49
Орыс тілінен енген сөздерге қазақ тілінің қосымшалары жалғанғанда, олар
буын жігіне қарай тасымалданады: ро-лінде (рол-інде емес), съез-дің (съезд-ің
емес).
Сөздің дара дыбыстан тұратын бір буынын
жазып келе жатқан жолда
қалдыруға немесе келесі жолға шығаруға болмайды: а-лақан емес, ала-қан,
е-леуіш емес, еле-уіш, арми-я емес, ар-мия, оюлы емес, ою-лы. Алғашқы буыны
бір ғана дауыстыдан тұратын екі буынды сөздер тасымалданбайды: атом,
эмаль, ақыр, ақыл, отын, отыр.
Ұу, ый, ій қосар әріптерінің орнына жазылған
у, и әріптері бар сөздер
буындалғанда, келесі буын дауысты дыбыстан басталады және солай
тасымалданады:
су-ық, қу-ақы, ту-ынды, бу-ын, қи-ын, ки-ім, қи-ық.
Орыс тілінен енген сөздер де буын жігі бойынша тасымалданады.
Бұлардың ішінде екінші, үшінші буындардың
дауысты дыбыстардан
басталатындары кездесе береді:
про-ект, ро-яль, по-эма. Екі, үш, кейде төрт-бес
дыбыстардан тұратын бір буынды (яғни ішінде бір ғана дауысты дыбысы бар)
сөздер тасымалданбайды: төрт (тө-рт емес), жалт (жа-лт емес), пункт (пун-кт
емес), взвод (вз-вод емес).
Тыныс белгілері жазып келе жатқан жолда қалдырылады.
Сан есіммен келетін қысқарған шартты белгілерді цифрдан бөліп
тасымалдауға болмайды: 25 га, 15 см, 1987 ж.
Әріптерден қысқарған сөздерді өз ішінен бөліп тасымалдауға болмайды:
ЮНЕС-КО деп бөлуге болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: