ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Шығармаларының екі томдық толық жи-
нағы. І том. Өлеңдер мен поэмалар. – Алматы: Ғылым, 1977. – 454 б.
2. Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Шығармаларының екі томдық толық жи-
нағы. ІІ том. Аудармалар мен қара сөздер. – Алматы: Ғылым, 1977.
– 312 б.
3. Сиасет-намэ. Книга о правлении вазира ХІ столетия Низам ал-Мулка
/ Перевод, введение в изучение памятника и примечания профессора
Б.Н. Заходера. – М.-Л.: Издательство Академии наук СССР, 1949. –
379 с.
4. Поярков Ф. Каракиргизские легенды, сказки и верования. – Пишпек,
1899. – 42 с.
5. Конфуцианский трактат «Чжун юн»: Переводы и исследования /
Сост. А.Е. Лукьянов; Отв. ред. М.Л. Титаренко. – М.: Вост. Лит., 2003.
– 247 с.
6. Конфуций. Уроки мудрости: Сочинения / Перевод с древнекитайс-
кого. Составление, вступительная статья и комментарии М.А. Блю-
менкранца. – М.: Эксмо; Харьков: Фолио, 2009. – 958 с. (Антология
мысли).
7. Мағауин М. Шығармалар жинағы. Он үш томдық. Том 13. Құңфуд-
зының даналық дәрістері. Тағзым. Тағылым. 1969-2002. – Алматы:
«Қағанат-ҒМО» баспасы, 2002. 431 б.
8. Платон. Сочинения в четырех томах. Т. 3. Ч. 1 / Под общ. ред. А.Ф. Ло-
сева и В.А. Асмуса; п ер. с древнегреч. – СПб.: Изд-во С.-Петербург.
Ун-та; «Изд-во Олега Абышко», 2007. – 752 с.
9. Аристотель. Этика. Эстетика. Поэтика. – Минск: Харвест, 2011. –
1280 с.
10. Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар / Қазақшаға аударған-
дар: Қ.Сағындықов, М.Жанғалин, М.Ишмұхамедов; аударманың ғы-
лыми редакциясын жасаған А.Тұрғынбаев. – Алматы: Ғылым, 1975.
– 455 б.
78
ҚҰНДЫЛЫҚТАР КОНЦЕПЦИЯСЫ
Сақтар мен Дарий арасындағы соғыстың ең бір сұрапылда-
ры Бетпақ далада өткен. Сақтар Дарийға қарсы үш бөлек қол бо-
лып соғысады. Дарий сақтардың бір қолымен соғысып, жеңіске
жетеді. Дарий жеңілген сақтардың киімдерін өзінің адамдары-
на кигізіп, қолдарына олардың қару-жарағын беріп, сақтардың
екінші қолына қарсы шығады. Сақтардың екінші қолы келе жат-
қан әскерді өздерінің қолы деп қабылдап, алданады. Сөйтіп сақ-
тардың екінші қолы да жеңіледі.
Сақтардың хандары оңаша аймақта бас қосып, ақыл-кеңес
құрып отырғанда, оларға Шырақ деген бір малшы келеді де, пар-
сылардың әскерін жоюдың бірден-бір сенімді жолын білетінін
айтады. Егер өзінің бала-шағаларына, үрім-бұтақтарына жоқ-
тықтан қиналмайтындай жағдай жасайтын болса, онда ол ойына
алған ісін орындауға даярлығын білдіреді. Патшалар Шырақ-
тың бала-шағасына, үрім-бұтақтарына барлық жағдайды жасау-
ға, табын-табын жылқы, мал-мүлік, байлық беруге уәде етеді.
Сақ патшаларынан тиісті уәде алған соң, Шырақ сол жер-
де өзінің мұрнын, құлақтарын кесіп тастап, денесін соққыға
тосып, көкала қойдай болып, Дарийға барады. Сақтардың өзін
осынша азаптап, қинағанын, қорлық көрсеткенін, ақырында
өлдім-талдым дегенде олардан қашып келгенін айтады. Шы-
рақтың сөзі, түр-түсі, сөзі Дарийға қатты әсер етеді. Парсылар-
дың назарын өзіне ауғанын біліп, Шырақ сақтардан кегін қай-
тармай қоймайтынына аққан суды, жанған отты куаға тартады.
«Олар келесі түнде бар әскерімен басқа жерге ауысады. Егерде
сол жерге парсылар олардан бұрын барса, онда олар торға түс-
кен балықтай болады. Олардың осындай күйге түскенін көріп
өліп кетсем арманым жоқ! – деп, ашу-ызаға толы сөзін оттай
лаулатады. – Мен жылқы бағып жүріп, бұл жердің барлық қыр-
сырын біліп алғанмын. Мен ол жерге алып баратын ең төте
жолды да білемін. Тек жолға жеті күнге жетерлік ас-су қорын
алып шығуымыз керек», – дейді.
Парсылар Шырақтың сөзін мақұл көріп, жолға шығады.
Жеті күн жол жүріп, бір қиырдан бір қиырға шығады. Ақырында
не ел жоқ, не су жоқ шөл далаға келеді. Су бітеді, тамақ таусы-
79
лады. Сонда қандай жағдайға тап болғанын білген мыңбасылар-
дың бірі Шырақтан: «Парсылардың ұлы патшасын, қалың әске-
рін бауырында құлан жортпас, биігінде құс ұшпас бетпақ далаға
не мақсатпен әкеліп қамадың?» – деп сұраған екен. Шырақ оған
былай деп жауап беріпті: «Жеңіс! Жеңіс менің жағымда. Мен
ауылдастарымды, отандастарымды, сақтарды бастарына төнген
қатерден сақтап қалдым!» Осыны айтып бола бергенде, Шырақ-
тың басы шабылып, жерге түсіпті [1, 91-92].
Шырақ өзінің өмірін не үшін, қандай құндылық үшін қиды?
Шырақ үшін өзінің өмірінен артық қандай қымбат құндылық
бар еді?
Шырақ еліне шапқыншылық жасап келген жаудың әскері-
нен өзінің отбасын, отанын, ауылдастарын, отандастарын қор-
ғап, аман сақтап қалу үшін өзінің жанын қиды. Шырақ үшін өзі-
нің отбасының, отанының, ауылдастарының, отандастарының
амандығы оның өзінің жанынан қымбат құндылық болды.
Ұлы даланың дәстүрлі дүниетанымында ерте замандарда
қалыптасып, ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан
мұндай құндылықтардың тұтасқан қоры бар. Оның бір жүйесі
Абайдың ілімінде көрініс тапқан.
Абай ілімінің жүйесі ұлттық және жалпыадамзаттық маңы-
зы бар абзал аксиологиялық қасиеттерге негізделген. Абай ілі-
мін, оның жүйесіндегі концепцияларды, Абай ілімінің құрамдас-
тары арасындағы байланыстар мен қатынастарды пайымдаудың
аксиологиялық бағыттары Тәуелсіз Қазақстан дамуының жаңа
кезеңінде қоғамдық өміріміздің барлық салалары бойынша ай-
рықша мәнді, өзекті сипат алды.
Адамды сүй, алланың хикметін
6
сез,
Не қызық бар өмірде онан басқа?! [1, 288] –
деген бір ауыз сөзде Абай адамзат баласының өміріндегі бас-
ты құндылықтың адамның адамды сүюі екені туралы терең ой
айтты.
Абайдың өз заманының адам болам деген жастарына істеуге
насихат етіп отырған ісі мен Ширақтың ісінің мәні арасында көп
6
Хикмет (арабша) – керемет, сыр, ғажайып.
80
айырмашылық жоқ. Екеуінің де қолдайтыны, қорғайтыны бір-
дей: отбасы, отаны, отандастары, адамзат.
Қоғам дамуының осындай жағдайында ұлт үшін ұлттық ма-
ңызы мен мәні айрықша қасиетті рухани құндылықтар қажет еді.
Мұндай құндылықтардың баламасыз асыл жүйесі Абай ілімін-
де еді. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт
Кемелұлы Тоқаев «Абай және ХІ ғасырдағы Қазақстан» атты кө-
сем сөзінде: «Абай мұрасы – біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел
болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық» [1, 14], –
деп, халықтық, мемлекеттік маңызы зор тұжырым жасады. Бір
кездері «бас изеп», «шыбындап» тыңдаушылар болушы еді, олар
да тыңдағанға ұқсағанмен, ештеңені ұқпайтын, ұққысы келмей-
тін қалыпқа түсіпті.
Абай ілімі өмірлік құндылықтар туралы қағидалардың
мол қорын қамтиды. Құндылықтар теориясы саласындағы ең-
бектерде құндылықтар екі топқа бөлінеді. Бірі – өмірлік құн-
дылықтар, екіншісі – мәдени құндылықтар. Абай ілімінде де
құндылықтар екі топқа бөлініп сипатталады. Бірақ құндылық-
тарды топтастыруда Абай өзіне тән дара шығармашылық ұста-
нымымен ерекшеленеді. Құндылықтар теориясында а) өмірлік
құндылықтар және ә) мәдени құндылықтар болып жіктелген
құндылықтарды Абай ә) тәннің құмар болатын құндылықтары
және ә) жанның құмар болатын құндылықтары деп екіге бөліп
қарастырады. Бірінші топқа жататындар: а) ішсем, ә) жесем,
б) ұйықтасам деген құмарлықтар. Екінші топқа жататындар:
а) білсем, ә) көрсем, б) үйренсем деген құндылықтар.
Өмірдегі басты құндылық адам, адамның өмірі деп түсінеті-
німіз рас. Адам үшін басты байлық – денсаулық. Тәннің саулығы,
жанның амандығы туралы ұғымдар да осындай құндылықтарды
қамтиды. Бұлар – адамның тұрмыс-тіршілігінің нақты ахуал-қа-
лыптары, өмір тәжірибесі негізінде туған және ілгеріден келе
жатқан құндылықтар. Тіршілік философиясы тұрғысынан алып
қарағанда, олардың дұрыстығында күман жоқ.
«Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі –
ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құмары,
бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды, һәм өзі өс-
пейді, қуат таппайды» [2, 138]. Абайдың жетінші сөзіндегі осы
81
тұжырымды әркім өзінің өмір тәжірибесінен біледі. Сондықтан
оған аса мән бермейді. Абай ілімі жүйесінде болмыстағы осы
адам баласының бәріне белгілі шындықтың өзегімен іргелі ой-
дың желісі тартылады. Дүние есігін ашып келген адам баласы-
ның қажеті, мұқтаждығы, сұранысы өзімен бірге келеді. Оларды
Абай мінез деп атайды. Оның мәнісі ішсем, жесем, ұйықтасам
деген тән құмарлығы түрінде сипатталады. Адам болмысында-
ғы осы биологиялық қажеттілікті қамтамасыз ету – оның өмірлік
мүддесі, өмір сүруінің, тіршілік етуінің басты негізі. Бұл қажет-
тілік оның бүкіл өмірі бойы жалғасады. Сондықтан адамзат ба-
ласы өзінің тіршілігі, өмір сүруі үшін қажетті осы қажеттілікті
өтеуге мүдделі. Үзілмей жалғасқан қажеттілікті өтеу барысында
адам баласының қоршаған ортамен ыңғайласқан кәсіби іс-әреке-
ті, оның түрлері, ол әрекеттерді орындаудың амал-тәсілдері мен
құралдары пайда болады. Осы қажеттілікті өтеуге қолы жеткен
соң, адамзат баласы басқа бір қажеттілікті өтеуге мұқтаждық
сезінеді, оған қол жеткізу жолында жаңа мүдде, жаңа кәсіби іс-
әрекет, оның түрлері, оны орындаудың өзіндік амал-тәсілдері,
құралдары пайда болады, ақыл-ой қуаттары қалыптасып, жеті-
леді. Бұл үдеріс адам өмірінің өн бойында үзілмей жалғасады.
Жас баланың анадан туғанда бірге туатын екінші мінезін
Абай білуге құмарлық ретінде сипаттайды: «Мұның бәрі –
жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген»
[2, 138]. Абай ілімінде жан тәннен артық. Жан туралы ойларын
саралау барысында: «Ақыл мен жан – мен өзім» [2, 265], – десе,
жаннан ақыл мен сезімді даралап шығаратыны да бар: «Малда
да бар жан мен тән, Ақыл, сезім болмаса» [3, 282]. Бұл ойлар
ақын ілімінің құрамдас үш бөлімінің ақыл, жүрек туралы екі
бөлімі аясында тұтасқан қағидалар жүйесімен тұтасады.
Негізінде адам баласының болмысында туа біткен мінез-
дердің мәнісін аша отырып, Абай терең ойдың түбіне бойлап,
ерінбей ізденіп, ерен тұжырымдар жасады. Адам баласы анадан
туғанда онымен бірге туатын екі мінездің біріншісі малда да бар
болса, екіншісі – адамға ғана тән мінез. Адамның адамдық, кісі-
лік қасиеттері осы мінезден өнеді.
Абай өз ілімінің жүйесінде жан мен тәннің малда да барын,
адамның адамдығы жанның амандығы мен тәннің саулығында
82
ғана еместігі туралы іргелі ойлардың жүйесін қалыптастырды.
Тәннің саулығы, жанның амандығы туралы ұғымдардың семан-
тикасын жаңа мағыналық реңктермен байытты.
Абай халықтың даналық сөздеріне сүйеніп, осы құндылық-
тардың тереңдегі мәнін өз танымы тұрғысынан анықтады.
«Өнер алды – бірлік, ырыс алды – тірлік» – халықтың да-
налық ойларының асыл бір үлгісі. Абай халық «өнер алды»
деп білген бірлік туралы, «ырыс алды» деп білген тірлік ту-
ралы өз замандастарының түсініктерін саралайды. Бірлік,
тірлік – халық ұғымындағы басты құндылықтар. Бұлардың
маңызы мен мәні ешуақытта құнсызданбайды, бірақ олар ту-
ралы адамдардың түсініктері дұрыс немесе бұрыс болуы
мүмкін. Мемлекеттің басқару жүйесінде, қоғамдық қарым-қа-
тынаста бірлік пен тірліктің өзегі талып, өңі жұқарған жайы
тарихтың қилы кезеңдерінде болған. Елдің басында егеменді-
гі, ердің басында еркіндігі, мемлекеттің басында тәуелсіздігі
болмаған замандарда әр нәрсені оның тұрмыстық пайдасына,
ішіп-жемек, ұстамақ, естімек, көрмек, ұйқтамақ құмарын қан-
дыру тілегіне қарай бағалау орын алды, рухани құндылықтар
қатарындағы тірліктен де, бірліктен де береке кеткендей күй
қалыптасты.
Абай айтады: «Қазақ ойлайды: бірлік ат ортақ, ас ортақ, киім
ортақ, дәулет ортақ болса екен дейді» [2, 137]. Біреу ерінбей ең-
бек етіп, мал тауып, ат мінді, ас-судан тарықпайтын болды, киім
киді, дәулетті болды. «Ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет
ортақ болса екен», – деген бұл емес. Аттың ортақ, астың ортақ,
дәулеттің ортақ болуын тілеуші – еңбек етпейтін, өнер іздемей-
тін, еңбекпен ішерге ас, мінерге ат табуға қайрат қыла алмайтын
еріншек. Абайдың сын айтып, мін тағатыны – осының түсінігі.
Ақынның: «Олай болғанда байлықтан не пайда, кедейліктен не
залал?» – деуінің себебі осында.
«Бірлік – ақылға бірлік, малға бірлік емес» [2, 137], – деген
құнды қағидасын ақын жеке адамдардың, замандастарының тұр-
мыс-тіршілігіндегі, түсінігіндегі келеңсіз жайларды саралап, са-
раптау нәтижесінде негіздеді. «Малда да бар жан мен тән», – дей
отырып, адамның малдан өзгешелігін оның ақылы мен сезімі бо-
луымен байланысты анықтады [3, 282].
83
Адамзат әр нәрсенінің құндылығын бағалағанда, оның
өзіне тиетін пайдасы мен зиянын шамалайды. Пайдалы болса,
пайдасына жаратуға, зиянды болса, оған жоламауға тырысады.
Нақты, затты нәрселердің қандай құндылығы, қандай пайдасы
барын бес сезім мүшелері арқылы нақты сезіп-білу бір басқа.
Ал қоғамдық қарым-қатынас аясында, санадағы ұғым, қағида
деңгейінде қалыптасқан құндылықтардың пайдасын білу және
оны іс жүзінде қолдану – инемен құдық қазғандай қиын, күрделі
процесс.
Жеке адамдардың тұрмыстық, физиологиялық қажеттілігі,
мұқтаждығы түрлі-түрлі. Соған орай олардың құндылықтар
әлемінің құрамдастары да түрліше, көбіне шектеулі, ұсақ-түйек,
бір сәттік, баянсыз. Оның себебі оның әлеуметтік ортасының,
өзінің өмірлік мақсаттары мен мүдделерінің сипатында. Адам-
ның кәсіп үйренуіне, ерінбей еңбек етуіне, адал еңбекпен күн
көруіне қажетті жағдай жасалған қоғамда аш-жалаңаштар то-
бырының пайда болуына, олардың қаңғырып қайыр сұрауына
негіз қалмайды. Қарны аш адам ақылға бірлік қылуға дәрменсіз,
ол «ел қыдырып, ас ішіп» [3, 81], нақты бір сәтте қалайда бір
тойғанын, ашқан қарнын жұбатуды, түйсіктің дегенінен шыға
алмай, тәннің тілегін орындауды пайда көруге мәжбүр. Мұндай
күйде ол қоғамдық, рухани, кісілік, этикалық, эстетикалық құн-
дылықтардың мәні мен мәнісін, пайдасын ойлай алмайды.
Аш адам үшін ел қыдырып жүріп бір тойғаны – шала байы-
ғанмен бірдей құндылық. Ал күнделікті адал еңбегімен, ерінбей
іздеп тапқан өнерімен, кәсібімен күн көріп жүрген адам үшін ел
қыдырып қарын тойғызу ешқандай да қажеттілік, құндылық
емес. Бұл жерде құндылық болуы мүмкін пайдалы нәрсенің си-
паты және оны құндылық ретінде танушы жеке тұлға дарала-
нып шығады. Белгілі бір нәрсе біреу үшін басты құндылық, пай-
да болса, екінші біреу үшін ешқандай да құндылық емес, пайда
да емес. Сараланған жайдан мынадай өзара сабақтас бірліктер
дараланып шығады: а) бағалау пәні болатын құндылық мәні бар
нысан; ә) құндылық мәні бар нысанды бағалаушы; б) құндылық
мәні бар нысанға қол жеткізудің жолы, амалы мен құралы; Бұ-
лардың өзара қатынасы да белгілі бір жүйеде бағаланады: а) құн-
дылық; ә) құндылықты білу мен түсіну; б) құндылықты бағалау.
84
Ел қыдырып ас ішіп қарын тойдыру өз алдына өзгеше құн-
дылық емес. Егер кісі ел қыдырып ас ішіп қарын тойдыруға
мұқтаж болатын күйден босанып, ондай күйге түсіп қалудан
сақтанып, өзін одан еркін сезінетін жағдайға жететін болса,
онда ол үшін ел қыдырып ас ішіп қарын тойдыру мақсат болу-
дан да, құндылық болудан да қалады. Ел қыдырып ас ішіп, қа-
рын тойдыруда да, оған ұмтылуда да, соған мұқтаж болуда да
ешқандай құндылық болмақ емес. Мұндай мақсаттан, мұндай
құндылыққа мұқтаждықтан өзінің еңбегімен, іс-әрекетімен азат,
еркін болу – ақылы бар жандар үшін ортақ тілек. И. Кант осын-
дай ой айта отырып: «Біз өзіміздің іс-әрекеттеріміздің арқасын-
да қол жеткізетін нәрселердің бәрінің де құндылығы шартты»
[4, 269], – дейді. Абай ілімінің жүйесінде тірі адам үшін ел қы-
дырып ас ішіп, қарын тойдыру мақсат емес, ел қыдырып қарын
тойдырып ішкен ас құндылық емес. Бұл ретте қазақ ақынының
ойы И. Канттың пікірлерімен үндесіп жатады. Ақын ойын аша
түсіп: «Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп адам саумақ – өнерсіз
иттің ісі» [2, 135], – дейді. Кісінің мәдени-әлеуметтік өмір тәжі-
рибесінен сабақ алмай, өз іс-әрекеті, еңбегі арқылы тойдыратын
қарынды ел қыдырып, көз сүзіп, тіленіп адам саумақ арқылы
тойдыруы өнерсіз иттің ісі екенін Абай ашынып, жаны ашып,
намыстанып айтуға мәжбүр болды.
Мақалдың екінші сыңарындағы «ырыс алды – тірлік» жа-
йына келгенде, ақын: «Ол қай тірлік? Ол осы жан кеудеден шық-
пағандық па? Жоқ, ондай тірлік итте де бар», – дей келіп, халық
айтқан тірліктің бұдан басқа екенін ескертеді. Кімнің көкірегі,
көңілі тірі болса, халық соны тірі деп атайтынын көрсетеді. «Өзің
тірі болсаң да, көкірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың.
Адал еңбекпен ерінбей жүріп мал табуға жігер қыла алмайсың»
[2, 137-138], – деп тұжырым жасайды.
Көкірегі өлі болу – ауыспалы мағынада қолданылған көр-
кемдік бейнелеу сөз. Егер кісі өзі тірі болғанмен, ақыл табуға сөз
ұға алмаса, еңбекпен ерінбей жүріп мал табуға жігер қыла алма-
са, оның тірімін деуі бекер, «онан да Алла жіберген ақ бұйрықты
өлімнің өзі артық» [2, 138]. Ақыл табуға сөз ұға алатын, еңбек-
пен ерінбей жүріп мал табуға жігер қыла алатын адам ғана тірі
деуге лайықты. Тірі болудың мәнісін Абай осылай пайымдады.
85
Абай халық мақалындағы жұп ұғымды саралап талдау, сараптап
бағалау арқылы бірлік пен тірлікті адам өміріндегі басты рухани
құндылықтар деңгейінде жаңартып, жаңғыртып сипаттады.
Абай ілімінде еңбектің мәні еңбек етудегі мақсатпен са-
бақтас өз заманы үшін ерекше танымдық кеңістікте ашылады:
«Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі бола-
сың. Адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүй-
ген құлының бірі боласың» [2, 183]. Еңбек етіп, тамақ асырау, өзі
үшін еңбек етіп, өзі үшін мал табу адамның өзі үшін пайдалы
екенін жоққа шығаруға болмайды. Ақын шығармашылығында
еңбек етпейтін, ішер тамағының өзін қулықпен тауып немесе ел
қыдырып, өзгенің дастарқанынан ішуді әдет қылған, күнін со-
нымен өткізіп жүрген жандардың бейнесі сомдалған. Ақын олар
туралы: «Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ – өнерсіз
иттің ісі» [2, 135], – дейді.
Егер оның өмірінің мәні өзі үшін еңбек етіп, өзі үшін мал
табу ғана болса, онда мұндай пайдада ешқандай құндылық жоқ.
Себебі өзі үшін еңбек етіп, өзі үшін мал тапқан жан мен өзі үшін
оттаған хайуан әрекетінің арасында ешқандай айырмашылық
болмай қалады. Кісі өзі үшін ғана емес, адамшылықтың қары-
зы үшін еңбек қылатын болса ғана оның аты адам болмақ, оның
өмірінің мәні сонда ғана анықталмақ. Абай іліміндегі өмірлік
құндылықтар концепциясында адамшылық, адамшылықтың
қарызы үшін еңбек қылу өрісінде негізделген қағидалардың ма-
ңызы зор.
«Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ – өнерсіз ит-
тің ісі» [1, 135], – дегенде, Абайдың көз алдында өзінің үлкен-
ді-кішілі замандастары тұрады. Абай мал табудың, тамақ асы-
раудың еңбектен тыс, адал еңбекке қатысы жоқ құралдары мен
жолдарына сын айтады. Қулықпен, ұрлықпен, зорлықпен мал
табу, көз сүзіп тіленумен тамақ асырау адам саумақпен бірдей.
Мұндай жолмен тапқан малды Абай «иттікпен тапқан мал» деп
бағалайды. Адам баласы «иттікпен тапқан малдан иттікпен ай-
рылады» [2, 145] екен.
Абай ілімінің жүйесі ұлттық және жалпыадамзаттық маңы-
зы бар абзал қасиеттерге негізделген. Абай ілімін, оның жүйе-
сіндегі концепцияларды, Абай ілімінің құрамдастары арасын-
86
дағы байланыстар мен қатынастарды пайымдаудың аксиология-
лық арналары Тәуелсіз Қазақстан дамуының жаңа кезеңінде қо-
ғамдық өміріміздің барлық салалары бойынша айрықша мәнді,
өзекті сипат алып отыр.
Абайдың Кісілік кодексінің бірінші қағидасы мынадай: « Құ-
Достарыңызбен бөлісу: |