Бастапқы білім
Тірек сөздер арқылы тақырыпты анықтай алады
Тірек сөздер
Рухани жаңғыру, киелі жерлер, экспедиция, тарихи-
мәдени ескерткіштер
Сабақтың жүргізілу барысы
Тыңдалымалды тапсырма
1-тапсырма. Төменде берілген тірек сөздер арқылы сабақтың тақырыбына болжау
жасаңыздар.
Рухани жаңғыру, киелі жерлер, экспедиция, тарихи-мәдени ескерткіштер
Мұғалімнің тақырыпқа жетелейтін сұрақтары:
4. Бұл сөздер қандай тақырыпқа қатысты болуы мүмкін?
5. Рухани жаңғыру дегенді қалай түсінесіздер?
6. Еліміздегі тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру жайында сіздің ойыңыз
қандай?
2-тапсырма. Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын ғаламтордан
анықтап, жұпта талқылаңыздар.
Белдеу, евроцентристік көзқарас, Домбауыл кесенесі, жерасты пештері
Тыңдалым тапсырмаcы. ЖЖ. Мәтінді тыңдап, «INSERT» әдісі бойынша кестені
толтырыңыздар.
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Қазақстанның киелі
жерлерінің географиясы» жобасын жүзеге асыруды жүктеген болатын. Онда қасиетті
орындарды өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде
орнықтыруды меңзейді. Солтүстік географиялық белдеуде орналасқан және қазақ үшін
қастерлі орындардың бірі – Ұлытау жері. Қазір мұнда зиялы қауым, тарихшылар,
археологтар, атқарушы билік бірлесіп, мақалада айтылған маңызды жұмыстарды іске
асыруға бел шешіп кірісті.
Археологтардың айтуынша, халқымыздың тарихи астанасы саналатын Ұлытау
жерінде 6 мыңға жуық ескерткіш бар екен. Өкінішке орай, қазір соның 20 пайызы ғана
зерттеліп, мемлекет қорғауына алынған. Қалғаны сыр бүгіп жатыр. Шыңғыс ханның
үлкен ұлы Жошы, Домбауыл, Алашахан кесенелері және қазақтың бірнеше ханы билік
жүргізген «Хан ордасы» осы өлкеде орналасқан. Тоқтамыс пен Едіге батырдың да
жатқан жері – осы қарт Ұлытау. Енді бұл киелі орындарды Елбасының тапсырмасымен
географиялық белдеуге енгізу үшін тарихшылар тынбай еңбектеніп жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: |