Хабарлар ы series physics and information technology



Pdf көрінісі
бет10/26
Дата02.05.2024
өлшемі0.62 Mb.
#500294
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26
---stem------ (2)

Ключевые слова: STEM-образование, STEM-проект, будущий специалист 
по физике, преподавание физики, креативность
Кіріспе
Қазіргі таңда Индустрия 4.0 жағдайында цифрлық құралдардың көптеп 
пайда болуына байланысты заманауи жаратылыстану ғылымдарының әр түрлі 
салаларындағы физиканың қолданбалылығы қарқынды түрде арта бастады. 
ХХ-ғасырдың соңында өнеркәсіп орындарындағы техникалық құралдардың
автоматтандырылуы және жұмыс орындарының азаюына байланысты адам 
өзінің қызмет саласын өзгертуге мәжбүр болды. Сондықтан, политехникалық 
оқыту идеясы қолға алына бастады. Бұл ұғым қазіргі орта және жоғары оқу 
орындарында бейіндік оқыту ұғымымен кең таралды. 
Физиканың қолданбалы ғылым екендігін ескерсек, оның пәні, мақсаты мен 
міндеттері тәжірибе арқылы тағайындалатынына көз жеткіземіз. Физикалық 
білім қазіргі таңда шексіз салада қолданылады: ғылым мен техникада, 
инженерия мен өндірісте және т.б. салаларда. Сондықтан да осы салада 
жаңа идеялар мен жетістіктерге қол жеткізу тек креативті мамандардың іс-
әрекеттерімен жүзеге асады. 
Соңғы жылдары жоғары рейтингті журналдарда орын алған мақалаларға 
метаанализ жасау нәтижесінде физика саласындағы білімді креативтілік 
ұғымымын байланыстыра отырып оқытудың мәселелерін зерттеген бірнеше 
ғалымдардың еңбектерін негізге алуға болады. 
Сусилавати C., Дойен А., Муляди Л., Або К., К. Пинеда және тағы басқалар 
Индустрия 4.0 жағдайларын ескеріп, ғылыми процесс дағдыларын және 
физика саласында болашақ оқытушы студенттердің креативтілігін жақсартуда 


197
ISSN 1991-346X
2. 2023
PhET виртуалды медиасы арқылы сұрау үлгісін пайдалана отырып, заманауи 
физика оқыту құралдарын әзірлеудің тиімділігін тексерумен айналысқан. Осы 
оқыту құралдарын әзірлеу кезінде 4D әзірлеудің анықтау, жобалау, әзірлеу 
және тарату сияқты зерттеу моделі қолданылған (Susilawati et al., 2022).
Ғылыми еңбектерден әлемдік аренада зерттеу тақырыбы бойынша алынған 
нәтижелер жалпылама ұсыныстар ретінде қолданылып, нақты жүйелі түрде, 
белгілі бір физикалық пәндер аясында ұйымдастырылмағаны көрініс табады. 
Сонымен қатар, отандық ғалымдардың еңбектерінен креативтілік ұғымының 
көбінесе шығармашылық ұғымы ретінде қолданылатындығын, техникалық 
пәндерді оқыту салаларында бұл ұғымды қолдану мәселелері бойынша 
зерттеулердің аздығы алға тартады. 
Біздің алдын ала жүргізген зерттеулерінің нәтижесі болашақ физика 
мамандарының креативтілігін қалыптастырудың қажеттілігі мен оны 
дамытудың мүмкіндіктерін айқындауға ықпал етеді. Студенттердің 
креативтілігін қалыптастырудың мәселелерін тек физиканың белгілі бір 
тарауларын оқыту мысалында зерттегенімен, бұл зерттеулер аталған сала 
бағыты бойынша жүйелі ізденістерді жасауға мүмкіндік туғызары анық.
Жоғарыда келтірілген еңбектер мен тұжырымдамалардан креативтіліктің 
физика саласында білімгерлердің бойында болуы қажет болған қасиеттердің 
бірі екендігіне көз жеткізуге болады. Алайда, болашақ физика мамандарының 
креативтіліктерін нақты бір пән аясында жүйелі түрде дамытудың 
технологиялары, оны тиімді іске асырудың механизмдері айқындалмаған. 
Білімнің қазіргі бұл жеткіліксіздігін шешудің, яғни, студенттердің физика 
саласындағы білімдерін индустрия 4.0 жағдайында қалыптастырудың және 
олардың креативтілік көрсеткіштерін дамытудың озық технологиясы ретінде 
STEM білім беруді қолданамыз.
2019 жылдың 27 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
№988 «Білім және ғылымды дамытудың 2020–2025 жылдарға арналған 
мемлекеттік бағдарламасын» бекіту туралы қаулыда индустрия 4.0 
талаптарына қол жеткізудің бір жолы ретінде ― химия, биология, физика 
пәндерін STEM-кабинеттермен жабдықтау негізінде оқыту мәселелері 
қарастырылған (Memlekettık bağdarlamasy, 2017).
Жоғары оқу орындарында физиканы оқыту үдерісінде STEM тәсілі білім 
алушылардың белсендірек болуы және ғылым мен технологияны қолдануға 
негізделген идеяны іске асыру құралы ретінде қызмет етеді. Болашақ 
физика мамандарын STEM негізіндегі оқытуды іске асырудың бірнеше 
артықшылықтар бар: ақпараттық даму қоғамына дайын тұратын ұлттың 
болашағын дайындау мүмкіндігі, қолданыстағы жаңа инновацияларды 
дамытуға үлес қосу, білімгерлердің STEM мамандығына деген 
қызығушылығын ояту, білімді күнделікті өмірмен байланыстыру, өзін-өзі 
бағалаудың тиімділігін арттыру, білімгерлердің STEM сауаттылығын дамыту 
және т.б. Осы артықшылықтарды және физиканың ғылым саласы ретінде 


198
N E W S of the National Academy of Sciences of the Republic of Kazakhstan
кеңінен қолданылатындығын ескеріп, жоғары оқу орнында STEM негізінде 
физиканың қолданбалы аспектілерін креативтілік арқылы жүзеге асырудың 
маңызды екендігін түсінеміз (Ramankulov et al., 2022).
STEM негізінде оқытудың негізгі принциптерінің бірі ― болашақ физика 
мамандарына өндірістік тәжірибені және әдістемелік тұрғыдан күрделі 
зерттеу әдістерін меңгеруге үйрету. Зерттеушілер STEM тәсілін игеруден 
алынған білім мен тәжірибе кез келген басқа тәжірибелерден маңыздырақ 
екенін көрсетті (Badeleh, 2021). Екінші маңызды мәселе ― өнеркәсіптік 
бизнесті дамыту, яғни өндірістік міндеттерге жауап ретінде жаңа идеяларға 
қол жеткізу. 
Алайда, индустрия 4.0 талаптарын орындауда болашақ физика 
мамандарының креативтілік көрсеткіштерін дамытуғы STEM технологияның 
әлеуетін бағалау әлемдік деңгейдегі өзекті мәселе ретінде қалып отыр. 
Болашақ 
физика 
мамандарының 
креативтілігін, 
креативтілік 
сипаттамаларын зерттеген көптеген авторлардың ойларынша, креативтілік 
кәсіби іс-әрекеттерде және физикадан алған білімдерін жаңа нәтижелерге қол 
жеткізуде көрінетін тұлғаның қасиеттерінің жиынымен сипатталады (Shute et 
al., 2021; Kazbekova et al., 2022). 
Дегенмен, жоба тақырыбына сәйкес болашақ физика мамандарының 
креативтілігін дамытуда STEM технологиясының мүмкіндіктерін қолданудың 
әдістемелік жүйесі, іске асыру механизмдері бойынша зерттеулер жеткіліксіз 
болып табылады. Нақтырақ, физика білім беру бағдарламасындағы пәндерді 
оқытуда студенттердің креативтілігін дамыту саласындағы дидактикалық 
модельдердің жасалынбағандығы, STEM технологиясының «креативтілік» 
ұғымымен ұштаспауы, білім беру бағдарламаларында индустрия 4.0 
жолындағы тұжырымдарды қамтитын және сол арқылы болашақ физика 
мамандарын өнеркәсіптік қызметтерде креативті тұлға ретінде қалыптасуына 
ықпал ететін пәндердің жоқтығы, пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешен 
және оқу материалдарының жеткіліксіздігі алға тартады. 
Жоғарыда аталған қажеттіліктерді орындаудың алғашқы қадамы STEM 
білім берудің болашақ физика мамандарын даярлаудағы оқу пәндерін 
тиімді іске асыруға әсерін анықтау болып табылады. Сондықтанда біздің 
зерттеуіміздің алғашқы қадамы ғылыми әдебиеттерге жүйелі талдау жасау 
арқылы STEM оқытудың ерекшеліктерін айқындау болды. 
Физикадан білім беруде STEM технологиясын қолданып студенттердің 
креативтілігін дамытуға негізделген STEM жобаларды әзірлеу және оны оқу 
үдерісіне енгізудің қажеттілігі мен нақты бір пән бойынша STEM өнімдерді 
жасау арқылы студенттердің даярлығын жетілдіруді тиімді іске асыру 
бойынша ізденістердің аздығы арасында қарама-қайшылықтар орын алады. 
Осындай қарама-қайшылықтардың шешімін айқындау әлемдік және отандық 
ғылым саласына үлкен серпіліс береді. Егер, білім беру мекемелерінде STEM 
технология негізінде болашақ физика мамандарының креативтілігін дамытуға 


199
ISSN 1991-346X
2. 2023
оқытудың әдістемесі теориялық негізделсе, креативтілік көрсеткіштерді 
дамытуда STEM технологияларды пайдалану ғылыми-әдістемелік тұрғыдан 
қамтамасыз етілсе, онда STEM білім берудің нақты физикалық пәндерде 
қолданудың ерекшеліктері айқындалады және бұл болашақта оқу үдерісінде 
студенттердің STEM өнімдерді жасау арқылы индустрия 4.0 талаптарын 
орынауға даярлығын жетілдіруге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет