«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы


Нұрсұлу Раймова, Ұлытау Ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық



Pdf көрінісі
бет57/73
Дата06.05.2024
өлшемі3.21 Mb.
#500653
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   73
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ЖМБ

Нұрсұлу Раймова, Ұлытау Ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық 


мұражайының ғылыми қызметкері:
- «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» бағдарламасына сай «Ұлылыққа 
тағзым» экспедициясы бірнеше жылдар бойы қорық-мұражайда жүріп өтті. 
Оңтүстіктегі Түркістанмен, Берелмен, Бекет ата, Өскемен, Семей, Ордабасы, 
Отырар, Тараз қорық-мұражайларымен өзара бізде осындай байланыс 
жұмыстары жүріп, өлкенің тарихын бір-бірімізге таныстыру мақсатында жүріп 
өткен экспедициялар болды.
Ұлытау жеріндегі киелі орындардың бірі – көне металлургиялық Талдысай қонысы. 
Бұл жерде ерте қола дәуірінде ата-бабаларымыз мыс балқытып, бұйым жасапты. 
Шахталық тәсілмен жұмыс істейтін жерасты пештері – соның дәлелі. Тарихшылар 
«Ұлы Жібек жолынан» бұрын «мыс жолының» болғанын, керуеннің дәл осы Ұлытау 
жерінен өткенін айтады.
Ғабдол Әуезов, тарихшы, археолог:
- Бұл біріншіден, бізге қатысты евроцентристік көзқарасты жоққа шығарады. 
Қазақ халқының ата-бабалары, яғни көшпенділер, бәріміздің ата-бабамыз тек ғана 
мал бағып, егін егіп қана қоймаған, адамзаттың үшінші шаруашылығы – 
металлургияны игерген, одан бұйым жасағандығын көрсетеді.
Сан ғасыр бұрын салынған тарихи-мәдени ескерткіштерді құртып алмау үшін, жыл 
сайын қалпына келтіру жұмыстары да жүйелі жүргізіліп тұрады. Бұған дейін Жошы хан, 
Домбауыл мазарлары мен Хан ордасы қалпына келтірілсе, былтырдан бері Дүзен 
кесенесі жөнделіп жатыр.
Ардақ Асылханұлы, тілші:
- Дүзен кесенесі – 19-ғасырдағы сәулет өнерінің озық үлгісі. 1980 жылдары 
құрылысшылар кесенені жөндейміз деп, қабырғасын бүлдіріп алған. Содан бері 
тіреумен тұрды. Тек былтыр ғана республикалық қазынадан 20 миллион теңге 
бөлініп, құрылыс жұмыстары басталған болатын. Игі жұмыс биыл да жалғасады 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет