Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 3 (79), 2019
122
бірге
қазіргі
прозадағы
әлеуметтік
талдаудың,
әлеуметтік
символиканың,
көркем
антропологияның көркемдік ерекшеліктерін айқындады. Автор М.Мағауиннің, А.Алтайдың,
А.Кемелбаеваның, Т.Шапайдың, Д.Амантайдың, Г.Шойбекованың, Ж.Қорғасбектің, т.б.
жазушылардың әңгімелерін талдап, жаңаша қырынан көрсетті.
Қазақ әдебиетіндегі әңгіме жанры көлемі жағынан оқырман үшін де, автор үшін де тиімді
жанрлардың бірі болып отыр. Тәуелсіздіктен кейінгі прозада саяси мәселелерден тысқары өзінің
тарихи-рухани ұлттық тамырына тереңдегенін шығармалардан көрінеді. ХХ ғасырдағы батыстық
жаңғырудың қазақтың тіліне, әдебиетіне, діліне, қазақ қоғамына үлгі бола алмайтындығын сезініп,
ұлттық кодты сақтай білу – ұлт болашағы екенін білетіндей.
Ұлттық код, ең алдымен, тілде, содан
кейін дәстүріміз бен салтымызда, мінезімізде, ұлттық мәдениетімізде. Міне, осы дүниелер қазіргі
қазақ әңгімесіне аса қажет құндылықтар. Әңгімелердегі ақпараттарды айқындау күн тәртібіндегі
мәселе. Қазақы салт-дәстүрдегі ақпаратты жинақтау, этномәдени ақпарат, ұлттық мінез бен
характерге байланысты ақпарат, ұлттық стеоротипке байланысты т.б.
ақпараттар әңгіме арқауы
болмақ. Ақпараттар автор мен оқырманға тікелей байланысты. Қазақы дүниелердің жаңғыруы –
ұлт болашағы.
Әңгімелерді оқытуда жалпы оқырманнан бөлек, білім саласында жүйелі болғаны абзал. ЖОО
мен мектеп саласы тікелей байланыста болуы шарт. Жаңартылған білім саласы бойынша
оқытылатын әңгімелер ЖОО-да міндетті түрде оқытылуы тиіс. Мәселен,
5- сынып
1) Ыбырай Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл», «Атымтай Жомарт», «Дүние қалай етсең табылады?»
2) М. Қабанбай «Бауыр» әңгімесі
3) Т.Нұрмағамбетов «Анасын сағынған бала» әңгімесі
4) Нұрдәулет Ақыш «Нағыз әже қайда?» әңгімесі
5) Д.Лондон «Мексика ұлы» әңгімесі.
6- сынып
1) О.Бөкей «Тортай мінер ақбоз ат» әңгімесі
2) А.Алтай «Прописка» әңгімесі
7- сынып
1) М. Әуезов «Көксерек» әңгімесі
8- сынып
1) Б. Момышұлы «Ұшқан ұя» әңгімесі
2) Т.Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі
3) Ж.Сахиев «Айдағы жасырынбақ», «Дабыл» фантастикалық әңгімелері
4) Р. Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі
9 - сынып
1) А.Кемелбаева «Шашты» әңгімесі
2) Т.Сұлтанбеков «Көшпелі алтын» ғылыми фантастикалық әңгімесі
10 -сынып
1) Ш.Мұртаза «Тәуекел той» әңгімесі
11- сынып
1) Лира Қоныс «Тиын» әңгімесі
Орта мектеп білім ордаларына маманды ЖОО-да даярлап, бағытталатын болғандықтан осы
жұмыс барысында түрлі себеп пен салдарын анықтап, нәтижеге жұмыс істелінуі қажет. Әңгімені
оқытуда білім алушының бойына ұлттық құндылықтар мен құзыреттіліктерді қалыптастыру
жалғасын тауып келе жатыр, әйтсе де заманауи технологиялармен тиімді оқыту, түсіндіру, талдау
назардан тыс қалмағаны абзал.
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 3 (79), 2019
123
Түйіндегенде, әңгіме жанры – әдебиет саласындағы ең қиын жанр (З.Қабдолов),
бірақ ең
тиімді жанр. Зерттелу тарихы, қолданылу аясы дегенмен бірізге түскен, көтерген жүгі ауырлау,
тәрбиелік күші зор. Әңгіме – жинақы проза, эстетикалық қуаты берік. Ондағы ақпараттарды
тануға терең білім мен биік мәдениетті қажет етеді. Әдебиет саласында әңгімелерді оқыту дұрыс
сараланып, оқырманға ұсынылуы келешек ұрпаққа дұрыс тәрбие берілуіне себеп болары анық.
Соған сәйкес әңгімелердің оқытылуын жаңаша бағамдап, олардың әдіс-технологияларын жүйелі
түрде зерттеу, жоғары, орта білім ордаларында әңгімені оқыту байланысын үзбей, деңгейіне қарай
ұсыну уақыт еншісінде.
Достарыңызбен бөлісу: