«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы



Pdf көрінісі
бет53/73
Дата06.05.2024
өлшемі3.21 Mb.
#500653
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   73
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ЖМБ

Бақдәулет ТАЛИПОВ 
http://zgazeta.kz/adam-mirin-sa-tandyru-turaly-ajtsa/  
Экономика пәні бойынша жазылған курстық жұмыстан үзінді 
Ә мәтіні 
Сақтандырудың пайда болуы, қажеттілігі мен қызметі. 
Сақтандыру (қоғамдық өн) өндірістік қатынастың ажырамас бөлігі болып табылатын 
адамдар арасындағы қоғамдық-экономикалық қатынастың ежелгі категориясы болып 
табылады. Сақтандыру сөзінің бастапқы мағынасы корқу, үрей сөздерімен байланысты. 
Қазіргі кезде сақтандыру термині жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүддесін 
қорғау құралы деген мағынаны білдіреді. Сақтандырудың алғашқы формасы ежелгі 
дәуірде пайда болған. Құл иелену дәуірінде қозғалмайтын мүлік, сауда, кеме қатынасын 
сақтандыру туралы келісімдер жасалған. Мұндай келісім шарттың мақсаты табиғи 
аптан келтірілген зиянды әрбір тұлғаға болу. Мұндай қүжаттар қазіргі кезге дейін 
сақталып келген. Ең алғашқы сақтандыру палатасы 1310 жылы Германияның Брюгге 
қаласында құрылған. Бұл палата көпестердің мүліктік мүддесін қорғау операцияларын 
жүргізген. Кеме қатынасы арқылы халықаралық сауда жаңа сауда рыноктарының пайда 
болуымен, дамуымен байланысты мүліктік мүддені қорғау қажеттілігі арта түсті. Осы 
қажеттілікке сай мүлігі бар бірнеше тұлғалар өзара біріккен сақтандыру мекемелері 
пайда бола бастайды. Осы кезде кәсіпкерлік қызметтің объектісі ретінде мүлікті 
сақтандырумен қатар өрттен сақтандыру да дами бастады. Мысалы 1666 жылы 
Лондонда болған өрт қаланың бүкіл орталығын жойған, осыдан кейін полис, басқа да 
үйлермен ғимараттарды сақтандыру ұйымы құрылған. Мұндай сақтандыру өзара 
сақтандыру деп аталады. Өзара сақтандыруда оның қатысушылары қызметтің мұндай 
түрінен пайда табуды мақсат етіп қоймаған. Олар өздеріне келітірілетін зиянның 
мөлшерін төмендетуді көздеген. Сақтандыру бірлестіктері бірте-бірте коммерциялық 


професионалды сақтандыру компаниялары болып қайта құрыла бастады. Мұндай 
компаниялардың басты мақсаты осындай операциялардан пайда табу болды. 
Экономиканың дамуымен байланысты сақтандыру компанияларының саны көбейе 
түсті. Батыста 60-жыддардың басында мүліктік және жеке сақтандырудың 100-ге жуық 
түрі болды. Уақыт талабына сай сақтандыру формалары мен әдістері өзгеріп отырды. 
Сақтандыру өмірдегі әртүрлі жағдайларда азаматтарға, кәсіпорындарға, стихиялық және 
басқа да кездейсоқ жағдайлардың есебінен болатын шығындар мен зиянды қайтару 
үшін құрылған арнайы қорды қолдануда қалыптасатын экономикалық қатынастар 
жүйесі.
https://www.uniface.kz/interfacts/index.php  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет