Қайыпбаева А., филология ғылымдарының кандидаты, А



Pdf көрінісі
бет48/99
Дата11.05.2024
өлшемі1.07 Mb.
#500848
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   99
dosova a t azaa t l n orfografiyasy men punktuaciyasy 2019 12 10 09 24 31 0991

 
2-жаттығу. Одағай сөздердің тыныс белгілерін қойып көшіріңіздер. 
1. Ей сен аузыңа келгенді айтып бейпілдене берме (Ә.Ш.). 2. Ей 
қарақтарым – ай әркім өз дүниесін өз үйінде сақтағаны жақсы (Қожанасыр 
әңгімелері). 3. Сары самауырын анау екен ғой е-е-е (З.Ақ). 4. Сол байлықтың 
бәрі де о шіркін ердің күші (Қ.Ә.). 5. Ау Межен Азырақ аялдап тұр (Н. Ғ.). 6. 
Пау шіркін осындай бір сәтті ұйқы – ай (С. М.). 7. Осы өлкенің жері жақсы – 
ау шіркін (Ғ. Сл.). 8. Бетім – ау қаптап кеткен не деген жау еді (І. Ж.). 9. Ей 
мынау өзі тірі адам ба? (Р. С.). 10. Сап – сап көңілім сап көңілім, Сабыр түбі 
сары алтын... (Абай). 11. Ой сырғанақ тебу қандай тамаша («Пионер» 
журналы). 12. Жайдары – ау шіркін қыз жаны... (Ә. Нұрп.). 13. Ай Өтешжан- 
ай, неге тидің оған (Ә. Нұрп.). 14. Үйбай қайтеді- ей. Ух белі құрғырға не 
болған бұл (Қ.Н.). 15. Ай тақсыр, бұл дүние өтер – кетер... (Ы. А.). 
3-жаттығу. 
Жақша ішіндегі сөздерді емлесіне сай жазыңыз
шылаулардың жазылуын түсіндіріңіз.
Күндізгі жаңбыр(мен) ернеуін керіп кеткен өзен толқыны үңгірдің 
ауызын етегі(мен) сипап кетіп жатыр. (Мен) мұнда күндізгі сағат үштен тоғызға 
дейін істеймін. Бораш (пен) ән жайында ғана ұсыныса аласың. Қайғы (мен) 
өкініщ, уайым (мен) мұң, үміт (пен) қуаныш сияқты сезім толқындары түптен 
толғанады. Талпынам(да), ұмтылам (да), бірақ алдым (да) тұйықтала береді. - 
...Ақботаның апасын(да) ауруын жұқтырып өлтірген екен, бұл сорлыны (да) сор 
айдап әкелді (де). Түн (де) тұрғызып бие саудырады екен! – деп апам қатты 
назаланып сөйледі (Ғ.Мүсірепов). 
4-жаттығу. Қазақтың батырлары туралы жырларының атын, ондағы 
кейіпкер атын жазыңыз. 
5-жаттығу. Тексті оқып, мазмұнын есте сақтаңыздар. Бас әріптің жазылу 
себебін түсіндіріңіздер.
Еліміздің аса көрнекті ғалымы Марғұлан Әлкей Хақанұлы – Қазақстан 
ғылымының тарих, әдебиет, өнер, археология, этнография, архитектура сияөты 


51 
алуан саласында өзіндік із қалдырған ғалым. Қазақстан республикасының 
Ұлттық академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген 
ғылым қайраткері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының 
лауреаты, профессор Марғұланның «Ежелгі Қазақстан қалалары мен құрылыс 
өнерінің тарихынан «Орталық Қазақстанның ежелгі мәдениеті», «Қазақтың киіз 
үйі және оның жасауы», «Ежелгі мәдениет куәлары» сияқты кітаптары – туған 
өлкеміздің тарихи-мәдени шежіресін зерделеген құнды еңбектер («Ол кім? Бұл 
не?» кітабынан). 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет