым-
қатынас жасау тек белгілі сӛздік қордың жинақталуы мен есте сақталу 
жағдайында ғана мүмкін. 
Сӛздік жұмыс тілдер үштұғырлығын оқытудың алғашқы кезеңінде басым 
болып табылады, себебі тілдерді тәжірибеде игеру алдын ала бейтарап сӛздікті 
жинақтаусыз мүмкін емес. Белсенді сӛздікке жаңа сӛздерді енгізу: 
ойыншықтар, нақ пішін, табиғи заттар, сюжеттік суреттер, фотосурет, 
сызбаларға сүйене отырып, бейнелерді кӛру нәтижелі болып табылады. Жаңа 
сӛздердің айтылуы мінсіз, айқын, ашық болуы тиіс. Меңгерудегі тілге 
енгізілетін жаңалықтар келесі кезеңдерден ӛту қажет: педагогтің үлгісіне 
сүйене отырып жаңадан естіген сӛздерді елестетіп қалыптастыра білу; сӛйлеу 
кезінде оларды тану және түсіну. 
Оқытылу барысына жаңа сӛздер мен сӛз тіркесі қосылғанда ӛз ретімен 
енгізілуі қажет. Жаңа сӛздер алғашқы рет енгізілсе, балалардың назарын оларға 


және ерекше айтылуына аудару қажет. Бірақ балалар жаңалықтарды шамадан 
тыс қабылдамауына кӛңіл бӛлу керек. 
Белсенді сӛйлеуде пайдаланылатын сӛздер біртіндеп енгізілуі керек және 
жүйелі түрде қайталанып тұру қажет. Белсенді сӛздікті толықтыру фразалық 
сӛйлеуді біртіндеп күрделендіру арқылы жүзеге асу қажет. 
Мағыналы мәтінді, тақпақтар, ӛтірік ӛлеңдер, санамақтардың екпін мен 
мәнерлеп айтылуына аса назар аудару қажет. Айтылу жағынан сӛйлеуін 
жетілдіру, есту ықыласын дамыту, есту арқылы сӛйлеуін жетілдіру үшін 
мынадай әр түрлі тәсілдер қолданылады: 
– оқыту тіліндегі педагогтың үлгісіне қарап дыбыс және сӛздерді дұрыс айту; 
– кейіпкер және бұйымдарды келтіру барысында дұрыс екпінді қолдану; -
бұйымдар мен кейіпкерді сахналау кезінде дұрыс екпін пайдалану; 
– қажетті мәнерлі құралдар таңдау үшін балаларға қарастырылған сұрақтар; 
– сӛйлемдерді әр түрлі екпінмен (қуана, ренжулі, немқұрайлы) айту бойынша 
шығармашылық тапсырмалар; 
– жеке сӛздер, сӛйлем, логикалық екпін қоюлары, дауыс ырғағын және күшін 
ӛзгертуді (қосылып, жекеше) қайталау үшін жаттығулар; 
– рӛлмен оқу. 
Тілді оқытудың әдіс-тәсілдері оқу ортасы мен мәнмәтінді ескере отырып, 
оқушыны тиімді білім алу үшін ауадай қажет болып табылатын дербестікке 
ұмтылуға оң ықпал етуге тиіс.
Қорыта айтқанда, жан-жақты жетілген, білімді, білікті азамат болуға 
тәрбиелейді.Мұғалім мен оқушының оқу процесі күрделі және кӛп қырлы 
болып келеді. Оның тиімділігі оқушы әрекетінің сипатымен айқындалады.
Білім мазмұнын жетілдіру үрдісінде мұғалімге оқушылардың білімді ӛздігінен 
меңгерудің әдіс-тәсілдерін игертуді, оның дамытушылық жақтарына 
басымдылық беруді қарастырады. Білім берудің жаңарған моделінде оқушының 
«дайын білімді алушы» қалпынан оның танымдық процестегі «белсенді 
субьект» қалпына кӛшуін қамтамасыз ететін коммуникативтік белсенділігін 
күшейтуге мән беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   222




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет