Хабарлар ы series physics and information technology


Зерттеу нәтижелері және талқылау



Pdf көрінісі
бет12/26
Дата02.05.2024
өлшемі0.62 Mb.
#500294
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26
---stem------ (2)

Зерттеу нәтижелері және талқылау
Бұл зерттеу жарияланым түрін, жарияланған жылын, зерттеу тәсілін және білім деңгейін қоса
алғанда, оның жалпы сипаттамаларына сәйкес зерттеуді ұсынады. Алынған мәліметтерге сүйене
отырып, жүйелі талдау үшін таңдалған мақалалар 100% халықаралық журналдардан алынған деген
қорытынды жасауға болады. Бұл зерттеуде физиканы зерттеудегі STEM-PJBL тиімділігі автор,
мақала атауы және мақала нәтижелері бойынша бөлінеді. Физиканы оқытудағы STEM-PJBL 
тиімділігі бойынша кейбір негізгі әдебиеттер бойынша талдау нәтижелері 2-кестеде келтірілген.
Кесте 2
• Нақтылау
және
көзқарас
1-кезең
• Іздеу және
іріктеу
2-кезең
• Талдау және
түсіндіру
3-кезең
• Мақала
жобасын
айқындау
4-кезең
1-cурет. Мақалаларды талдау кезеңдері. 
Зерттеу үдерісінің кезеңдері келесідей:
Нақтылау және көзқарас кезеңі STEM-ді физика біліміне біріктіретін 
жобалық оқытудың тиімділігіне қатысты мақалаларға шолу жасаудың 
негіздемесін әзірлеуге, зерттеу сұрақтарын, мақала критерийлерін анықтауға 
және зерттеу құрылымын қалыптастыруға бағытталды. 
Іздеу және іріктеу кезеңдерінде физика бойынша білім берудегі жобаларға 
негізделген STEM оқыту тәсілінің тиімділігін түсіндіретін мақалалар 
жинақталды. Журналдарды іздеу «Google Scholar» арқылы жүргізілді. 
Рецензияланған мақалалардың сапасын қамтамасыз ету үшін авторлар 
мақалаларды тек беделді халықаралық журналдардан таңдаумен шектелді. 
Негізгі кілт сөздер ретінде «STEM жобасы», «STEM жобаларына негізделген 
оқыту», «физиканы оқыту» қолданылды. Нәтижесінде авторлар физикалық 
білім беруде STEM-PJBL (СТЕМ – жобаға бағытталған оқыту)-ге қатысты 
жүзден аса мақаланы тапты. Алайда авторлар шолу үшін тек 30 мақаланы таңдап 
алды. Талдау және түсіндіру кезеңінде авторлар зерттеу сипаттамаларының 
көрінісін талдады. Содан кейін деректерді талдау нәтижелері кестелер мен 
сызбалар арқылы сипатталды. Соңғы кезеңде деректерді талдау нәтижелері 
мақала жобасы түрінде әзірленді. Бұл зерттеулердің нәтижелері зерттеу 
тақырыбына сәйкес білім беруді тиімді жүзеге асыруда STEM жобалық 
оқытудың ерекшеліктері айқындауға бағдарланды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет