Республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы «Тəуелсіздік – тұғырым»



Pdf көрінісі
бет23/77
Дата23.05.2024
өлшемі2.87 Mb.
#501729
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   77
Эссе жинағы Тәуелсіздік- тұғырым

Тəуелсіздік – тұғырым 
Қатысушының аты-жөні: Əнуарбекова Шахназ 


«Жаңа Қазақстан» республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы
- 24 - 
Жетекшісінің аты-жөні: Əлихан Гүлмира Əбдіғаниқызы 
 
Қазақстан - тəуелсіз ел. Сол тəуелсіздік жолында қазақ халқы бəрін көріп үлгерді. 
Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Əсіресе ХХ ғасыр қазақ халқы үшін 
ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалады. Тəуелсіздік - ұлттың, тілдің, дəстүрдің, 
салт-сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халқымыздың бақ жұлдызы. Тəуелсіздік 
- əр ел үшін арман. Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ 
халқы жетті!
Бүгінгі Қазақстан - тек өз еліміздегі мəселелерді ғана емес, сонымен қатар
бүкілəлемдік мəселелерді шешуге жəне талқылауда ықпалды рөл атқаратын ел болды. 
Қазақ еліне Тəуелсіздік аспаннан түскен үлкен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, 
Тəуелсіздікке зорығып жетті. Қазіргі таңда Тəуелсіздік күні - барлығымыз үшін ерекше 
қасиетті, асыға күтетін күндердің бірі. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. 
Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен, сан түрлі ұлттардан құралған 
халқымен ерекше екенін ұмытпаған абзал. Тəуелсіздік үшін күрес жайлы айтар болсақ, ең 
ауқымдысы, тарихта өзіндік ерекше жолын қалдырған "Желтоқсан оқиғасы". Қазақтың 
батыр қыздары мен ержүрек жігіттері жас ерекшеліктеріне қарамастан көтеріліске шыққан. 
Осындай елі, жері үшін бəріне даяр болған аға, апаларымыздың жанкештілігінің арқасында 
тəуелсіздік туы биік желбіреуде десем артық емес. 
Біз, жастар, тəуелсіз Қазақстанның болашағымыз. Ата-бабаларымыздың армандап, 
күш-жігерін салған тəуелсіздіктің бесігінде тербеліп, осындай қуанышта өмір сүріп жатқан 
біз - бақытты жандармыз. Ендігі жерде осы еркіндікті бағалап, баянды ету - біздің 
басты парызымыз! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет