Дефис арқылы жазылатын сөздер. Қос сөздер, негізінен, дефис арқылы
жазылады: бара-бара, жақсылы-жаманды, бірде-бір, жап-жақсы, апыр-топыр,
сарт-сұрт. Дефиспен жазылатын қос сөздердің түрлері мыналар: а) Бір сөздің
қайталанып айтылуынан жасалған қос сөздер: биік-биік, лек-лек, лып-лып,
тырс-тырс, көп-көп, алуан-алуан, жүре-жүре. Мұндай қос сөздердің арасына -
ма, -ме, -па, -пе, -ба, -бе, -ды, -ді, -да, -де, -шы, -ші дәнекерлері және шығыс
септік жалғауы қосылып та жасалады. Ондайда дәнекерлер қос сөздің бірінші
сыңарына қосылады да, олардан кейін дефис қойылады: көзбе-көз, қолма-қол,
бетпе-бет, жылмажыл, жанба-жан, бірме-бір, көшші-көш, баршы-бар,
қараптан-қарап, жылдан-жылға, бостан-босқа, тектен-тек, турадан-тура.
Бір сөздің қайталануынан жасалған кейбір қос сөздердің екінші сыңарына
шығыс, көмектес, барыс жалғаулары немесе -ла+п, -ле+п жұрнақтары да
жалғанады: бір-бірден, шет-шетінен, өз-өзінен, бас-басына, бет-бетімен, топ-
тобымен, рет-ретімен, бір-бірлеп, мың-мыңдап, біртебіртелеп, ақырын-
ақырындап, қыт-қыттап, аз-аздап. Бір сөздің қайталануынан жасалған кейбір
қос сөздердің екі сыңарына да септік жалғаулары (шығыс және барыс)
жалғанады: жылдан-жылға, қолдан-қолға, күннен-күнге, тектен-текке,
сақтан-саққа. Жалғау бір сөздің қайталануынан жасалған қос сөздердің кейде
бірінші сыңарына, кейде екінші сыңарына жалғанып айтылады. Екі
вариантында да араларына дефис қойылады: бір-бірімен – бірімен-бірі, бір-
36
бірінен – біріненбірі, бір-біріне – біріне-бірі, бір-бірін – бірін-бірі, өз-өзінен –
өзінен-өзі, өзөзімен – өзімен-өзі, өз-өзін – өзін-өзі. Алдыңғы сыңарына III жақ
тәуелдік жалғауы жалғанып та бір сөздің қайталануынан қос сөз жасалады:
аттысы-атты, жаяуы-жаяу, бары-бар, жоғы-жоқ, бірі-бір, екісі-екі.
Бір етістіктің болымды және болымсыз тұлғада тұрып қайталануы арқылы
да қос сөз жасалады: барар-бармастан, келер-келмесі, кіреркірместен, айтты-
айтпады, барды-бармады. ә) Қарсы мәнді сөздердің қатар келуі арқылы
жасалған қос сөздер: ертелі-кеш, жақсы-жаман, күн-түн, азды-көпті, кешелі-
бүгінді. б) Екі сыңары да мағыналы қос сөздер. Олар көбінесе жинақтау мәнін
білдіреді: ата-ана, мал-жан, құрт-құмырсқа, ыдыс-аяқ, ұрыс- қағыс, атарба,
жаздым-жаңылдым, тапқан-таянған, билеп-төстеп, сылап-сипап, төрт-бес,
он-он бес, отыз-қырық. в) Бір сыңары мағыналы, екінші сыңары мағынасыз
(бұл күнде түсініксіз) қос сөздер. Бұлардың түсініксіз компоненттері басқа
түркі, моңғол тілдерінде жеке қолданылатын немесе көнерген сөздер болады:
бала-шаға, жолдас-жора, киім-кешек, жол-жөнекей, жүн-жұрқа, келінкепшек,
көрші-қолаң, кәрі-құртаң, телегей-теңіз, хабар-ошар, қиын-қыстау, құда-анда,
көл-көсір, тоқты-торым. Көбінесе қомсыну, кеміту мәнінде айтылатын
жігіт-мігіт, ат-мат, жүрек-мүрек сияқты сөздердің бір сыңары мағынасыз
тұлға болады. Күшейткіш буын қосылып жасалатын қос сөздердің де бір
сыңары мән-мағынасыз болады: тәп-тәуір, жап-жақсы, тұп-тура, дұп-дұрыс,
сүпсүйкімді, қып-қызыл, қап-қара, ап-алыс, мып-мықты. Араларына да, де, та,
те шылауын салып, етістіктің бұйрық рай тұлғаларынан жасалған анықтама
(сипаттама) тіркестер дефис арқылы жазылады, шылау сөз бірінші компонентке
қосылады: аста-төк (байлық), ұрда-жық мінез, уда-шу (айғай), келде-кет (болып
отыру).
Достарыңызбен бөлісу: |