«Жаңа Қазақстан» республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы
- 5 -
Тəуелсіздік - тұғырым
Қатысушы: Тілеуғабылова Нұрай Айдарқызы
Жетекшісі: Қариева Толқын Ержəнібекқызы
Тəуелсіздік - ұлы бақыт! Бұл сөздің растығын дəлелдеу үшін
өз тарихымыз бен өзге
езгідегі тəуелді елдердің тарихына қарасақ жеткілікті. Тəуелсіз, егемен, бақытты елдің
жастарының
рухы биік, əлемдік жарыстарда миллиондардың арасынан топ жарып шыға
алатын батыл, өз елінің
билігі қолдаған соң еркін ойлы, жеңімпаз ұрпақ болады. Осы
бақытты күнге жету үшін, еліміздің басынан не өтпеді?
Бұл Тəуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Ол – бабалардың қанының боздақтардың
қыршынынан қиылған жанының өтеуі. Найзаның ұшымен, білектің күшімен бізге, яғни
жас ұрпаққа «Тəуелсіздік» атты тəтті ұғымды тарту етті. Біз егеменді еліміздің ертеңі жас
ұрпақтар қазіргі таңда
өзге елдермен терезесі тең, бірлігіміз мығым, ынтымағымыз
жарасқан азат елдің ұрпағымыз.
Соңғы отыз жылда ел еңсесі көтеріліп, азат, еркін ойлы білімді жастар мен дарынды
кəсіпкерлер, талантты өнер саңлақтары мен спорт шеберлері елімізді дүние жүзіне
танытуда. Əлемнің үздік оқу орындарында оқыған аға-əпкелеріміз, қазақ жастарының оқу-
білімде дамыған мемлекеттің жастарынан əлдеқайда мықты екендігін жиі айтып жүр. Бұл
салыстырулар əлбетте бізді ерекше шабыттандырады.
Қазіргі оқушылардың басым көпшілігінің арманы шет елде білім алу болғандықтан,
біздің ел де жақын жылдары дамыған елдердің қатарына қосылып ғылым мен өнерде, сауда
мен өнеркəсіпте жетістікке жеткен, алпауыт елге айналады деп сенемін!
Қорыта
айтқанда, біз – бақытты ұрпақпыз. Қазақстанның болашағымыз. Ендігі
мақсат, осы тəуелсіздікті баянды ету – біздің басты парызымыз. Тəуелсіздігіміз мəңгі
болғай!
Достарыңызбен бөлісу: