87
ды; ғылыми дәрежелер жойылып, бакалавр,
магистр атаулары
орнықты.
Қоғамның ақыл-ой қазынасы азайды, теңіздей тебіренген
құтты білімнің үлкен бөлімі дүниеден өткен ғұламалармен бірге
кетті. Шын білім іздеушілер, шынайы білім өндірушілер қатары
селдіреді. Білмейтін білімсіздер
білемін деп, надандығын білім-
ділікке бермей таласқанда, күре тамырын адырайтып, өлер-ті-
рілерін білмей [2, 140] шабынды.
Кодекстегі
қағидаларды кісінің қабылдауы, түсінуі, өзінің
күнделікті тіршілігінде, кәсіби қызметінде
қолдануы ілгеріде
пайымдалған көкіректегі сәулеге, көңілдегі сенімге, турасын
айтқанда, білімнің нәтижесінде ашылатын қасиетке негізделеді.
Көкіректе сәуле, көңілде сенім болмаған жағдайда кісі Құдайдан
қорқу, пендеден ұялу дегенді білмейді.
Абайдың кісілік кодексінің бірінші бабының мағынасын ұғу
оңай емес, ұғуға болмайтындай қиын да емес. Кісі өзінің істеген
ісінің дұрыс не бұрыс екенін сезбей, білмей қалмайды. Бұрыс,
теріс іс істеген жағдайда кісі сол ісінің терістігінен, бұрыстығы-
нан көңілінде орын алған жайсыздықты сезінетінінде сөз жоқ.
Соны сезіне тұра, өзі үшін ешқандай қорытынды жасағысы кел-
месе, онда оны құдайдан қорқады деу немесе пендеден ұялады
деу орынсыз болмақ. Құдайдан қорықпағандарды, пендеден ұял-
мағандарды кісі қатарына қосу артық.
Құдайдан қорқу, пендеден ұялу – Абайдың кісілік кодексін-
дегі, Абайдың іліміндегі басты рухани құндылық.
Абайдың Кісілік кодексіндегі қағидалардың соңғысы: «Әуел
Құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау,
еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды» [2, 135]. Ең-
бек – Абай ілімінде адамның істер ісінің іргелісі, адам болам де-
ген жас асық болатын бес асыл қасиеттің бірі.
Абайдың: «Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгел-
деп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды»
[1, 138], – деген сөзінде екі ұғымның
маңызына айрықша мән
берілген: а) білу; ә) адамдық. Біріншісіз екіншісіне орын жоқ.
Адамдықтың болуының бірден-бір шарты – білім, білімнің бо-
луы. Білім жоқ көкіректе сәуле болмайды, білім жоқ көңілде се-
нім болмайды. Көзбен көру, құлақпен есту, ішпек-жемек малда
88
да бар. «Көкіректе сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ. Құр көзбенен
көрген біздің хайуан малдан неміз артық?» [2, 139].
Көкіректегі сәуле, көңілдегі сенім – бұлардың мәні де ауыс-
палы мағынада қолданылған сөздердің астарында. Ақынның
кө-
кіректегі сәуле,
көңілдегі сенім деп іздеп отырғаны – білімнің нә-
тижесінде ашылатын қасиет. Адамның адамдығы осы қасиетте.
Жоғарыда сипатталған бірлік пен тірліктің мәні де осы қасиетте.
Достарыңызбен бөлісу: