Халықаралық ТҮркі академиясы әлішер науаи хамса ләйлі – Мәжін



Pdf көрінісі
бет55/77
Дата20.05.2024
өлшемі3 Mb.
#501480
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   77
Әлішер-Науаи.-ХАМСА

Дарқандықтан туатын ізгі ниет сипатының сонша ұлы болатыны
оның жомарттық пен ерліктің құнын асыратыны, адам көңілін гүлдей 
жайнататыны, қандай кінә жасаса да кешірімге барудың ізгілік екені 
жүрегіндегі мейірімнің теңіздей шалқып тұратыны, кінәлі кісі сол теңізге 
түскен бір тал сабан секілді. Оған теңіздің ешбір назар салмайтыны, 
өйткені сабанның бір талы теңізді былғамайды. Ниеті жаман кісіні 
қанша тазаласаң да жанының еркін тыныс ала алмайтыны туралы.
Дана Шах кешірімпаз елге жағар,
Жарқырап бақ жұлдызы өрде жанар.
Жалғанды жомарттықпен баурап алар,
Бас иіп, жақын түгіл жау бағалар.
Тізесін әділ патша батырмайды,
Мадақтап бүкіл халық мақұлдайды.
Ізгілік үстем жерде үлгі жаяр,
Тарайып жүрер жолы сұм мұңаяр.
Күнәһар өзін-өзі құртып тынар,
Өмірін азаппенен тұншықтырар.


375
Кең болса Шахтың алды – кем болмайды,
Қараса кешіріммен ел қолдайды.
Күнәға малтыққанға бер қол ұшын,
Адамдық жолға салу – зор борышың.
Аяй біл айыпкерді, ол да пенде,
Не пайда байлағанмен зор қатерге.
Шапағат нұрын төгіп, жақса үміт,
Ардақтар әулиедей патшаны жұрт.
Қит етсе құрта салу болмас дұрыс,
Сілтесең қиып түсер алмас қылыш.
Қараңдар кең пейілмен айыпкерге,
Жараспас қатігездік байыпты ерге.
Құлақ түр, халайықтың зар-мұңына,
Тағдыры байланысты жарлығыңа.
Ұмытпа сен де соның біреуісің,
Солар ғой арқаңдағы тіренішің.
Қашанда көп ақылы көлдей болар,
Ешқашан сені жауға бермейді олар.
Жазыпты патшалықты тәңір саған,
Жарлығын жүргізеді әмірші адам.
Тәңірі мінгізбесе таққа дайын,
Кім білсін қандай болар бақ-талайың?
Әйтеуір алмағайып тіршілік бұл,
Сол үшін құдайыңа құлшылық қыл.
Халықты қараласаң қан жұтасың,
Алдымен өз басыңды қаңғытасың.
Кестірмей тұрып басын кінәлінің,
Бір ойлан, жоқ па өзіңнің, сірә, мінің.
Жазамен сала алмайсың түзу жолға,
Сабырмен саралай біл, қызу болма.


376
Абайла, бола берме қанға құмар,
Аялда, артыңда ауыр салмағы бар.
Құтқармас қатал тағдыр тозақыны,
Сазайын тартар түбі өзі ақыры.
Зынданға қайсы бірін қамардайсың,
Қырғанмен көптің орнын жаба алмайсың.
Біреудің көзі түнде жоғалады,
Таңертең ақ боп шықса не болады?
Білмесең ажыратып ақ-қарасын,
Онда сен ел алдында масқарасың.
Үйірме жұрт басына жалаң қылыш,
Өмірі ұмытылмас жамандық іс.
Қорланса кектенбесін кісі неге,
Өзіңнің қан қатпай ма ішіңе де?
Бұзасың қолың оған барып қалай,
Сарайды қайта салу болып па оңай?
Ойлашы, сүрінсе де әнтек кейде,
Әз ана баласы үшін зар шекпей ме?
Төрт бөлер түн ұйқысын бөбек десе,
Жүрегін жұлып берер керек десе.
Әлпештер отыз-қырық жыл өтсе де,
Жалықпас жанын азап жүдетсе де.
Ол-дағы шырайнала шарқ ұрады,
Жетсем деп мұратына талпынады.
Албырттық ұрындырмас кімді қайда,
Асықпа қатал үкім, сұмдық ойға.
Кім білсін мәжбүр етті мүскін өмір,
Бұйырмай бүтін шапан үстіне бір.
Нәпсіге ерген шығар бастықпаған,
Ол бәлкім ойлаған жоқ қастық саған.


377
Немесе қол қысқалық, жауыр тұрмыс,
Еріксіз жасатқызды ауыр қылмыс.
Қасқырша аласұрма қойға шапқан,
Жан бар ма жауыздықтан пайда тапқан.
Өлтірсе түз мысығын бір әңгүдік,
Не керек біреуге артып күмән-күдік.
Өлетін зауал шағы тақағанда,
Не шығар бәтшағарды отағанда.
Мәз болма жазалыны жұтқаныңа,
Көз жасын жетімдердің тұт жадыңа.
Мейлі сен, қара қылды жарсаң да қақ,
Өлтірме, зынданда оған жан сауғалат.
Қайтесің басын кесіп, кінәсін кеш,
Жүрегін жаулап оның, бір ақыл қос.
Болмаса саңылаусыз, қаныпезер,
Сәулесін ізгіліктің жаны сезер.
Өлгенше қадіріңді мәңгі ұмытпас,
Атыңа кір келтіріп, шаң жуытпас.
Тосыннан тарта қалсаң уайым-қайғы,
Жолыңа бас тігуден тайынбайды.
Кейбіреу көрмесе де тәуір мейлі,
Аспандап атақ-даңқың дәуірлейді.
Өтеуі қылғаныңның болмаса да,
Өкінбе, өз ісіңді оңға сана.
Ескендір осылайша болды дархан,
Бас иді әлем халқы қалды да аң-таң.
Жайнатып жан сарйын, құйып үміт,
Жақсылар жағаттады үйіріліп.
Жаһанды жайсаңдықпен таң қалдырған,
Жетеді мұратына арман қылған.


378


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет